УДК: 616-009.1 АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДА FINDRISC ШКАЛАСЫ БОЙЫНША ІІ ТИПТІ ҚАНТ ДИАБЕТІ ҚАУПІН БАҒАЛАУ(әдебиеттік шолу) 1. Насырова Наргиза Батырханқызы,мұғалім, магистр, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КЕАҚ, Алматы қ., Қазақстан. https://orcid.org/0000-0001-7458-457X 2. Әбдіхан Балнур Мұхтарқызы, интерн 7 курс, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КЕАҚ, Алматы қ., Қазақстан. https://orcid.org/0009-0009-2941-4403 3. Медет Жақсылық, интерн 7 курс, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КЕАҚ, Алматы қ., Қазақстан. https://orcid.org/0009-0008-4636-0630 4. Рәбілбек Ақмарал, интерн 7 курс, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КЕАҚ, Алматы қ., Қазақстан. https://orcid.org/0009-00042432-586X 5. Рзабекова Алтын, интерн 7 курс, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КЕАҚ, Алматы қ., Қазақстан. https://orcid.org/ 0009-0060476-1722 6. Тастан Гулмаржан, интерн 7 курс, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КЕАҚ, Алматы қ., Қазақстан. https://orcid.org/ 0009-00090848-359X 7. Темиргалиева Алия, интерн 7 курс, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КЕАҚ, Алматы қ., Қазақстан. https://orcid.org/ 0009-00046587-9789 8. Құбашев Шашубай, интерн 7 курс, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КЕАҚ, Алматы қ., Қазақстан. https://orcid.org/ 0009-00094274-823X ТҮЙІН Зерттеу жұмысының мақсаты: Клиникалық тәжірбиеде артериялық гипертензиясы бар науқастарда FINDRISC шкаласы бойынша ІІ типті қант диабетін ерте анықтаудың маңыздылығын саралау. Зерттеу жұмысының өзектілігі: Созылмалы әлеуметтік маңызы бар аурулардың ішінде қант диабеті кездесу жиілігі және асқынулары бойынша медицинаның күрделі мәселерінің бірі. International Diabetes Federation (IDF) деректеріне қарайтын болсақ, 2021 жылы әлемде 537 млн. ересек адам қант диабетімен ауырады. Жыл сайын дүние жүзінде қант диабетінен шамамен 4-5 млн. адам қаза табады. Қант диабеті қазіргі таңда әлем бойынша созылмалы жұқпалы емес аурулар арасында өлім себебінен төртінші орында тұр. Ал, International Diabetes Federation (IDF) 2021 деректері бойынша Қазақстанда 2079 жас аралығында ересектер арасында қант диабетінің таралуы 409676 науқасты құрайды немесе 2019 жылғы деректерге қарағанда 7,6% пайызға артқан. Зерттеу материалдары мен әдістері: 2002-2022 жылдар аралығындағы PubMed, Elsevier, Scopus, eLibrary мәліметтер базасында жарияланған шетелдік рандомизацияланған халықаралық клиникалық клиникалық зерттеулері ұсыныстарына мен әдебиеттік мета-талдауларына, шолу жүргізілді. Нәтижесінде соңғы 10 жыл аралығындағы h Хирш 3 және одан жоғары FINDRISC шкаласын қарастыратын мақалалардың арасында 79 жұмысты саралап әдеби шолу жасап, 50 жұмысқа талдау жасалды. Нәтижесі: FINDRISC шкаласы бойынша Қазақстанда соңғы 10 жыл аралығында көлемді зерттеу жүргізілмегендіктен, өзектілігі аз тақырып болып қалып отыр. Біздің шолуымыз аталған мәселені шешуге бағытталды. Қорытынды: Диабет алды жағдайының таралуы және ІІ типті қант диабетінің қауіп факторларын зерттеу мәселесі бүгінгі күнге дейін өзекті болып қала береді. Ал бұл жағдайда FINDRISC шкаласы ІІ типті қант диабетін даму қаупін дәл болжауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қант диабеті бойынша аурулардың анықтаудың тиімділігін арттыру үшін қарапайым сауалнама арқылы бағалауға негізделген FINDRISC шкаласын Қазақстан аумағында пайдалануды ұсынамыз және аталған шкала бойынша елімізде әлі де тереңдетілген ауқымды зерттеулер қажет. Түйінді сөздер: қант диабеті, артериялық гипертензия, FINDRISC классификациясы, метоболикалық синдром ОЦЕНКА РИСКА ДИАБЕТА II ТИПА ПО ШКАЛЕ FINDRISC У ПАЦИЕНТОВ С АРТЕРИАЛЬНОЙ ГИПЕРТЕНЗИЕЙ(обзор литературы) 1. Насырова Наргиза Батырхановна,преподаватель,магистр, НАО Казахский Национальный медицинский университет имени С. Д. Асфендиярова, г.