Загрузил Амина Бейбиткызы

триаж

реклама
Қазақстан Республикасында стационарлық көмек көрсететін
медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде шұғыл
медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан
Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 2-тарау 7-бабы
32-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында стационарлық көмек
көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде шұғыл
медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген
тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне
осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың
орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау вице-министрі А.Гиниятқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
А. Цой
бұйрыққа қосымша
2
Қазақстан Республикасында стационарлық көмек көрсететін
медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде шұғыл
медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан
Республикасында
стационарлық
көмек
көрсететін
медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде шұғыл медициналық
көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық
денсаулығы
және
денсаулық
сақтау
жүйесі
туралы»
Қазақстан
Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 2тарауының 7-бабының 32-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) клиникалық хаттама - пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі
кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және
паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
2) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету
болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
3) триаж-жүйе бойынша медициналық іріктеу - медициналық көмек
көрсетудің кезектілігін анықтай отырып, медициналық ұйымның қабылдау
бөлімшесіне келіп түсетін науқастарды жай- күйінің сипаты мен ауырлығына
байланысты топтарға бөлу;
4) кезек күттірмейтін медициналық көмек (бұдан әрі - ККМК) –
пациенттің өміріне төнген қауіптің анық белгілері болмағанда, кенеттен болған
қатты аурулар, жарақаттар кезіндегі, денсаулық жағдайы күрт нашарлаған,
созылмалы аурулары асқынған кездегі медициналық көмек;
5) Жедел медициналық жәрдем - өмірге қатер төндіретін жіті аурулар мен
жай-күйлер кезінде, сондай-ақ оқиға орнында және (немесе) медициналық
ұйымға бару жолында денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау үшін шұғыл және
кезек күттірмейтін нысандағы медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесі;
6) стационарлық көмек – бұл тәулік бойы медициналық бақылау
жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмекті,
оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді
қолдана отырып ұсыну нысаны;
7) төтенше жағдай – адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе
қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың
тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп
соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің,
қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың
салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай;
8) шұғыл медициналық көмек – уәкілетті орган айқындайтын тізбеге
сәйкес, кенеттен болған жіті аурулар, жарақаттар, денсаулық жағдайының күрт
нашарлауы, созылмалы аурулардың асқынуы кезіндегі денсаулыққа елеулі
зиянды болдырмау немесе өмірге төнген қауіпті жою үшін кезек күттірмейтін
медициналық араласуды қажет ететін медициналық көмек;
3
9) санитариялық автокөлік – кейіннен тиісті медициналық ұйымға
транспланттау үшін пациенттерді, медициналық персоналды, сондай-ақ
ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және тіндерді тасымалдауға арналған
мамандандырылған жерүсті көлік құралы;
10) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттағы бұйымдар және
медициналық техника;
11) медициналық көрсетілетін қызметтер – денсаулық сақтау
субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық,
емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимылдары;
12) консилиум – кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу
тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;
13) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау
саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
14) қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр – тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымдардың дәрілік
формулярларын әзірлеу және дәрілік заттарды сатып алу тізімдерін
қалыптастыру үшін міндетті негіз болып табылатын, клиникалық қауіпсіздігі
мен тиімділігі дәлелденген дәрілік заттардың, сондай-ақ орфандық (сирек
кездесетін) дәрілік препараттардың тізбесі.
2-тарау. Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымның
қабылдау бөлімшесі қызметінің негізгі бағыттары
3. Шұғыл медициналық көмек «Тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес тегін медициналық
көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде көрсетіледі.
4. Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымның қабылдау
бөлімшесінде (бұдан әрі – қабылдау бөлімшесі) шұғыл медициналық көмек
Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес көрсетіледі.
5. Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға пациентті
жоспарлы емдеуге жатқызу Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес
жүзеге асырылады.
6. Стационардың қабылдау бөлімшесі қызметінің негізгі бағыттары:
1) шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмекті ұйымдастыру
және көрсету;
2) халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетудің ұйымдастырушылық
нысандары мен әдістерін дамыту және жетілдіру, қазіргі заманғы медициналық
технологияларды енгізу, медицина персоналдарының жұмыс сапасын арттыру;
3) халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде медициналық
ұйымдармен сабақтастықты қамтамасыз ету;
4) төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда сектораралық және
ведомствоаралық өзара іс-қимылға қатысу болып табылады.
4
7. Шұғыл медициналық көмек көрсету клиникалық хаттамалар негізінде
жүзеге асырылады.
8. Қабылдау бөлімшесінің мамандары әрбір 2 жыл сайын жедел және
кезек күттірмейтін көмектің халықаралық стандарттары бойынша оқытудан
өтеді: «Базалық реанимация» – Basic Life Support (BLS), ал дәрігерлік персонал:
«Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы» – Advanced Cardiac Life Support
(ACLS), «Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы» –Pediatric
Advanced Life Support (PALS), «Жарақаттар кезінде емдеуге дейінгі кезеңде
медициналық көмек көрсету» – Prehospital Trauma Life Support (PHTLS),
«Жарақат кезіндегі кеңейтілген тіршілікті қамтамасыз ету» - Advanced Trauma
Life Support (ATLS) бойынша қосымша оқытылады.
9. Алғашқы медициналық құжаттама «Денсаулық сақтау саласындағы
есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020
жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес
толтырылады.
10. Қабылдау бөлімшесі осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ең төменгі
тізбегіне сәйкес медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.
