Загрузил amangalifutbol

Триада счастья педиатрия рк

реклама
«Педиатрияның өзекті сұрақтары»
1. 15 жастағы ер бала, 5 жыл бойы созылмалы гастродуоденитпен ауырады. Асқынуы жылына
2-3 рет байқалады, диета сақтамайды, емді толық алмайды. Тері жамылғысы таза, боз.
Өкпесінде везикулярлы тыныс, ТЖ 20 рет мин. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ 78 рет
мин. АҚҚ 110/68. Тілі «жылтыр», кейде күйдіру сезімі байқалады. Іші жұмсақ, пальпацияда
эпигастрий аймағында ауырсыну байқалады, бауыры мен талағы ұлғаймаған. ЖҚА ЭТЖ-10
мм/сағ, Нв-70г/л, т.к -1,2, эр-3,2*1012/л, лейк-7,7*109/л, т/я-0, с/я-51%, эозин-2%, лимф- 38%,
моноцит-9%. Осы клиникалық сипаттамаға созылмалы гастриттің сәйкес эндоскопиялық
көрінісін көрсетіңіз
Атрофиялық
2. Бес жасар қыз бала стационарға тобық, білезік және тізе буындарының ауырсынуы мен
ісінуіне, қызба, аллергиялық бөртпенің пайда болуына шағымданып түсті. Анамнезінен
белгілі болды: шала туылған, ерте жасында экссудативті диатезбен ауырған, алдын-ала
егулерге айқын реакциялар байқалған. Осы ауруы жарақат алғаннан және сіріспеге қарсы
сары су енгізгеннен кейін пайда болып, ЮРА деп бағаланған. Төменде көрсетілген анамнез
мәліметтерінің ішінен ЮРА бейімдеуші түрткілері болуы мүмкін мәліметті көрсет:
Алдын ала егулерге реакция
3. Мамандандырылған бөлімшеге 10 жасар қыз бала екі тізе буыны және сол жақ тобық
буындарындағы ауырғандық пен қимылының шектелуіне, дизуриялық көріністерге шағымданып
түсті. Қарағанда- микрополиадения, жүрек ұшында және 5-ші нүктеде аз интенсивті систолалық шу,
созылмалы тонзиллиті бар. Анамнезінен балада тағамдық аллергия барлығы белгілі. ЖРА- мен жиі
ауырады. Анасы ревмокардитпен ауырған. ЖҚА- де аздаған лейкоцитоз, ЭТЖ- 52 мм/сағ, зәр
тексермесінде- бірен- саран лейкоциттер, кей жерлерде кілегейде 29 дейін жиналған. Қан
тексермесінде АСЛО- 625 Б, СРБ ++. Осы жағдайда дұрыс деп есептеген диагнозыңызды көрсетіңіз.
Реактивті артрит
4. Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы көбінесе жедел бронхитке тән:
Дем алу кезінде шашыранды құрғақ және ылғалды сырылдар
5. Жедел лейкоз диагностикасын анықтау негізделген: микросфероциттер
6. Бронхиолит кезіндегі рентгенологиялық зерттеу мәліметтері:
Өкпенің керілуі, бронх- қантамырлық және өкпе суретінің күшеюі. Ателектаз, тез жойылатын
интерстициальды тіннің ісінуі болуы мүмкін
7. Рецидивті бронхиттің диагностикасы үшін ең бастысы не деп ойлайсыз?