Алматы, Казахстан. https://orcid.org/0000-0001-7458-457X 2. Абдихан Балнур, интерн 7 курс, НАО Казахский Национальный медицинский университет имени С. Д. Асфендиярова, г.Алматы, Казахстан. https://orcid.org/0009-0009-2941-4403 3. Медет Жаксылык, интерн 7 курс, НАО Казахский Национальный медицинский университет имени С. Д. Асфендиярова, г.Алматы, Казахстан. https://orcid.org/0009-0008-4636-0630 4. Рабилбек Акмарал, интерн 7 курс, НАО Казахский Национальный медицинский университет имени С. Д. Асфендиярова, г.Алматы, Казахстан. https://orcid.org/0009-0004-2432-586X 5. Рзабекова Алтын, интерн 7 курс, НАО Казахский Национальный медицинский университет имени С. Д. Асфендиярова, г.Алматы, Казахстан. https://orcid.org/ 0009-006-0476-1722 6. Тастан Гулмаржан, интерн 7 курс, НАО Казахский Национальный медицинский университет имени С. Д. Асфендиярова, г.Алматы, Казахстан. https://orcid.org/ 0009-0009-0848-359X 7. Темиргалиева Алия, интерн 7 курс, НАО Казахский Национальный медицинский университет имени С. Д. Асфендиярова, г.Алматы, Казахстан. https://orcid.org/ 0009-0004-6587-9789 8. Кубашев Шашубай, интерн 7 курс, НАО Казахский Национальный медицинский университет имени С. Д. Асфендиярова, г.Алматы, Казахстан. https://orcid.org/ 0009-0009-4274-823X РЕЗЮМЕ Цель исследования: Дифференциация важности раннего выявления диабета II типа по шкале FINDRISC у пациентов с артериальной гипертензией в клинической практике. Актуальность проблемы: среди хронических социально значимых заболеваний сахарный диабет является одной из самых сложных проблем медицины по частоте встречаемости и осложнениям. Если посмотреть на данные International Diabetes Federation (IDF), то в 2021 году 537 миллионов взрослых во всем мире страдают диабетом. Ежегодно во всем мире от диабета погибает около 4-5 млн человек. Сахарный диабет в настоящее время занимает четвертое место в мире по смертности среди хронических неинфекционных заболеваний. По данным International Diabetes Federation (IDF) 2021, распространенность диабета среди взрослых в возрасте от 20 до 79 лет в Казахстане составляет 409 676 пациентов или на 7,6% больше, чем в 2019 году. Материалы и методы исследования: Был проведен литературный обзор зарубежных рандомизированных клинических исследований и метаанализа, международных клинических рекомендаций, опубликованных в базе данных PubMed, Elsevier, Scopus, eLibrary за период с 2002 по 2022 год. В результате проведен анализ 28 источников литературы. Результаты исследования: В связи с тем, что по этой теме масштабных исследований в Казахстане за последние 10 лет не проводились, шкала FINDRISC остается малоактуальной темой. Наш обзор был направлен на решение этой проблемы. Заключение: Проблема распространенности преддиабетического состояния и исследования факторов риска диабета II типа остается актуальной и по сей день. И в этом случае шкала FINDRISC позволяет точно предсказать риск развития диабета II типа. В дальнейшем для повышения эффективности выявления заболеваний по сахарному диабету мы рекомендуем использовать на территории Казахстана шкалу FINDRISC, основанную на оценке с помощью простого анкетирования, и по данной шкале еще необходимы углубленные масштабные исследования в стране. Ключевые слова: сахарный диабет, артериальная гипертензия, классификация FINDRISC, метоболический