11. Медициналық көмектің толық көлемін көрсету үшін қажетті қосымша
ресурстарға қажеттілікті медициналық ұйымның басшысы өтініш беру деңгейін
ай сайынғы талдау негізінде белгілейді.
12. Қабылдау бөлімшелері тізбесін Кодекстің 7-бабының 31)
тармақшасына сәйкес бекітілген Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр
негізінде медициналық ұйымның Формулярлық комиссиясы бекіткен дәрілік
заттармен қамтамасыз етіледі.
3-тарау. Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымның
қабылдау бөлімшесіне қойылатын негізгі талаптар
13. Қабылдау бөлімшесі одан әрі шұғыл медициналық көмек көрсетумен
триаж-жүйе бойынша медициналық іріктеу жүзеге асырылатын стационардың
құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Шұғыл пациенттерді қабылдауға
арналған қабылдау бөлімшесіне кіру жоспарлы емдеуге жатқызуға түсетін
пациенттер үшін кіреберістен бөлек болады.
14. Қабылдау бөлімшесі стационардың негізгі кіреберісінен бөлек,
негізгі жолға жақын және 8 градустан аспайтын еңістігі бар зембілдерге
арналған пандусы бар жедел медициналық жәрдемнің санитариялық
автокөлігінің еркін кіру және шығу мүмкіндігі бар оңай жерде, цокольдық
қабатта немесе жедел медициналық көмек санитариялық көліктерінің тікелей
кіру мүмкіндігі бар қабатта орналасады.
15. Бір аумақта орналасқан бірнеше ғимаратта медициналық қызметтерді
көрсететін медициналық ұйымдар пациентті қабылдау бөлімшесі мен
5
стационардың басқа құрылымдық бөлімшелерінің арасында тасымалдау үшін
жабық жалғау өткелдерімен қамтамасыз етіледі.
16. Пациенттердің жағдайына жағымсыз ауа райы жағдайларының
әсерін болдырмау үшін жедел медициналық көмектің санитариялық автокөлік,
сондай-ақ басқа да көлік құралдары тұрағы мен қабылдау бөлімшесінің
арасында жабық аймақ орнатылады.
17. Стационардың іргелес аумағында және сыртқы көшелерде қабылдау
бөлімшесіне бағытты көрсететін белгілер орнатылады.
18. Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға кірер кезде
ақ негізде қызыл жазулармен жарықтандырылған және түнгі уақытта көрінетін
бағыттаушы белгілер орнатылады.
19. Қабылдау бөліміне кірер кезде «Qabyldaý bólіmshesі», «Қабылдау
бөлімі», «Emergency department» деген жазуы бар, 20 (жиырма) метрден кем
емес қашықтықта оқылатын жарықтандырылатын маңдайша орнатылады..
20. Қабылдау бөліміне кіре берісте арбалар мен сырғытқыларды сақтауға
арналған аймақ болады.
21. Қабылдау бөлімшесінің жағдайы, түсі, еден жабыны және құрылымы
пациенттер үшін жайлылықты және персоналдар үшін эргономикалық және
жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыз етеді.
22. Қабылдау бөлімшесінде триаж-жүйе бойынша медициналық
іріктеуді жүргізуге және пациенттерді тіркеуге арналған алаң болып бөлінеді.
23. Қабылдау бөлімшесінің құрылымында мыналар:
1) тіркеу орны (тіркеу орны - диспетчерлік);
2) пациенттерді байқауға арналған пост;
3) триаж-жүйесі бойынша Медициналық сұрыптау нәтижелерін ескере
отырып, функционалдық сырғытпалары (кереуеттері) бар қарап-тексеру
аймақтары;
4) шұғыл операциялық араласуға арналған операциялық зал;
5) манипуляциялық;
6) келіп түскен сәттен бастап емдеуге жатқызуға көрсетілімдер және
алдын ала диагноз анықталғанға дейін шұғыл медициналық көмек көрсетуге
арналған науқастардың қысқа мерзімді болу палаталары (диагностикалық
палаталар);
7) қарқынды терапия палатасы (лары) (бұдан әрі – ҚТП);
8)
зертханалық,
рентгенологиялық,
ультрадыбыстық
және
эндоскопиялық диагностика жүргізуге арналған аймақтар;
9) амбулаториялық пациенттерді қарап-тексеру аймақтары;
10) жұқпалы ауруға күдігі бар адамдарға арналған изолятор
ұйымдастырылады.
24. Триаж-жүйе бойынша іріктеу аймағы мобильдік функционалдық
сырғытқылармен, арбалармен жабдықталады.
25. Науқастар қысқа уақыт болатын аймақтар (диагностикалық палаталар)
функционалдық төсектермен (сырғытқылар) жарақтандырылған жеке
бөлмелермен анықталады, жеке бөлмелерді бөлу мүмкін болмаған жағдайда
төсектер (сырғытқылар) бір-бірінен төсекаралық перделермен бөлінеді.
6
Төсектердің (каталкалардың) жанында мобильдік диагностикалық жабдық
орналасқан.
26. Талдауларға арналған биоматериалдар пациенттің тұрған жерінде
сары және қызыл аймақтарда алынады және персоналдың алып жүруімен тиісті
бөлімшелерге жіберіледі.
27. Қабылдау бөлімшесінде пациенттердің және олардың жақындарының
биоматериалдарын жеткізуге жол берілмейді.
28. Қабылдау бөлімшесінде зертханалық тексеру әдістеріне арналған
мобильді, жылжымалы, портативті аппараттар,
ықшам автоматты
гематологиялық анализаторлар, палатадағы пациенттің жанында жедел
диагностика жүргізу үшін автоматты зәр анализаторлары пайдаланылады.