Кейінгі бір жылдың ішінде үш немесе оданда көп жедел бронхитпен ауыру
8. Бронхиальды астма және обструктивті бронхитті ажырату диагностикасы кезіндебіріншісіне тән:
Тұншығу белгілері жыл мезгілімен байланысты, аллергиялық анамнезі асқынған
9. 13 жастағы қыз бала оң қабырға астындағы қайталанатын, толғақ тәрізді ауырсынуға
шағымданады. Анасы өт тас ауруымен ауырады. Клиникалық тексеруде жағдайы
қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Іші жұмсақ, пальпацияда өт қабы
аймағында аздап ауырсыну байқалады, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Дәрігер іш қуысы
органдары УДЗ-н тағайындады. УДЗ нәтижесіне сәйкес балада байқалатын өт тас ауруы критерийін
анықтаңыз:
10. Аутоиммунды гемолитикалық анемияға тән емес лабораториялық көрсеткіш:
Өзіндік зақымдалмаған эритроциттерге антиген түзілуі
11. Аутоиммунды гемолитикалық анемия клиникасы мыналардан тұрады: гипербилирубинемия
12. Пневмоцисттік пневмонияны емдеу мақсатында төмендегілердің қайсысын қолданған дұрыс:
Триметоприм сульфаметоксазол ко-тримоксазол
13. Созылмалы бронхоөкпелік процесспен ауыратын балада осыдан бір апта бұрын температурасы
38ºС көтерілген, кілегейлі- іріңді қақырықтың бөлінуі күшейген. Оң жақ өкпенің төменгі артқы
бөлігінде ылғалды әртүрлі калибрлі сырылдар естіледі. Қан талдауында ЭТЖ жоғарылаған,
нейтрофильді лейкоцитоз. Бронхоскопияда оң жақты диффузды іріңді эндобронхит анықталған.
Төмендегілердің қайсысы өршу белгісіне жатпайды?
Өкпедегі тұрақты ылғалды сырылдар
14. Созылмалы пневмонияның негізгі патогмоникалық белгілері болып табылады: пневмосклероз,
бронхтар деформациясы
15. 3 жасар бала, диагнозы: Стафилококкты этиологиядағы деструктивті пневмония. Тиімді
антибиотиктердің комбинациясы? Кефзол+сумамед
16. Бала 3 жаста, алғаш рет 3 айлығында бөлімшеге мұрыны қанап түскен, оқтын-оқтын денесіне
петехиалды бөртпелер шығады. Ең алдымен қандай зерттеу әдістерін тағайындау қажет?
17. Саңырауқұлақтар негізді пневмония жайлы төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес?
Серологиялық тәсіл мәнді
18. Қыз бала, 15 жаста, майлы тағам қабылдағаннан кейін байқалатын оң қабырға астындағы сыздап
ауырсынуға шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, қалыпты
түсті. Іші жұмсақ, пальпацияда өт қабы аймағында аздап ауырсыну байқалады, бауыры мен талағы
ұлғаймаған. Дәрігер сынамалық таңғы астан кейінгі УДЗ-н тағайындады.УДЗ нәтижесіне сәйкес
тюбаж тағайындау көрсеткіштерін анықтаңыз:
19. Созылмалы пневмониясы бар балаларды қашан Д есептен шығарады: шығармайды
20. Жүре пайда болған гемолитикалық анемияның лабораториялық көрінісі: ретикулоцитопения
21. Гепатит пен жүре пайда болған гемолитикалық анемиямен соңғысының үлесіне дифференцильді
диагностика: ашық түсті нәжіс
22. 8 жасар бала ЖРВИ-мен ауырып, аспирин ішкеннен соң 2-3 күннен соң сарғаю, әлсіздік
басталған, зәрі мен нәжісі қошқыл. Тексергенде бауыры + 2,0 см, ал көк бауыры +2,0 см, терісі мен
шырыш қабаттары сарғыш. ЖҚА: Нв – 70 г/л, эр. – 2,3 млн, т/к – 0,8, ретикулоциттер - 390,
тромбоциттер – 230 мың, лейкоциттер – 7,5 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ, билирубин – 77 мкмоль/л
(тікелей – 8,6 мкмоль/л). Сіздің диагнозыңыз:
23. 3 жасар бала екі ай бойы ауырады. Клиникалық көрінісінде интермитті қызба, терісінде басым
буындардың үстінде анулярлы бөртпе, лимаденопатия, миоперикардит белгілері, бауыр мен
талақтың ұлғаюы, тізе және білезік буындарының ауыруы мен қимылының шектелуі бар. ЖҚА-де
лейкоцитоз18*10/9 л, т/я лейкоциттердің 15% дейін жоғарлауымен солға ығысқан нейтрофилез,
ЭТЖ 65 мм/сағ. Ойлаған диагнозыңызды көрсетіңіз.