синдром ASSESSMENT OF THE RISK OF TYPE II DIABETES ON THE FINDRISCC SCALE IN PATIENTS WITH ARTERIAL HYPERTENSION (literature review) 1. Nargiza Batyrkhanovna Nassyrova, Master of Science, Kazakh National Medical University named after S. D. Asfendiyarov NJSC, Almaty с., Kazakhstan. https://orcid.org/0000-0001-7458-457X 2. Abdikhan Balnur, intern 7th year, Kazakh National Medical University named after S. D. Asfendiyarov NJSC, Almaty с., Kazakhstan. https://orcid.org/0009-0009-29414403 3. Medet Zhaksylyk, intern 7th year, Kazakh National Medical University named after S. D. Asfendiyarov NJSC, Almaty с., Kazakhstan. https://orcid.org/0009-0008-46360630 4. Rabilbek Akmaral, intern 7th year, Kazakh National Medical University named after S. D. Asfendiyarov NJSC, Almaty с., Kazakhstan. https://orcid.org/0009-0004-2432586X 5. Rzabekova Altyn, intern 7th year, Kazakh National Medical University named after S. D. Asfendiyarov NJSC, Almaty с., Kazakhstan. https://orcid.org/ 0009-006-04761722 6. Tastan Gulmarzhan, intern 7th year, Kazakh National Medical University named after S. D. Asfendiyarov NJSC, Almaty с., Kazakhstan. https://orcid.org/ 0009-00090848-359X 7. Aliya Temirgalieva, intern 7th year, Kazakh National Medical University named after S. D. Asfendiyarov NJSC, Almaty с., Kazakhstan. https://orcid.org/ 0009-00046587-9789 8. Shashubai Kubashev, intern 7th year Kazakh National Medical University named after S. D. Asfendiyarov NJSC, Almaty с., Kazakhstan. https://orcid.org/ 0009-00094274-823X ABSTRACT Goal: Differentiation of the importance of early detection of type II diabetes on the FINDRISC scale in patients with arterial hypertension in clinical practice. Relevance: Among chronic socially significant diseases, diabetes mellitus is one of the most difficult problems of medicine in terms of frequency and complications. If you look at the data of the International Diabetes Federation (IDF), then in 2021 537 million adults worldwide suffer from diabetes. Every year around the world about 4-5 million people die from diabetes. Diabetes mellitus currently ranks fourth in the world in terms of mortality among chronic non-communicable diseases. According to the International Diabetes Federation (IDF) 2021, the prevalence of diabetes among adults aged 20 to 79 years in Kazakhstan is 409,676 patients, or 7.6% more than in 2019. Material and methods: A literature review of foreign randomized clinical trials and meta-analysis, international clinical recommendations published in the PubMed, Elsevier, Scopus, eLibrary database for the period from 2002 to 2022 was conducted. As a result, 28 literature sources were analyzed. Research results: Due to the fact that no large-scale studies have been conducted on this topic in Kazakhstan over the past 10 years, the FINDRISC scale remains a topic of little relevance. Our review was aimed at solving this problem. Conclusions: The problem of the prevalence of prediabetes and the study of risk factors for Type II diabetes remains relevant to this day. And in this case, the FINDRISC scale allows you to accurately predict the risk of developing Type II diabetes. In the future, we propose to use the FINDRISK scale on the territory of Kazakhstan, which is based on an assessment using a simple questionnaire, in order to improve the effectiveness of detecting diabetes mellitus diseases, and extensive indepth research on this scale is still needed in the country. Key words: diabetes, arterial hypertension, FINDRISC classification, metobolic syndrome КІРІСПЕ Дүние жүзі бойынша созылмалы жұқпалы емес аурулардың арасында жиі таралған ауру қант диабеті болып табылады. Соңғы жылдары қант диабеті әлеуметтік маңызды бар ауру ретінде, сондай ақ медициналық пен әлеуметтік мәселе ретінде де белгілі. Бұл жылдан жылға қант диабетіне (бұдан әрі-ҚД) шалдығатын науқастар санының көбеюімен, аурудың созылмалы түрде болуымен, микротамырлы және макротамырлы асқынуларының жиі пайда болуымен байланысты, яғни бұлар науқастың өмір ұзақтығын қысқартады, сондай ақ өмір сапасын төмендететіндігі белгілі. ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ FINDRISC шкаласы бойынша ІІ типті қант диабеті қауіпін бағалауды сипаттайтын зерттеулерге жүйелі шолу өткізу. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ Біз соңғы 10 жыл аралығындағы h Хирш 3 және одан жоғары FINDRISC шкаласын қарастыратын мақалалардың арасында 79 жұмысты саралап әдеби шолу жасап, 50 жұмысқа тоқталдық. Клиникалық тәжірбиеде артериялық гипертензиясы бар науқастарда FINDRISC шкаласы бойынша ІІ типті қант диабетін ерте анықтаудың маңыздылығын зерттей келе, соңғы жылдары қант диабетінің жаһандық таралуы қарқынды өсуде, яғни аурушаңдық жұқпалы емес эпидемия сипатына ие бола бастағаны байқалады. IDF мәліметтері бойынша қант диабетімен ауыратындар саны 2000 жылы 151 млн. адамнан 2021 жылы 537 млн. адамға жеткен. Аурудың таралу қарқынын ескере отырып, IDF сарапшылары қант диабетімен ауыратын науқастар саны 2045 жылы 1,5 есеге артып, 783 млн. адамға жетуі мүмкін, яғни әлемдегі әрбір 10 адамның біреуі ҚД ауыратынын болжаған. 2021 жылы әлемде 326,5 млн. еңбекке қабілетті жастағы (20-64 жас) және 122,8 млн. 65-99 жас аралығындағы адамдарда диабет кездеседі. 20-79 жас аралығындағы әйелдер арасында қант диабетінің таралуы 8,4%-ды құрады, бұл ерлермен (9,1%) салыстырғанда төмен көрсеткіш, яғни қант диабетімен өмір сүретін әйелдермен (219,3 млн.) салыстырғанда ерлер (231,7 млн.) көп [1]. ДДҰ-ның мәліметтеріне сүйенсек, 2019 жылы шамамен 1,6 миллион адамның өлімі тікелей қант диабетімен байланысты болды, бұл әлемде өлім себептенің ішінде 9-ші орынды алады. Дегенмен, бүкіл әлемдегі өлім-жітім қан құрамындағы глюкоза деңгейінің жоғары болуымен және әртүрлі асқынуларға (мысалы, бүйрек жетіспеушілігі, инсульт, жүрек аурулары және т.б.) байланысты болып отыр, олар мерзімінен болатын өлімге әкеледі[2]. IDF деректеріне сәйкес 2021 жылы ҚД ең көп таралған аймақтарға Қытай (140,9 млн.), Үндістан (74,2 млн.), Пәкістан (33 млн.), АҚШ (32,2 млн.), Индонезия (19,5 млн.), Бразилия (15,7 млн.), Мексика (14,1 млн.), Индонезия (10,3 млн.), Бангладеш (13,1 млн.), Жапония (11 млн.), Египет (10,9 млн.) елдері жатады [1]. Кесте №1. 2021 қант диабетімен ауыратын ересектер саны бойынша (20-79 жас) дүние жүзінің алғашқы он мемлекеті және осы көрсеткіштің 2045 жылға болжамды өсу деңгейі[1]. 2021 жыл № Мемлекеттер 2045 жылға арналған болжам Жалпы № Мемлекеттер Жалпы науқас науқас саны саны (млн.) (млн.) 1 Қытай 140.9 1 Қытай 174.4 2 Үндістан 74.2 2 Үндістан 124.9 3 Пәкістан 33.0 3 Пәкістан 62.2 4 АҚШ 32.2 4 АҚШ 36.3 5 Индонезия 19.5 5 Индонезия 28.6 6 Бразилия 15.7 6 Бразилия 23.2 7 Мексика 14.1 7 Бангладеш 22.3 8 Бангладеш 13.1 8 Мексика 21.2 9 Жапония 11.0 9 Египет 20.0 10 Египет 10.9 10 Түркия 13.4 Қытай әлемдегі ҚД ең көп таралған ел және ҚД бойынша пандемия эпицентрі болып табылады. Себебі, он қытайлық ересек адамның біреуінде қант диабет кездеседі. Соңғы үш онжылдықта Қытайда диабеттің таралуы күрт өсті[3]. Жүргізілген зерттеулер мәліметтері бойынша Қытайда қант диабетінің таралуы 2001 жылы 5,5%-ды, 2008 жылы 9,7% құрады[3]. 