29. ҚТП қарқынды терапия жүргізуге арналған дәрілік заттармен және
медициналық жабдықтармен жарақтандырылады.
30. Шұғыл операциялық араласуға арналған операциялық зал шұғыл
операцияларды жүргізуге арналған дәрілік заттармен және медициналық
жабдықтармен жарақтандырылады.
31. Операциялық залдарға және ҚТП кіру тек медицина персоналдарына
ғана ашылатын есіктерді орнатумен бұғатталады. Шұғыл пациенттердің
жарақаттануын азайту мақсатында тыныс алу медициналық жабдығы, сондайақ стационардың қабылдау бөлімшесі пациентінің жай-күйін мониторингілеуге
арналған жабдық жедел медициналық көмек қызметінің санитариялық көлігінің
жабдықтарымен бірдей болуы тиіс.
32. Қабылдау бөлімінің аймақтары (қызыл, сары, жасыл) тиісті түсті
бағыттаушы көрсеткіштермен белгіленуі тиіс.
33. Медициналық іріктеуге сәйкес қабылдау бөлімшесі қызыл аймақ,
сары аймақ, жасыл аймақ болып бөлінеді.
34. Аймақтардағы пациенттердің ағындары еденде тиісті түсті
бағыттаушы жолақтармен (сызықтармен) және қабырғалардағы ақпараттық
көрсеткіштермен белгіленген.
35. Күту үшін пациенттер мен оның жақындарына жасыл және сары
аймаққа жақын күту аймақтары, ақпараттық баған қамтамасыз етіледі.
36. Қабылдау бөлімшесінде көрінетін жерде кезекші дәрігерлер мен басқа
қызметкерлердің мамандығы, лауазымы және аты-жөні, өтініш жасауға
арналған телефон нөмірлері, кезекші дәріханалардың тізімі көрсетілген
жарықтандырылатын маңдайша орнатылады.
37. Қабылдау бөлімшесіне кіру және шығу кезінде мүмкіндігі шектеулі
пациенттердің жайлылығын қамтамасыз ету үшін тасымалдау құралдары
(арбалар, сырғытқылар) болады.
38. Қабылдау бөлімдерінде бақылау камераларымен жабылмаған
аймақтардың болуына жол берілмейді. Бақылау жүйесіне 2 ай бойы сақталатын
аудиожазба да кіреді.
39. Қабылдау бөлімшелері жанындағы автотұрақтар қауіпсіздік
шараларымен, жеткілікті жарықтандырумен, бақылау камераларымен
қамтамасыз етіледі.
7
4-тарау. Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымның
қабылдау бөлімшесіндегі медициналық іріктеу
40. Қабылдау бөлімшесінің медициналық персоналы триаж-жүйесі
бойынша медициналық сұрыптауды қолдана отырып, қабылдау бөлімшесінің
жұмысын ұйымдастырудың негізгі қағидаттарын оқыған.
41. Триаж-жүйе бойынша медициналық іріктеу үздіксіз және
сабақтастықпен жүргізіледі.
42. Триаж-жүйе бойынша медициналық іріктеуді жүргізу кезінде
пациенттердің 3 тобы ажыратылады:
бірінші топ (қызыл аймақ) – өміріне тікелей қауіп төнетін немесе
нашарлау қаупі жоғары және шұғыл медициналық көмекті талап ететін
пациенттің жай-күйі;
екінші топ (сары аймақ) – өміріне әлеуетті қауіп төнетін немесе
жағдайдың дамуымен өршуі мүмкін, шұғыл медициналық көмекті қажет ететін
пациенттің жай-күйі;
үшінші топ (жасыл аймақ) - өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп жоқ
және емдеуге жатқызуды талап етпейтін пациенттің жай-күйі.
43. Пациент стационардың қабылдау бөлімшесіне келіп түскен кезде
арнайы оқытылған мейіргер пациенттің жай-күйіне, оның ықтимал
нашарлауына және шұғыл медициналық көмек көрсетудің бірінші кезектілігіне
қарай алғашқы бағалауды және келіп түскен пациенттерді топтарға бөлуді
жүргізеді.
44. Бастапқы бағалау аяқталғаннан кейін іріктеу аймағында пациенттер
білезіктермен (биркалар, таспалар) сәйкестендіріледі, олардың түсі іріктеу
тобына сәйкес келеді.
45. Пациентке тіркеу аймағында осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес триаж
картасы ашылады.
46. Қажеттілігіне қарай жауапты маман қосымша орындармен
қамтамасыз етеді және бөлімшенің жұмысын күшейту және уақтылы шұғыл
медициналық көмек көрсету үшін қабылдау бөлімшесінен тыс бөлімшелерден
қосымша адами ресурстарды тартады.
47. Жасыл аймақтың пациенті қабылдау бөлімшесінің қарау кабинетіне
жіберіледі. Тексеру кабинетінде емдеу-диагностикалық іс-шаралардың қажетті
көлемі жүргізіледі.
48. Қабылдау бөлімшелерінде сары аймақта пациентті бақылау
24 сағаттан аспайды, қабылдау бөлімшесінің мамандары шұғыл медициналық
көмектің қажетті көлемін жүзеге асырады.
49. Денсаулық сақтау ұйымына емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер
болмаған жағдайда қабылдау бөлімшесінің дәрігері пациентке «Денсаулық
сақтау саласындағы есепке алу құжаттамаларының нысандарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының
2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (нормативтік
8
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)
бекітілген № 027/е нысаны бойынша анықтама береді.
50. Қабылдау бөлімшесінің мейіргері медициналық-санитариялық
алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымына МСАК-қа тіркелген жағдайда
пациенттің тіркелген орны бойынша активті жібереді.