24. Ауыр бронхообструкция кезінде балаларда жиі кездесетін асқынулар: ателектаз
25. Аллергиялық бронх демікпесінің лабораториялық көрсеткішіне төмендегілердің қайсысы
жатады? IgE жоғарылауы
26. Бронхиальды астма және обструктивті бронхитті ажырату диагностикасы кезінде біріншісіне
тән: тұншығу белгілері жыл мезгіліне байланысты,аллергиялық анамнезі асқынған
27. БД инфекциялық–аллергиялық түріндегі аллергиялық реакция типі: ІV-тип баяу
28. 1 - ші дәрежелі тыныс жетіспеушілікке тән белгілер, біреуінен басқа: респираторлы және
метаболикалық ацидозы
29. Балалардағы “аспириндік триада” ұғымы төмендегілердің барлығын қамтиды, мынадан басқа:
Аллергиялық конъюктивит
30. Жүре пайда болған гемолитикалық анемия кезіндегі интоксикация симптомын басу үшін
бағытталған емдік препараттар мыналардан тұрады, біреунен басқасы:
Фенобарбитал
31. Науқас Р, 15 жаста, шаршағыштыққа, әлсіздікке, оң қабырға астындағы тұрақты сипатты,
қайталанатын сыздап, қысып білінетін ауырсынуға шағымданады. Ауырсынуды майлы, қуырылған
тамақ жеумен байланыстырады. Клиникалық тексеруде жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері
жамылғысы таза, қалыпты түсті. Іші жұмсақ, пальпацияда өт қабы аймағында ауырсыну байқалады,
бауыры мен талағы ұлғаймаған. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз:
32. Қыз бала 15 жаста, эпигастрий аймағының ауруына, “кофе қоюы” тәрізді құсуға шағымданады.
Жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы таза, бозғылт Өкпеде везикулярлы тыныс, ТЖ
20р/мин. Жүрек тондары жиілеген, ырғақты, айқын. ЖСЖ 98 р/мин. АҚҚ 90/55. Іші жұмсақ,
эпигастрийде кенеттен ауырсыну. Нәжісі болмаған. Зәр шығаруы еркін. Анамнезінде бала 12
жасынан асқазан жарасымен ауырады. Қандай зерттеу әдісі нақты ақпаратты екенін анықтаңыз:
Гастродуоденоскопия
33. Қыз бала 12 жаста, жиі ауамен немесе жеген тағаммен кекіруге шағымданады. Жағдайы
қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсте. Өкпеде везикулярлы тыныс, тж 21 р/мин.
Жүрек тондары айқын, ырғақты. ЖСЖ 88 р/мин. АҚҚ 110/70. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры
мен талағы ұлғаймаған, пальпацияда ауырсынусыз. Нәжісі қалыпты, зәр шығаруы еркін. Қай
зерттеу әдісі нақты ақпаратты екенін көрсетіңіз?
Өңеш ішілік рН метрия
34. Ер бала 14 жаста, 4 жыл бойы созылмалы гастритпен ауырады. Соңғы 3 айда кеудесінд
еауырсыну, жиі лоқсу, қышқыл кекіру мазалайды. Клиникалық тексеру кезінде жағдайы
қанағаттанарлық. Іші жұмсақ, пальпацияда эпигастрииде ауырсыну, бауыр шегі қабырға доғасының
жиегінде, талақ ұлғаймаған. Диагнозды нақтылауда ең ақпаратты диагностикалық әдісті
тағайындаңыз? Эндоскопиялық
35. Ер бала 12 жаста, 10 жасында он екі елі ішек пиязшығының жара ауруы анықталған. 2 жыл бойы
рецидив болмаған. Генеалогиялық анамнезінд еәкесі жара ауруымен ауыратыны анықталды.
Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыр
шегі қабырға доғасы жиегінде. Талақ ұлғаймаған. Жара ауруының дамуында қарсы агрессивті,
қорғаныш факторын анықтаңыз. Дұрыс жауапты таңдаңыз.
Қорғаушы кілегейлі тосқауыл
36. Қыз бала 11 жаста, 2 жыл бойы созылмалы гастритпен ауырады. Анамнезінде анасымен
ағасында жиі ішінің ауырсынуы байқалады. Жағдайы қанағаттанарлық. Іші жұмсақ, пальпация
кезінде эпигастрии аймағында ауырсыну, бауыр шегі қабырға доғасы жиегінде. Балада аурудың
дамуына әсер еткен этиологиялық факторды анықтаңыз.
Хеликобактерпилори
37. Қыз бала 15 жаста. Жиі тамақтан кейін пайда болатын эпигастридегі ауырсынуға шағымданады.
Тексеру барысында пальпацияда эпигастриде ауырсыну. Клиникалық тексеру кезінде жағдайы
орташа ауырлықта. Іші жұмсақ, пальпацияда эпигастрии және кіндік аймағында ауырсыну, бауыры
мен талағы ұлғаймаған. ФГДС асқазан мен он екі елі ішек кілегейінің гиперемиясы. Биопсиялық
тест Нв++. Бұрын қаралмаған және емделмеген. Науқасқа қажетті ем тағайындаңыз:
ППИ монотерапия
38. Қыз бала 14 жаста, 12-елі ішектің жара ауруымен ауырады, “кофе қоюы” тәрізді құсуға, іштегі
ауырсынуға, қышқыл кекіруге шағымданып түсті. Қарау кезінде жағдайы ауыр. Тері жамылғысы
таза, бозғылт. Өкпеде везикулярлы тыныс, ТЖ 20р/мин. Жүрек тондары жиілеген, ырғақты, айқын.
ЖСЖ 110р/мин. АҚҚ 80/50. Іші жұмсақ, эпигастрийде күрт ауырсынады. Нәжісі болмаған. Зәр
шығаруы еркін. Мүмкін асқынуды анықтаңыз:
Қан кету
39. 14 жастағы ер бала 12 елі ішектің хеликобактер этиологиялы жара аурумен эрадикациялық
терапияның 2- курсын/квадротерапия/қабылдады. Қай уақытта эрадикация бақылауын жүргізуге
болатындығын белгілеңіз: 4 аптадан кейін
40. Темірдің транспортты фоны мына көрсеткіштерден басқаларымен сипатталады:
Трансферинның қанығу коэффиценті
41. Қандай лабороторлы көрсеткіш арқылы микро-,нормо-және макроцитарлы анемияны анықтауға
болады гемоглобин және гематокрит мөлшеріне
42. Ауылдық жердегі 5 жастағы ер баланы тексеру барсында іш қуысының мүшесінің УДЗ-де
бауырда 3,5х2 см көлемді дөңгелек,сұйықтықты түзіліс анықтаған, ЖҚА: ЭТЖ – 10 мм/сағ; НВ –
100 г/л; ТК. – 0,9; эрит – 3,2х1012/л; лейкоцит – 7,7х109/л; т/я - 0%, с/я – 43%, эозинофил – 20%,
лимфоцит – 38%; моноцит – 9%. Алғашқы диагноз қойыңыз:
Бауыр ісігі
43. Ер баланы дені сау фонында 2 апта бойы әлсін-әлсін ентігу мазалайды. Жағдайы ауыр, өкпеде
пуэрильді дыбыс фонында басым сол жақта төменгі бөлігінде дыбыстың әлсіреуі анықталады, осы
жерде ішек пристальтикасы естіледі. ТЖ минутына 60 рет. Жүректің салыстырмалы шегі оңға
ығысқан. Жүрек тондары анық, ырғақты. ЖСС мин 158 соққы. Осы балаға басым ақпарат беретін
тексеру әдісін тағайындаңыз:
Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы
44. Қыз бала 16 жаста, 1 жылдан бері аш қарында ауырсыну, қыжыл, қышқылды кекіру мазалайды.