2017 жылы Қытайда 114 млн. адам диабеттен зардап шекті және 2045 жылы қант диабеті бар адамдар саны 174,4 млн. адамға жетеді деп күтілуде [1]. Сыртқы орта факторлары, соның ішінде семіздік, қартаю, майлы тағамдар мен аз қозғалатын өмір салты және генетикалық факторлар қазіргі таңда Қытайда қант диабеті эпидемиясының кең таралуына ықпал етеді[4]. 2021 жылы ҚД-мен АҚШ тұрғындарының 9,4%-ы ауырған немесе 32,2 млн. адам қант диабетінен зардап шекті. Бұдан басқа, АҚШ-тың ересек тұрғындарының 38%-да диабеталды жағдайы кездеседі, бұл ІІ типті қант диабеті дамуының қауіпін арттырады[5]. Қазақстанда да әлемдегі сияқты ҚД-мен аурушаңдықтың күрт өсуі байқалады. Қазақстан Орта Азияда ҚД-нің даму қарқыны бойынша көш бастап тұр[6]. Қазақстанда ҚД-нің ұлттық тіркелімі бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарында 293 171 науқас тіркелген (бұл халықтың орташа жылдық санының 1,5%), оның ішінде ересектер – 290335, балалар мен жасөспірімдер – 2836. І типті ҚД-мен ауыратындар - 17231 және ІІ типті ҚД-мен ауыратындар – 275736 адам, диабеттің басқа түрлері – 204 науқас болды. Қазақстанда қант диабетімен ауыратын адамдар саны жыл сайын 8-10%-ға артып, ауыр асқынулар жиілігі ұлғаюда. Сондықтан бұл жағдай Қазақстан үшін маңызды мәселе болып табылады[6]. Зерттеу жылдарын талдау кезінде Қазақстанда ҚД-мен аурушаңдық көрсеткіші 2015 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 172,7-ден, 2019 жылы 251,0-ге жетті, 5 жылда қант диабетімен аурушаңдық 1,4 есеге өскен. 2019 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда қант диабетімен аурушаңдықтың ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында (376,1), Солтүстік Қазақстан облысында (371,6), Шығыс Қазақстан облысында (352,8), ең төмен көрсеткіш Жамбыл (180,6), Ақтөбе (193,7), Түркістан (194,5) облыстарында тіркелді[7]. ҚД-ін басқару бағдарламалары көптеген елдерде (Ұлыбритания, Австралия) 10-20 жыл, ал кейбір басқа елдерде (АҚШ, Германия) 35 жыл бұрын енгізілді. Осы жылдар ішінде ІІ типті қант диабетін өзін-өзі басқарудың бірнеше бағдарламалары құрылды, соның ішінде XPERT бағдарламалары [8], «Education and Self Management for Ongoing and Newly Diagnosed» (DESMOND) [9] және Италияда «Rethink Organization to iMprove Education and Outcomes» (ROMEO) бағдарламасы [10], Нидерландтық «PRО-active Interdisciplinary Self-Mаnagement (PRISMA) program» [11] және Жаңа Зеландиядағы қант диабетіне қарсы білім беру бағдарламасы және т.б.[12]. Көптеген жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынының негізгі этиологиялық себебі ретінде қант диабеті екендігі белгілі. Амбулаториялық жағдайда артериялық гипертензияға шалдыққан науқастарда қосалқы ауруларды анықтау, соның ішінде ҚД-ін диагностикалау, артериялық гипертензиямен ассоцирленген қант диабеті терапиясының жаңа принциптерін үйрену, науқастардың көпшілігінде ауруды толық бақылауға алу, т.б. сияқты мәселелер жалпы тәжірбиелік дәрігерлердің клиникалық тәжірбиесінде білуі қажетті маңызды ақпараттар. The Finnish Diabetes Risk Score (бұдан әрі-FINDRISC) — Фин қант диабеті қауымдастығы әзірлеген Еуропада кең таралған қант диабеті қаупін бағалау шкаласы. Көптеген еуропалық мемлекеттерде қол жетімді бұл шкала ІІ типті ҚДнің (бұдан әрі - ҚД) 10 жылдық қаупін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл шкала 25 жастан асқан адамдарда қолданылады(№1 кесте). J. Lindstrom және бірнеше авторлар әзірлеген Фин сауалнамасы, яғни "FINDRISC шкаласы" (Diabetes Risk Score, 1992) [13] фин популяциясында 5 жылдық қолдану және перспективалық бақылау арқылы өзінің практикалық маңыздылығын дәлелдеді [14]. Авторлар зерттеу жұмысы қорытындысына сәйкес, жалпы популяциядан 