51. Қызыл аймақ пациенті кідіріссіз және тіркеусіз қарқынды терапия
палатасына тасымалданады.
52. Қызыл аймақтың пациенттері үшін пациенттің жақындарын хабардар
ету пациенттің жай-күйінің динамикасына байланысты белгілі бір аралыққа
сәйкес дәрігер орындайды.
53. Жай-күйінің нашарлауы/жақсаруы кезінде пациент бастапқы аймақтан
оның жай-күйіне сәйкес келетін басқа аймаққа ауыстырылады.
54. Қабылдау бөлімшесінің дәрігері емдеу-диагностикалық іс-шараларды
өткізгеннен кейін пациенттің жай-күйіне қайта бағалауды жүргізеді және
мынадай:
1) пациентті амбулаториялық емдеуге жіберу;
2) стационардың бейінді бөлімшесіне емдеуге жатқызу;
3) басқа медициналық ұйымға емдеуге ауыстыру шешімдерінің бірін
қабылдайды.
55. Стационарда бос орын болмаған жағдайда пациентті бос орын бар
қолайлы медициналық ұйымдардың біріне жіберу жүзеге асырылады.
56. Жүрек-қантамырлық жүйенің, тыныс алудың, есінің тежелуінің және
созылмалы қан кетумен тұрақсыз көрсеткіштері бар пациенттер
басқамедициналық ұйымға тасымалдауға жатпайды.
57. Пациент тасымалдауға жатпайтын жағдайда және қажетті бейінді
мамандар болмаған кезде басқа медициналық ұйымдардан білікті мамандарды
шақыру жүзеге асырылады. Пациент қарқынды терапияның барлық кешені
жүргізілетін ҚТП-ға орналастырылады.
58. Пациенттің жай-күйі тұрақтанғаннан кейін консилиумның шешімімен
пациент бейінді медициналық ұйымға ауыстырылады. Пациентті одан әрі
тексеру және емдеу үшін ауру бейіні бойынша басқа медициналық ұйымға
ауыстыру үшін жіберуші медициналық ұйым өзінің санитариялық автокөлігін
пайдаланады.
59. Егер пациент жүгінген немесе жеткізілген медициналық ұйымда
шұғыл медициналық көмек көрсету үшін барлық ресурстар болса, ол басқа
медициналық ұйымға жіберілмейді.
60. Пациент қабылдау бөлімшесінде қайтыс болған кезде пациенттің
қайтыс болу фактісі осы медициналық ұйымға тіркеледі.
61. Оқшаулағышқа (боксқа) кіру арнайы тамбур арқылы жүзеге
асырылады, онда жеке қорғаныш құралдары (бір реттік қолданылатын киім
жиынтығы, бір реттік қолданылатын маскалар, қалпақтар, бахилалар)
орналастырылады және санитариялық торабы бар санитариялық бөлме бар.
62. Сұрыптау нәтижесінде контагиозды инфекциялар немесе аса қауіпті
инфекциялар фактісі анықталған кезде пациентті байқау және шұғыл
9
медициналық көмек көрсету үшін қабылдау бөлімшесінің басқа үй-жайларынан
оқшауланған арнайы боксқа орналастырады.
63. Оқшаулағыш оттегі жеткізгіштерімен, сығылған ауамен және вакуум
аспираторымен, сондай-ақ медициналық бұйымдармен және дәрілік
препараттармен қажетті медициналық жабдықпен толық жабдықталған.
64. ЖМЖ бригадалары пациентті инфекциялық стационарлардың
қабылдау бөлімшесіне емдеуге жатқызған кезде осы Стандартқа 3-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша орындалған дезинфекциялық жұмыстардың актісін бере
отырып, арнайы жабдықталған санитариялық алаңда санитариялық көлікті
дезинфекциялауды жүзеге асырады және бригада мүшелерінің қорғаныш
костюмдерін, жеке қорғаныш құралдарын алып тастау, оларды кейіннен кәдеге
жарату және қажет болған жағдайда бригада мүшелерін санитариялық өңдеу
үшін жағдайлар ұсынылады.