Соңғы айда ауырғандық күшейіп, ұзаққа созылады және түнгі мезгілде ауырсыну пайда болды.
Жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, әдеттегідей түсті. Тілі қалың ақ
жамылғымен қапталған. Іші жұмсақ, эпигастрия аймағында аздап ауырсынады. Бауыры мен талағы
ұлғаймаған. Балаға негізгі тексеру әдісін тағайындаңыз:
ФГДС
45. 11 жастағы қыз бала, жиі жөтел, қыжылдау, қышқылды кекіру, іш қатуға бейімділікке
шағымданады. Бір жыл шамасында ауырады. Боз, тітіркенгіш, қызыл дермографизм,жоғары
тершеңдік бар. Жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, әдеттегідей түсті. Тілі
түбірге жақын аймағында сары- ақ жамылғымен қапталған, тістің іздері бар. Іші жұмсақ, эпигастрия
аймағында ауырсынады. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Мүмкін диагнозды анықтап, дәлелдеңіз:
ГЭРА
46. Ер бала 16 жаста, 4 жылдан бері бейарнамалы жаралы колитпен есепте тұр. Соңғы 2 жылда
диетаны сақтамайды, емін ретті қабылдамайды. Үш ай бойы оң қабырға асты және кіндік айналасы
аймағында ауырғандық мазалайды, әлсін-әлсін терісінде сарғаю байқалады. Балада бейарнамалы
жаралы колиттің ішектен тыс көріністерінің болуы мүмкін жауапты таңдаңыз:
Склерозды холангит
47. Қыз бала 14 жаста. Алғашқы рет бейарнамалы жаралы колит диагнозы анықталған. Дәрігер
жаралы колит кезіндегі белсенділіктің педиатриялық индексін анықтады (PUCAI) -30 балл. Осы
баланы емдеуде препаратты таңдаңыз:
Мезасалозин тобы
48. Қыз бала 15 жаста, төсасты аймағындағы дискомфорт, эпигастрияда тамақ ішкеннен кейінгі
толу және ауырлық сезімі, ерте тойып қалу, іштің кебуі, жүрек айну мазалайды. Толық клиникалық
және лабораториялық тексеру жүргізіліп, балада ешқандай органикалық ауру анықталмады. ҚР
ДСМ 10 шілде 2014 ж №10 диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес осы
жағдайда госпитализацияға көрсеткіштерді анықтаңыз. Дұрыс жауапты таңдаңыз:
3 айдан жоғары ауру ұзақтығы
49. 16 жастағы қыз бала, 13 жасынан функциональды диспепсиясы бар. Жүрек айну, құсу, сұйық
нәжіс, тамақ ішкеннен соң төс асты аймағында ауырлық және толып кету сезімі мазалайды.
Клиникалық, лабораториялы-инструментальды зерттеулер патологиялық ауытқуларды таппады.