1987 жылы 3,5% және 1992 жылы 5,7% ҚД шалдыққан науқастарды анықтады(сауалнамадан өткен зерттеушілер сауалнама жүргізілгенге дейін өз аурулары туралы білмеген адамдар)[13]. Алайда, бүгінгі күнге дейін аталған шкала бойынша артериялық гипертензияға шалдыққан науқастар үшін Қазақстанда ірілі-ұсақты зерттеулер аз жүргізіліп келеді[15,16]. FINDRISC шкаласы-бастапқыда Финляндияда зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізуді қажет етпейтін ІІ типті ҚД даму қаупі жоғары адамдарды анықтау үшін әзірленген қарапайым және амбулаториялық жағдайда оңтайлы тәжірбиелік құрал болды[17]. Осы сауалнама бойынша ҚД-ін қаупін бағалау оңай анықталатын сегіз параметрге негізделген: жас, дене салмағының индексі, бел шеңбері, артериялық гипертензия, физикалық белсенділік деңгейі, диета, бұрынғы гипергликемияның болуы және отбасындағы қант диабетінің тарихы туралы ақпараттар жинақталады(кесте №2,2а) Кесте №2. FINDRISC шкаласы бойынша негізгі критерийлер[13] Жасы (жыл.) 0 ұпай-45 2 ұпай-45-54 3 ұпай - 55-64 жасқа жас дейін аралығы Дене массасының 0 ұпай-25 1 ұпай-25-30 2 ұпай-30 индексі (кг/м2) кг/м2 дейін кг/м2 кг/м2 астам 4 ұпай - жас аралығы 65 жастан жоғары аралығы Бел айналымы 0 ұпай- 3 ұпай- 4 ұпай- (см.) ерлерде 94 ерлерде 94- ерлерде 102 см-ге 102 см см-ден астам, дейін, аралығы, әйелдерде 88 әйелдерде әйелдерде см-ден астам 80 см-ге 80-88 см дейін аралығы Физикалық 0 ұпай- 2 ұпай-иә белсенділігі (күніне жоқ 30 мин. кем емес, аптасына жалпы саны 3 сағат) Көкөністерді 0 ұпай-күн 1 ұпай- тұтыну жиілігі сайын күнделікті емес бойынша Артериялық 0 ұпай- гипертензияға жоқ 2 ұпай-иә қарсы дәрідәрмектерді тұрақты қолдану Қандағы глюкоза 0 ұпай- деңгейін жоқ 5 ұпай-иә жоғарылауы (жүктілік, арнайы тексеру, т.б. жағдайларында) Туған- 0 ұпай- туысқандарында жоқ 3 ұпай- 5 ұпай-өзінің ата\әжесінде, ата\анасында, қант диабетінің әкесінің анықталуы туыстарында бауырларында №2а кесте. Жалпы қауіп қатерлігі (алдағы 10 жыл ішінде ІІ типті қант диабетінің даму қаупі)[13] Жалпы ұпай саны ІІ типті қант ҚД даму мүмкіндігі диабетінің қауіптілігі ˂7 ұпай Төмен 1% 7-11 ұпай Аралық 4% 12-14 ұпай Айқын 17% 15-20 ұпай Жоғары 33% ˃20 ұпай Өте жоғары 50% Сонымен қатар, әртүрлі популяциялардағы қосымша зерттеулер FINDRISC шкаласы метаболикалық синдромның болуы мен жиілігін, глюкозаға төзімділіктің бұзылуын, бауыр стеатозын, жүрек - қан тамырлары ауруларын және барлық себептерден болатын өлімді болжай алатынын көрсетті. METSIM (the Metabolic Syndrome in Men) зерттеуінің мәліметтері бойынша, FINDRISC ≥12 шкаласы бойынша ұпайлардың қосындысы артериялық гипертензияның даму қаупінің 2,43 есе артуымен (RR 2,43; 95% ci 1,87-3,15), жүрек–қан тамырлары ауруларының қаупінің 1,61 есе артуымен (RR 1,61) байланысты болды; 95% ci 1,30–1,98) және жалпы өлім қаупінің 1,55 есе артуы туралы болжанды (RR 1,55; 95% ci 1,27-1,89) [18]. Tulin Ү. және өзге авторлар (2021) университет оқытушылары мен қызметкерлері арасында қант диабеті қаупін бағалау туралы зерттеулерінің нәтижесін жариялады: зерттеушілердің орташа жасы 36,76±9,05 жасты құрады. Зерттеушілердің шамамен 62% әйелдер, 67% неке құрғандар және 32% оқытушылар құрамы болды. Қатысушылардың орташа бел айналымы 84,71±14,49 см, дене салмағының индексі 26,8±4,91 кг/м2 құрады, ал FINDRISK орташа баллы 7 (3-10) болды. FINDRISС шкаласы бойынша бағаланған қант диабетінің 10 жылдық қаупі қатысушылардың ішінде өте жоғары-2, жоғары-33, орташа-47, жеңіл-143 және төмен-217 науқаста болды. Қатысушылардың жынысына, жасына, отбасылық жағдайына, темекі шегу мәртебесіне және кәсіби жағдайына байланысты тәуекелді бағалау