Қазақстан Республикасында
стационарлық көмек көрсететін
медициналық ұйымдардың қабылдау
бөлімшелерінде шұғыл медициналық
көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына
1-қосымша
Қабылдау бөлімшесін жарақтандырудың ең төменгі тізбесі
№
1
2
Медициналық жабдықтың атауы
Саны
Тіркеу посты (диспетчерлік - тіркеу)
Науқастың денесін бүйірлік бекітуі, жеңіл алынатын
зембілдері және ішке инфузияларға арналған штативі бар
медициналық ауруханалық екі секциялы сырғытқы
2 данадан кем
емес
Ауруханалық арба-кресло
2 данадан кем
емес
Триаж-жүйе бойынша медициналық іріктеу аймағы
10
3 түсті триаж принтер
2 данадан кем
емес
Науқастың денесін бір қырынан бекітетіні, жеңіл алынатын 2 данадан кем
емес
зембілдері және ішке инфузияларға арналған штативі бар
екі секциялы медициналық ауруханалық сырғытқы
Ауруханалық арба-кресло
2 данадан кем
емес
Ересектерге және балаларға арналған манжеттері бар 2 данадан кем
механикалық анероидты манометрі фонендоскобы бар емес
тонометр (артериялық қысымды өлшеуіш)
Кіріктірілген аккумуляторлардан дербес
электрондық портативті пульсті оксиметр
қуаттанатын 2 данадан кем
емес
Футлярдағы медициналық электрондық термометр
*
2 данадан кем
емес
Жабдығы
(көліктік
медициналық
тіреуіш-арбаны, 1 данадан кем
капнография функциясы бар өкпені жасанды желдетудің емес
көліктік аппаратын, қол тыныс алу қапшығын, көліктік
дефибрилляторды, көліктік аспираторды қоса алғанда,
кемінде 1 дана чемодан-жиынтық, 5 немесе 10 литрлік
оттегі баллоны) және пациентпен бірге кешенді
ауыстыруға арналған барлық жабдықты қажетті қатаң
бекіту жүйесі бар мобильді реанимациялық кешен
Компрессиялардың жиілігі, тереңдігі мен режимі 1 бірліктен
баптауларын өзгертуге мүмкіндігі бар балалар мен кем емес
ересектерге тікелей емес массаж жүргізуге арналған
рентген айқын электромеханикалық аппарат
3
Амбулаториялық пациенттерді қарап-тексеру аймағы, манипуляциялық
кабинеттер
Глюкометр
Қабырға немесе жылжымалы отоскоп
Офтальмоскоп
Көп арналы электрокардиограф
Таразысы бар бой өлшегіш
Әрбір қараптексеру
бөлмесіне
1 данадан
2 данадан кем
емес
2 данадан кем
емес
2 данадан кем
емес
2 данадан кем
11
емес
Әрбір қарапЕресектерге және балаларға арналған манжеттері бар
тексеру
механикалық анероидтық манометрімен фонендоскобы бар
бөлмесіне
тонометр (артериялық қысымды өлшеуіш)
1 данадан
Ауруханалық арба-кресло
* Синхрондау функциясы бар бифазды дефибриллятор
Гинекологиялық кресло
Акушерлік стетоскоп
Гинекологиялық жиынтық (айна, гегар кеңейткіштері,
шпательдер, оқ қысқыштар және т. б.)
Футлярдағы медициналық электрондық термометр
Бактерицидті сәулелендіру, шам
Негатоскоп
Кіші хирургиялық жиынтық
Медициналық қарап-тексеру кушеткасы
Кезек күттірмейтін көмектің бикс жиынтығы
Анафилактикалық шоққа қарсы бикс
Төбелік / жылжымалы көлеңкеленген шам
Медициналық штатив (инфузиялық таған)
2 данадан кем
емес
1 дана
1 бірлік
2 данадан кем
емес
2 данадан кем
емес
Әрбір қараптексеру
бөлмесіне
1 данадан
2
данадан
кем емес
Әрбір қараптексеру
бөлмесіне
1 данадан
2 данадан
кем емес
Әрбір қараптексеру
бөлмесіне
1 данадан
2 данадан кем
емес
2 данадан кем
емес
2 данадан кем
емес
Әрбір қараптексеру
12
бөлмесіне
1 данадан
(іс-шара
бөлмесіне)
2 данадан кем
емес
Стерильденген құралдар мен материалдарды сақтауға 2 данадан кем
емес
арналған стерильдеу қорабы (бикс)
Таңу жиынтығы (шағын)
2 данадан кем
емес
Бекіту белбеулері бар рентген айқын басқа арналған
2 данадан кем
фиксаторлармен арқатұс бекіткіш
емес
2 данадан кем
Балаларға, ересектерге арналған бандаж (мойын жаға)
емес
2 данадан кем
Жиынтықтағы қатты шиналар
емес
2 данадан кем
Жиынтықтағы пневмошиналар
емес
2 данадан кем
Медициналық көліктік аспиратор (сорғыш)
емес
Рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық диагностика жүргізуге
арналған аймақтар
Гипс таңғыштарын салуға арналған құралдар жиынтығы
*
4
5
Бейнескопиялық кешен (гастро, бронхо, колоноскопия)
1 бірлік
Доплер функциясы бар портативтік, ультрадыбыстық
цифрлық диагностикалық сканер
1 бірлік
Мобильдік рентген жүйесі
1 бірлік
Науқастардың қысқа уақыт болатын (диагностикалық палаталар) аймақтары
(палаталары), пациенттерді бақылауға арналған посттар
Орталық мониторингтік жүйесі бар физиологиялық
параметрлерді бақылауға арналған төсек жанындағы
монитор
Фетальдік монитор
Көп арналы электрокардиограф
Синхрондау функциясы бар бифазды дефибриллятор
Глюкометр
3 төсекке
1 бірлік
1 бірлік
2 данадан кем
емес
1 бірлік
2 данадан кем
емес
13