Емдеу үшін негізгі препаратты таңдаңыз:
Прокинетик
50. Бала 3 жаста,алғаш рет жиі мұрын қанауға, 3 айдан бастап,денесіндегі периодты экхимозға
шағымданып түсті.Бірінші ретте қандай анализ тиімді:
Жалпы қан анализінде тромбоциттерді анықтау, жалпы зәр анализі, сарысудағы темірді
анықтау үшін биохимиялық қан анализі
51. Науқас А, 14 жас. Бала кезінен периодты мұрны қанайды, терісінде көгерулер бар. жасында
тонзилэктомиядан кейін көп қан кету болды. Сол кездегі тромбоцит мөлшері 109 мың. 13жасынан
бастап мөлшерлі, созылмалы меноррагия.Қан ағу уақыты 5 мин, қанда тромбоцит мөлшері 140 мың
,Виллебранд факторы -85%, с VIII фактора -110%. Сүйек кемігінде мегакариоцит мөлшері
жеткілікті. Перифериялық қан мазогында тромбоцит көлемі 7-8 мкм. Тромбоцит агрегациясы АДФ
және коллагенмен – қалыпты, ристоцетинмен – 0 ге тең. Алғашқы диагноз:
Шенлайн-геноха ауруы
52. Бала 8 айлық, Физикалық дамудың кеш қалуына шағымданады, физикалық жүктеме кезінде
ентігу және периоралды көгеру пайда болды. Анамнезінде: 1,5 айлығынан бастап дене массасын
дұрыс қоспау, ему кезінде тез шаршайды. Объективті: шеткі цианоз, «барабан саусақтар» және
«сағат әйнегі» симптомы. Жүрек шекаралары кеңеймеген. Жүрек тондары қатты, ЖСЖ-137 рет
минутына. Төстің сол жақ шетінде дөрекі систолалық шу естіледі. ІІ тон сол жақ ІІ қабырға
аралығында әлсіреген. Өкпесінде пуэрильді тыныс, сырыл жоқ. ТЖ-40 рет минутына. Бауыр және
талағы ұлғаймаған. Алғашқы диагноз?
Фалло тетрада
53. Науқас 15 жаста. Бас ауруына, бас айналуға, жүрек тұсының ауырсынуына, жүргенде тез
шаршауға шағымданады. Бұл белгілер бала кезінен байқалады. Қарауда: дене дамуы
пропорционалды емес (жоғарғы кеуде жағы төменгі шеткі мүшелерге қарағанда жақсы дамыған).
Аяқ басындағы пульс әлсіз, толымдылығы аз. II қабырға аралықта сол жақта және Боткин
нүктесінде систолалық шу, ұйқы артериясы және бұғана асты артериясында, қабырға
аралықтарында пульсация күшейген. Қолдағы АҚҚ 170/100мм.рт.ст, аяқтағы АҚҚ 90/60мм.рт.ст.
АГ себебі неде? Аорта коарктациясы
54. Туа пайда болған жүрек ақауына күдікті науқаста II, III қабырға аралықта систолалық діріл
пальпацияланады. ІІ тон өкпе артериясында әлсіреген; төстің сол жақ қырында ІІ қабырға аралықта
максималды систолалық шу естіледі. ЭКГ-да: оң жақ қарынша гипертрофиясы белгілері.
Рентгенологиялық зерттеуде: оң жақ қарыншаның айқын ұлғаюы, өкпе артериясы доғасының ісінуі,
өкпе суреті төмендеген. Мүмкін болатын ақау:
ӨАС
55. Қандай ақау үлкен қан айналым жетіспеушілігімен жүреді? Аорта коарктациясы
56. Органикалық және функционалды шуды саралау диагностикасы, біріншісіне тән:
Жүктеме кезінде аз өзгереді, жиі күшейеді
57. 5 жастағы ұл балада шаршағыштық, физикалық дамудың артта қалуы. Анамнезінде жиі
респираторлы инфекция. Клиникалық көрінісінде жүрек шекарасының кеңеюі, тахикакрдия,
кеуденің сол жақ шетінде систолалық шу. Экг-да сол қарыншаның жүктемесі, рентгенограммадакіші шеңбердің гиперволемиясы, сол жақ өарынша үлкеюі. Қандай туа пайда болған жүрек
ақауымен саралау диагностикасын жүргізуге болады. Барлық дұрыс жауапты белгілеңіз:
Қарыншааралық перденің ақауы
58. Бала 11 жаста, әлсіздікке, басы айналуына, физикалық жүктемеден кейінгі жүрек соғуына
шағымданады. Қарау кезінде диффузды цианоз, саусақтары «барабан таяқшалары» тәрізді,
тырнақтары «сағат әйнегі тәрізді». Жүрек шектері оңға ығысқан. Аускультацияда сол жақ ІІ кеуде
қабырғасынан дөрекі систолалық шу естіледі. Жүрек ақауын көрсетіңіз?