арасында айтарлықтай айырмашылықтар анықталды (р<0,001 барлық өлшемдер бойынша). Алайда, академиктердің анықтау қаупін бағалау басқа топтарға қарағанда едәуір жоғары болғанын айтады[19]. Jin S. және бірлескен авторлар (2022) метаболикалық синдромды диагностикалаудың дәлдігін анықтау мақсатында 2019 жылдың шілдесі мен 2020 жылдың наурызы аралығында 25-64 жас аралығындағы Шанхай тұрғындарынан арасынан зерттеу жүргізді. Әрбір қатысушы антропометриямен клиникалық тексеруді қоса алғанда, стандартты метаболикалық тексеруден өтті. Зерттеулер HbAlc және аш қарынға глюкоза сынағы көмегімен тексерілді. Барлық нәтижелер AUC-ROC графигі арқылы арқылы бағаланды. Нәтижесінде, 713 субъектінің 9,1%-на диабет алды жағдайы диагнозы, ал 5,2% ІІ типті ҚД диагнозы қойылған. Барлығы 172 субъектіде метаболикалық синдром анықталған. AUC-ROC FINDRISC жалпы популяция арасында ІІ типті ҚД бар науқастарды анықтау үшін 0,708 (CI:95% сенімділік аралығы:0,639 - 0,776) құрады. Осылайша, FINDRISC екі сатылы скринингтік модельде Шанхай популяциясындағы ІІ типті ҚД болжаудың тиімді клиникалық әдісі деп атаған[20]. Исмаилов С. және өзге авторлар (2021) жетекшілігімен Өзбекстанда жалпы популяцияға жүргізілген FINDRISС сауалнамасы бойынша ҚД даму қауіпі 33,9% адамда анықталды, соның ішінде жоғары қауіп - 30% және өте жоғары қауіп-3,9%, ал 27,6% - да орташа, 8,7%-да қаупі төмен. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде авторлар Өзбекстан Республикасы халқының арасында жалпы практикалық дәрігердің (бұдан әрі – ЖПД) күшімен 45 жастан асқан барлық адамдарды жоспарлы тексеруді, тәуекел топтарын анықтауды көздейтін FINDRISС скринингті сауалнамасын қолдануды ұсынды[21]. Князева В. және бірлескен авторлар (2016) Қырғызстанда ауқымды зерттеу жүргізілді: 2010-2012 жылдар аралығында 25-65 жас аралығындағы 4295 адамды (Шу, Ыстықкөл және Баткен облыстарының, сондай-ақ Бішкек қаласының тұрғындары) тексерген, оның ішінде 75,7% әйелдер, 24,2% ерлер. Нәтижесінде, FINDRISC сауалнамасының нәтижелері төмен қауіп 37,8 % [CI:95% сенімділік аралығы: 36,3-39,3], орташа жоғары – 37,2 % [CI:95% сенімділік аралығы: 35,8-38,7], орташа – 14,2 % [CI:95% сенімділік аралығы:13,215,3], жоғары – 9,6% [CI:95% сенімділік аралығы: 8,7-10,5], өте жоғары-1,0% [CI:95% сенімділік аралығы:0,7-1,3] анықталып, Қырғызстанда скрининг нәтижелері бойынша қант диабетінің таралуы тіркелгеннен бес есе жоғары екендігі дәлелденді. Алғаш рет анықталған ҚД-мен ауыратын адамдардың саны 5,2%, ресми статистикасы 1,1% құрағанын көрсетті[22]. Dirk Z. және өзге авторлар (2019) стоматологиялық тәжірибеге негізделген қант диабеті скринингінде FINDRISK шкаласының тиімділігін зерттеуге бағытталған пилоттық зерттеу жұмысын ұсынды. Зерттеуде 116 науқастың қандағы глюкоза деңгейі, HbA1c нәтижелері талданған. Зерттеушілер стоматологиялық тәжірибеде FINDRISC шкаласының тиімділігін оң бағалап, оның негізінде ҚД және қант диабеті алды жағдайымен ауыратын науқастарды ерте анықтауға болады деген қорытындыға келген[23]. Jörn L. және өзге авторлар (2021) Дрезден Университетінің III медициналық клиникасының диабеттік амбулаториясына медициналық кеңес алу үшін келген 164 науқасқа FINDRISK шкаласын қолдану арқылы 10 жылда қант диабетінің даму қаупі иіс сезуге әсері туралы кросс-зерттеулерінің нәтижесін жариялады. Белгілі болғандай, иіс сезу дисфнукциясы қант диабетінің пайдалы болжаушысы емес екенін көрсетеді, керісінше иіс сезу дисфункциясы диабетиктердегі деменцияны болжайды деген пікір білдірген[24]. Franziska P. және өзге авторлар (2022) Германияның Гессен мен ШлезвигГольштейн аймақтарында FINDRISK шкаласының