Қабырғалық немесе жылжымалы отоскоп
Офтальмоскоп
Кіріктірілген аккумуляторлардан дербес қуаттанатын
электрондық портативті пульсті оксиметр
2 данадан кем
емес
Бактерицидтік сәулелендіру құралы, шам
*
Екі литрлік оттегі баллонымен портативті платформада
капнография функциясы және платформаны қабырғаға,
кереуеттер мен сырғытқыларға бекіту мүмкіндігі бар
өкпені жасанды желдетудің көлік аппараты
Палаталық қабырғаға арналған консоль
Аэрозольдік
ингалятор
компрессорлық
(небулайзер)
2 данадан кем
емес
2 данадан кем
емес
3 төсекке
1 дана
портативтік
Төсекаралық перделер
Медициналық штатив (инфузиондық баған)
Палаталық дабыл қаққыш жүйесі
1 дана
2 данадан кем
емес
2 данадан кем
емес
3 данадан кем
емес
1 төсекке
1 дана
2 данадан кем
емес
Ауруханалық арба- кресло
3 төсекке
1 дана
Ересектерге және балаларға арналған манжеттері бар
механикалық анероидтық манометрілген фонендоскобы
бар тонометр (артериялық қысымды өлшеуіш)
1 бөлмеге
1 дана
Футлярдағы медициналық электрондық термометр
1 бөлмеге
1 дана
Анафилактикалық шоққа қарсы бикс
2 данадан кем
емес
АМБУ қабы
1 дана
2,5-8,5 көлеміндегі эндотрахеальдық түтіктер жиынтығы
1 дана
Штативтері бар мобильді төсектер
3 данадан кем
емес
14
*
Кезек күттірмейтін көмек бикс жиынтығы
1 дана
Медициналық көліктік аспиратор (сорғыш)
1 дана
Қарқынды терапия палатасы (лары)
6
Стационарлық өкпені жасанды желдеткіш аппараты
3 төсекке
1 дана
Орталық мониторингтік жүйесі бар физиологиялық
параметрлерді бақылауға арналған төсек жанындағы
монитор
1 төсекке
1 дана
1 төсекке
1 дана
1 төсекке
1 дана
Инфузомат, перфузорлық мөлшерлегіш
Венаішілік енгізуге арналған сорғыш
Доплер функциясы бар портативті,
цифрлық диагностикалық сканер
ультрадыбыстық
1 дана
Жылжымалы рентген жүйесі
1 дана
Жаңа туған нәрестелерді жылытуға арналған құрылғылар
1 дана
Көп арналы электрокардиограф
* Синхрондау функциясы бар бифазды дефибриллятор
Глюкометр
Қан мен венаішілік сұйықтықтарды жылытқыш
Штативтері бар функционалдық мобильдік төсектер
Палаталық қабырғаға арналған консоль
2 данадан кем
емес
2 данадан кем
емес
2 данадан кем
емес
2 данадан кем
емес
3 данадан кем
емес
1 төсекке 1
дана
Сәулелендіру-ультракүлгін ауа рециркуляторы
2 данадан кем
емес
Медициналық жылжымалы көлеңкеленген шам
1 дана
Медициналық көліктік аспиратор (сорғыш)
1 дана
АМБУ қабы
1 ҚТП 1 дана
Лапароцентезге арналған жиынтық
2 дана
Трахеостомияға арналған жиынтық
2 дана
15
Коникотомияға арналған жиынтық
2 дана
Торакоцентезге арналған жиынтық
2 дана
2,5-8,5 мөлшердегі эндотрахеальдық түтіктер жиынтығы
Жаңа туған нәрестелер мен балаларға арналған
реанимациялық жиынтық
Тыныс алу қоспалары мен оттегін жылытатын ылғалдаушы
Ересек және балалар жүздері бар бейнеларингоскоп
3 төсекке 1
дана
2 дана
ӨЖЖ
аппаратына
1 дана
1 ҚТП 1 дана
10 данадан кем
емес
Бір рет қолданылатын вена мен тамырларды катетрлеуге 10 данадан кем
емес
арналған жиынтық
Бір рет қолданылатын интубациялық жиынтық
Компрессиялардың жиілігі, тереңдігі мен режимі
баптауларын өзгертуге мүмкіндігі бар балалар мен
ересектерге тікелей емес массаж жүргізуге арналған
рентген айқын электромеханикалық аппарат
1 ҚТП 1 дана
Орталық веноздық қысымды бақылауға арналған жабдық
1 ҚТП 1 дана
Ауруханалық медициналық сырғытқы
3 данадан кем
емес
Анестезиологқа арналған жылжымалы жәшіктері бар
функционалдық арба
3 төсекке
1 дана
Әрбір сырғытқының жанында аспирациялық катетерлерді
сақтауға, ылғалданған оттегіні, бір рет қолданылатын
қолғаптарды, шприцтерді, ҚЖУК бекітуге арналған
құралдарды, антисептикаға арналған төсек жанындағы
мөлшерлегіштерді беруге арналған әр катетерлердің
жанында сақтауға арналған жәшіктер
3 төсекке
1 дана
Медициналық штатив (инфузиондық баған)
1 төсекке
1 дана
Төсекаралық перделер
Ересектерге және балаларға арналған манжеттері бар
механикалық анероидты манометрі фонендоскобы бар
3 данадан кем
емес
1 төсекке
1 дана
16
тонометр (артериялық қысымды өлшеуіш)
2 данадан кем
емес
2 данадан кем
Анафилактикалық шоққа қарсы бикс
емес
7
Шұғыл оперативтік араласуға арналған операциялық зал
Кезек күттірмейтін көмек бикс жиынтығы
Сәулелендіру-ультракүлгін ауа рециркуляторы
1 дана
Операциялық монитор
1 дана
Ауруханалық медициналық сырғытқы
3 дана
Құралдарға арналған үстел
2 дана
Наркоздық-тыныс алу аппараты
2 данадан кем
емес
Тиісті аспаптар жиынтығымен моно - және биполярлық
хирургиялық электрокоагулятор (коагулятор)
1 дана
Инфузомат, перфузорлық мөлшерлегіш
2 дана
Вена ішіне енгізуге арналған сорғыш