Фалло тетрадасы
59. Митральды стенозға тән емес систолалық шу
60. Гомеостаз тромбоцит звеносының бұзылуына тән емес белгі: қайталамалы мұрыннан қан
кету
61. Минковского-Шоффар ауруына тән емес лабораториялық өзгерістер: анемия
62. Балада бөртпе элементтерінің инфицирленуімен асқынған желшешекпен ауырған соң,
инфекциялық эндокардит дамығаны байқалған. Инфекциялық эндокардитке не тән емес?
Аурудың алғашқы 2-3 аптасында вегетация пайда болуы
63. Тыныш күйде жүрек жетіспеушілігі белгілерінің болмауы және физикалық жүктемеден соң
тахикардия, ентікпенің пайда болуы жүрек жетіспеушілігінің қандай дәрежесіне тән?
1 дәрежесіне
64. 3 жасар бала ЖРВИ диагнозымен ауруханаға жатқызылды. 3 күні ентікпе, жалпы әлсіздік, жіп
тәрізді пульс, жиі жөтелу көбікті қақырықпен пайда болды. Аускультацияда: 2 жақта өкпенің
төменгі бөлімдерінде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия.
Рентгенограммада: өкпенің альвеолярлы ісігі, ошақты көлеңкелер жоқ. Эхо-КГ-да: сол жақ
қарыншаның айдаушы қызметі төмендеген. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?
Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік
65. Бала 10 жаста, 3 апта бұрын ЖРВИ- мен ауырған. Объективті: жүрек шектерінің көлденеңінен
кеңеюі, жүрек тондарының тұйықталған, жүрек ұшында жұмсақ систолалық шу, бірен саран
экстрасистолия.Осы ауруда эхокардиограммада қандай өзгерістер болуы мүмкін, дұрыс жауабын
белгіле: жүрек қуысының кеңеюі
66. Науқаста 10 күн бойы жүрек аймағында тұйық ауырсыну, ентігу, жүрек тондарының
тұйықталуы, АҚҚ төмендеуі. Төмендегілердің қайсысы диагностикада негізгі болып табылады:
Эхо-КГ
67. Миокардтың метаболикалық бұзылыстарында көрсетілетін тағайындаулар. Барлық дұрыс
жауаптарын белгіле: Витаминдер
68. Бала 3 жаста, респираторлы вирусты инфекция диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Науқаста
3 ші күн ентікпе, әлсіздік, жіп тәрізді пульс, көбікті қақырық бөлінетін жиі жөтел. Аускультация
кезінде екі жақта өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды ұсақ көпіршікті сырыл естіледі. Жүрек
тондары тынықталған, тахикардия. Рентгенограммада: өкпеде альвеоларлық ісік, ошақты қараю
жоқ. ЭхоКГ: сол жақ қарыншаның насосты функциясы төмен. Қандай асқыну туралы ойлайсыз?
Жедел сол қарыншалық жүрек жетіпеушілігі
69. Бала 12 жаста. Күш түскен кезде ентігу, жүрек аймағындағы ауру, әлсіздік. ЖРВИ ауырғаннан
кейін 1 аптадан соң ауырған. Қараған кезде: қуқыл тартқан. Жүрек шекарасы кеңіген. Тоны
тұйықталған, тахикардия, экстрасистола. Экг-да экстрасистола, тісшесі төмен, қандай ем
қолданылады. Вирусқа қарсы дәрілер, антиоксиданттар
70. Минковского-Шоффар анемиясы клиникасына тән емес белгі: физикалық дамудың қалыс
қалуы
71. Қыз бала 8 жас. Диагноз: Минковского-Шоффар гемолитикалық анемиясы. Соңғы 2 жылда
криздер жылына 4-5 ретке дейін жиіледі. Басынан өткізген ЖРВИ ден кейін жағдайы нашарлаған:
субфебрилитет, әлсіздік, айқын бозару, геморрагиялық бөртпе пайда болды. Талақтың ұлғаюы.