2 дана
* Синхрондау функциясы бар бифаздық дефибриллятор
1 дана
Көпфункционалдық операциялық үстел
1 дана
Бактерицидтік сәулелендіру құралы, шам
1 дана
Сәулелендіру-ультракүлгін ауа рециркуляторы
1 дана
Медициналық жылжымалы көлеңкеленген шам
1 дана
Медициналық газы бар медициналық консоль (оттегі,
вакуум, қысылған ауа)
1 дана
* Медициналық көліктік аспиратор (сорғыш)
1 дана
АМБУ қабы
1 дана
Лапароцентезге арналған жиынтық
1 дана
Трахеостомияға арналған жиынтық
1 дана
Коникотомияға арналған жиынтық
1 дана
Торакоцентезге арналған жиынтық
1 дана
Екі банкасы бар 5 л электрохирургиялық сорғыш
1 дана
17
Негатоскоп
1 дана
Люмбальдық пункцияға арналған жиынтық
1 дана
Перикардтық пункцияға арналған жиынтық
1 дана
Таңу жиынтығы (үлкен)
1 дана
Таңу жиынтығы (кіші)
1 дана
Кіші/үлкен хирургиялық жиынтық
1 дана
Стерильденген құралдар мен материалдарды сақтауға
арналған стерильдеу қорабы (бикс)
1 дана
Жиынтықтағы электр медициналық дрелі (сүйектерді
өңдеуге арналған күш жабдықтары)
1 дана
Бір рет қолданылатын вена мен тамырларды катетрлеуге 10 данадан кем
арналған жиынтық
емес
Анестезиологқа арналған жылжымалы жәшіктері бар
функционалдық арба
1 дана
Медициналық штатив (инфузиялық баған)
2 дана
Құралдарға арналған үстел
1 дана
Үлкен травматологиялық құралдар жиынтығы
1 дана
Медициналық
бұйымдарды
стерильдеу
алдындағы
тазалауға, дезинфекциялауға және стерильдеуге арналған
контейнер (сыйымдылық)
2 дана
Оттекті концентратор
1 дана
Ересектерге және балаларға арналған манжеттері бар
механикалық анероидты манометрі фонендоскобы бар
тонометр (артериялық қысымды өлшеуіш)
1 дана
Сәулелендіру-ультракүлгін ауа рециркуляторы
1 дана
Оқшаулағыш
8
Штативтері бар мобильдік төсек
1 дана
Холераға қарсы бикс
1 дана
Тұмауға қарсы дәрі қобдишасы
1 дана
Обаға қарсы костюм
1 дана
18
Обаға қарсы бикс
1 дана
Ескертпе:
* бұйымдарды қабырғаға орналастыруды қамтамасыз ететін, өндіруші зауыт арнайы
әзірлеген аппараттарды бекіту жүйесі бар. Зарядтау қажеттілігі бар электр өнімдері үшін-қабырғаға
зарядтауға арналған коннекторы бар.
Қазақстан Республикасында
стационарлық көмек көрсететін
медициналық ұйымдардың қабылдау
бөлімшелерінде шұғыл медициналық
көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына
2-қосымша
Нысан
ТРИАЖ КАРТАСЫ
КАРТА ТРИАЖА
Медициналық ұйымның
атауы:…………………………………………………………………………………...
Наименование медицинской организации
Пациенттің Т.А.Ә./ ФИО
пациента:.........................................................................................................................
.
Туған күні/ Дата рождения: …./…../………..
Алдын ала диагнозы/ Предварительный
диагноз:...................................................................................................................
…………………………………………………………………………………………
…………………………………………….
Пациенттің тіркеу
Триаж коды (біріншілік)
Күні/Дата:
Уақыты/
нөмірі:
/Триаж код (первичный)
…../…../… Время:
Регистрационный
….
номер пациента
Жынысы/Пол:
Красн Желтый Зелены
□ Әйел/Женский
□
ый
й
Ер/Мужской
□ Ересек/Взрослый □
Бала/Ребенок
□ Қызыл/Красный □
Қан тобы/Группа
Сары/Желтый □
крови:………………
Жасыл/Зеленый
□ ақпарат алынбады/
не удалось получить
информацию
Пациент жеткізілді
Пациентті алып жүруші тұлға/
Пациенттің жағдайы/
Пациента доставлен
Сопровождающее лицо
Положение пациента:
19
□ ЖМК
бригадасымен/
бригадой СМП
□өздігінен жүгіну/
самообращение
□
Өзге/Другое:………
…….....
Есінің деңгейі/
Уровень сознания:
□ Айқын/ Ясное
□ Есеңгіреу/
Оглушение
пациента:
□ Өзі/Один
□
Туысы/Родственник
□ Өзге/Другое:
………..………………………
…..
…………………………………
……………...
□ Өздігінен жүре
алады/ Может
самостоятельно ходить
□ Бөгде адамның
көмегімен жүреді/
Ходит с помощью
постороннего лица
□ Жатып қалған,
белсенді/ Лежачее,
активен.
□ Қозғалыссыз/
Неподвижный
Пациенттің эмоционалды жай- Сөйлеудегі жай-күйі/
күйі/
Состояние речи:
Эмоциональное состояние
пациента:
□ Сабырлы/Спокойный
□ Қалыпты/ Норма
□ Ашулы/Озабоченный
□ Афазия /Афазия
□ Абыржыған/
□ Бұзылған/Нарушена
□ Ессіз күйде/Сопор Взволнованный
□ Комада/ Кома
□ Депрессивті/ Депрессивный
Ақпарат
алынды/Информац.
собрана от:
Аллергия:
□ Сараланбаған сөз/
Нечленоразд. речь
Бұрын сіреспеге қарсы
вакцина алды/ Получил
ранее вакцину против
столбняка:
□ Жоқ/Нет;
□ Иә/Да;
□ Ақпарат алынған
жоқ/ Не удалось
получить информацию
□
□ Жоқ/Нет; □Иә/ Да
Пациенттен/Пациент (реагент):………………………
а
.
□ Пациенттің
…………………………………
туысынан/Родственн ……………...
ик пациента
□
Өзге/Другое………....