Қан анализінде - гемоглобин 70 г/л; тромбоциты- 25х109/л; лейкоциты - 1,2х109/л.Баланы жүргізу
тактикасы:
Кортикостероидты терапия
72. ЮРА және ревматизм салыстыру кезінде, соңғысына тән негізгі белгі:
Буын синдромының тұрақсыздығы
73. 11 жасар қыз балада скарлатинамен ауырғаннан кейін ревматизм дамыды. Эндомиокардит
белгілерімен қатар буындарында өзгерістер анықталып, ревматикалық полиартрит деп бағаланды.
Буындық синдромның бұл түріне тән белгі:
Ұшпалы буын синдромы
74. Кешенді тексеру нәтижелері 7 жасар ер балада ревматизм 1, белсенділік 3 дәрежесі,
эндомиокардит, жедел ағымын анықтады. Бұл жағдайда балаға тиімді емді тағайындаңыз:
Кортикостероидтар
75. 12 жасар қыз баланың анасы, қызының сабағының нашарлауы, тітіркенгіштігі, эмоциональды
тұрақсыз, тез шаршағыштығына шағымданады. Жазуы бұзылып, жүрісі «теңселген», қозғалысы
шашыранды, координациясы нашарлаған. Бала жиі ЖРВИ, баспамен ауырады. Манту реакциясыпапула 7 мм. Көрсетілген өзгерістердің себебі болуы мүмкін:
Ревматизм,кіші хорея
76. 10 жасар қыз, шағымдары – аяғындағы геморрагиялық бөртпелер. Анамнезі – тізе аймағында
симметриялы дақты-папулезді бөртпелер. Буын-тері жүйесінде деформация байқалмайды. Іші
жұмсақ, кіндік тұсы аздап ауырады. Бауыры және көк бауыры үлкеймеген. ЖҚС – Нв – 129г/л,
тромб-361 мың, лейк-60,2 мың. Л/ф: с/я- 72 , лимф - 18, мон- 9, эоз-1, ЭТЖ – 13 мм/сағ.
Сухарев бойынша қанның ұю уақыты – 3-5′. Жалпы зәр сынағы – реакциясы қышқыл, белок 0,132
г/л, тығыздығы – 1012, лейк-40-45 к/а, эритроциттер өте көп. Сіздің диагнозыңыз:
77. Ер бала 11 жаста, скарлатинамен ауырған. Обьективті: боз, әлсіздік, жүрек шектері кеңейген,
жүрек ұшында 1-ші тон әлсіреген, үрлемелі систолалық шу, қолтық астына таралады, тобық
буынының артриті анықталды. Науқаста осы диагноз болуы мүмкін:
Ревматизм
78. Науқас М., 11 жаста. Баспадан кейін буындарында асқыну пайда болған. Ревматизм диагнозы
қойылды. Аурудың жедел сатысында келесі белгілер анықталады: айқын тершендік, айқын және
ұзаққа созылған қызба, айқын ентігу, жүректің соғуы, тондардың тұйықталуы, «шоқырақ» ырғағы
және өкпенің төменгі бөліктерінде ұсақ көпіршікті сырылдар. Осы белгілердің фонында жаңа белгі
– жүрек ұшында систолалық шу пайда болды. Аускультативті белгілердің өзгерісі көрсетеді:
Жүрек ақауының қалыптасуын
79. Иммундық тромбоцитопения кезінде диагностикалық крийтерий болып табылады, біреуінен
басқа:
Ауыз қуысының кілегей қабатының некротикалық өзгерістері
80. Иммунды тромбоцитопения кезінде тромбоциттердің өмір сүру ұзақтығы?
100 күн
Скачать