Диспансерлік
Зиянды әдеттер/ Вредные
Алкогольдік / есірткілік
тіркеуде тұрады/
привычки:
мас болу/
Состоит на
□Жоқ/ Нет; □
Алкогольное/наркотиче
диспансерном учете: Иә/Да…………………
ское опьянение
□ Жоқ/Нет; □
□ Жоқ/Нет; □
Иә/Да:…….....
Иә/Да…………………
Пайдаланылатын протездер мен қосалқы құралдар/Используемые протезы и
вспомогательные инструменты
□ Жоқ/Нет □ Иә/Да □ Көзілдірік/Очки □ Тіс протездері/Зубные протезы □
Өзге/Другие ..................................................
Салдарлық аурулар/Фоновые заболевания:
□Жоқ//Нет □ Иә/Да: □ Тыныс алу жүйесі/Дых.системы; □ Қан ауруы/Крови; □
АІЖ/ЖКТ; □ ОЖЖ/ЦНС; □ ЖҚЖ/ССС; □ Несеп шығару жүйесі
/Мочевыделительная система; □Өзге/ Другое....................
..........................................................................................................................................
...................................................................
Түскен кездегі шағымдары/Жалобы при
поступлении:....................................................................................................
..........................................................................................................................................
20
...................................................................
Дәрілік заттарды қабылдайды/ Принимает лекарственные средства: □Жоқ/ Нет;
□ Иә/Да:……………………….....
Ауырған аурулар ( инфекциялық аурулар/ жарақаттар / хир.
операциялар)/Перенесенные заболевания ( инфекционные болезни/ травмы/ хир.
операции): □Жоқ/ Нет; □ Иә/Да:…………………………
…………………………………………………………………………………………
…………………………………………….
Дәрігердің Т.А.Ә./ Ф.И.О. врача:
Мейіргердің Т.А.Ә./Ф.И.О. медсестры:
Ауруды бағалау/Оценка боли
Ауруды 1-ден 10 балл аралығында сурет бойынша бағалаңыз/Оцените боль, по
рисунку о 1 до 10 балла
0
2
4
6
8
10
Ауру жоқ/
Жеңіл ауырсыну Шыдамды ауырсыну Айқын ауырсыну
Қатты ауырсыну
Шыдатпайтын ауырсыну
Боли нет
Легкая боль
Терпимая боль
Выраженная боль
Сильная боль
Невыносимая боль
Байланысу мүмкін емес пациенттер үшін бет өрнек шкаласын пайдаланыңыз
Используйте шкалу выражений лица для пациентов, с которыми нельза
связаться
Уақыт/
Время
Мейіргердің Т.А.Ә./ФИО
мед.сестры
t Соғу ТЖ/ АҚ/А Sat O2
ЧД
Д
ы/пу
льс
Тағайындалға н дәрілік заттар (атауы,
дозасы, енгізу жолы, уақыты)/
Назначенные лекарственные средства
(название, доза, путь введения, время)
21
Дәрігердің/мейір
Зерттеудің
гердің Т.А.Ә./
КлиникалықФИО
Аспаптық
зертханалық
зерттеу әдісінің Дәрігердің/мейірг
әдісінің
Уақыт/
атауы
ердің Т.А.Ә./
атауы/Наименов врача/мед.сестр
Время
/Наименование
ФИО
ание клиникоинструментального врача/мед.сестры
лабораторного
метода исследования
ы
метода
исследования
Уақыты/ Медициналық іс-шаралардың
Время
атауы/ Наименование
медицинской процедуры
Клиникалық
диагнозы/
Клинический
диагноз
Дәрігердің/мейіргердің Т.А.Ә./ ФИО
Триаж коды (екіншілік)/
Триаж код (вторичный)
врача/мед.сестры
Нәтиже/ Исход
Красный Желтый Зеленый □ АРҚТБ/ҚТП емдеуге
жатқызылды/Госпитализиров
ан в ОАРИТ/ПИТ;
□ Опер.блокқа
□ Қызыл/Красный □ Сары/Желтый тасымалданды/Транспортиро
□Жасыл/ Зеленый
ван в опер.блок;
□ Бейінді бөлімшеге емдеуге
жатқызылды/Госпитализиров
ан в профильное отделение;
□ Изоляторға
орналастырылған/Помещен в
изолятор;
□ Амбулаторлық емдеуге
жолданды/Направлен на
амбулаторное лечение;
□ Өзге медициналық ұйымға
ауыстырылды/ Переведен в
другую медицинскую
организацию…………………
………………..
22
Дәрігердің/мейіргердің Т.А.Ә./ _______________________________ Қолы
_____________________
ФИО врача/мед.сестры
Подпись
Күні/Дата: _____/_____/_____________г.
Уақыты/ Время: _______сағ._________мин
МАЖ бар болған жағдайда электрондық түрде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында
стационарлық көмек көрсететін
медициналық ұйымдардың қабылдау
бөлімшелерінде шұғыл медициналық
көмек көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
3-қосымша
Санитариялық көлікке және әуе кемесіне дезинфекциялық
өңдеу жүргізу актісі
Пациенттің Т.А.Ә. ____________________
Жасы, туған күні __________________
Диагнозы: ___________________________________
Медициналық ұйымға түскен күні және уақыты _____________
Дезинфекция басталу уақыты __________ Дезинфекция аяқталуы____________
Көлік дезинфекциясы №____________
23
Дезинфекциялау құралының атауы ______________
Пайдаланылған концентрация _____________
Экспозиция уақыты __________________
Дезинфекциялаушы (Т.А.Ә., қолы) ________________
Экипаж фельдшері немесе командирі (Т.А.Ә., қолы) ____________________
Скачать