көмегімен 3 349 адамды скринингтен өткізіп, нәтижесінде 1430 адамда (42,8%) ІІ типті қант диабетінің даму қаупі жоғарылағаны анықтады(FINDRISС ≥ 12). Қорытындылай келе, аталған шкаланы денсаулық сақтау жүйесінің денсаулықты нығайтуға және алдын алуға бағытталған бағдарламаларға қолдану қажет деп санайды[25]. Jølle A. және өзге авторлар (2019) Норвегияда 2004-2016 жылдар аралығында қант диабеті анықталмаған 47 804 адамға FINDRISC шкаласының статистикасын, сезімталдығы мен ерекшелігін бағалады, нәтижесінде қант диабетін болжаудағы FINDRISC статистикалық көрсеткіші - CI:95% сенімділік аралығы: 8,7-10,5 болды. FINDRISC ≥15 балл 38% адамда анықталды(сурет 1)Осылайша авторлар, қазіргі Норвегия популяциясында қант диабетінің даму қаупі ресми ұсыныстардан айтарлықтай төмен деген қорытындыға келген[26]. Сурет №1. 47 804 адам арасында жүргізілген HUNT3 сауалнамасының нәтижесі[26] Hooi M. және өзге авторлар (2020) Малайзияда FINDRISC және ModAsian FINDRISC диагностикаланбаған қант диабеті мен дисгликемияны алғашқы медициналық көмекке скрининг жүргізудің тиімділігін бағалау бойынша 293 науқасқа кросс-зерттеу жүргізіп, FINDRISC шкаласын Американдық Диабет қауымдастығының (ADA) нұсқауларына дене салмағының индексі мен бел шеңбері бойынша сұрақтарды МodАsian FINDRISC-тегі азиялық стандарт негізінде өзгертеді. Диагноз қойылмаған қант диабетінің таралуы 7,5%, ал диабет алды жағдайының таралуы 32,8% құрағанын анықтады. Авторлар FINDRISC шкаласы Малайзиядағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуде қант диабетінің даму қаупі бар адамдарды анықтау үшін қант диабетін скринингтің пайдалы құралы деп атап көрсеткен[27]. Gabriel R. және бірлескен авторлар (2021) Еуропадағы алғашқы медициналық көмек көрсету мекемелерінде 35 жастан асқан адамдарда қант диабеті мен диабеттік емес гипергликемияны анықтау үшін қоғамдық және оппортунистік скринингтік тәсілдерді қолдана отырып, 11 444 ересек адам арасында кросс-зерттеу жүргізді. Барлық қатысушылар FINDRISC сауалнамасын толтырып, 2 сағаттық пероральды глюкозаға төзімділік сынағынан (бұдан әрі - ПГТС) өткен. Нәтижесінде, FINDRISC мәні 14 балл[CI:95% сенімділік аралығы: 0,73,7-0,77,3] болды. FINDRISC Еуропадағы алғашқы медициналық көмек көрсету орталықтарына баратын адамдарда қант диабеті белгісіз және глюкоза деңгейі бұзылған адамдарды анықтау үшін пайдалы инвазивті емес құрал деген қорытынды жасаған[28]. Bernabe-Ortiz A. және өзге авторлар (2018) 1609 Перу тұрғындарының арасында FINDRISC және испандық жүйеге негізделген LA-FINDRISC шкалаларын қолданғанда 247 науқастан ҚД анықтап, FINDRISC диагноз қойылмаған ІІ типті ҚД үшін анықтауда жақсы жұмыс істей алады деген болжамға келген[29]. Zatońska K. және өзге авторлар (2021) Поляк популяциясында 2007-2010 аралығында жүргізілген және 6 жылдық бақылаудан кейінгі (2013-2016) когортты зерттеудің нәтижесін ұсынды, қалалық және ауылдық жерлерінен 1090 адамға сауалнама жүргізіліп, ауылдық жерлердегі қатысушылар қалалық жерлерге қарағанда FINDRISC-тің жоғары баллы анықталған(10,97 vs 9,33; р=0,000). Бастапқы кезеңде сау болған адамдар, бірақ 6 жылдық бақылаудан кейін қант диабетін дамытқан қатысушылардың FINDRISC деңгейі жоқ адамдарға қарағанда айтарлықтай жоғары болған(13,39 vs 9,36; р=0,000)[30]. Muñoz-González M. және бірлескен авторлар (2019) Венесуэланың Сьюдад Боливар қаласында Латын Америка тұрғындары үшін өзгертілген FINDRISC (LA-FINDRISC) шкаласымен 18-70 жас аралығындағы 200 адамды тексеруден өткізді, белгілі болғандай олардың 42-де (21%) көмірсу алмасуының бұзылыстары анықталды(диаграмма 1). LА-FINDRISC 14 баллдық критерийі 45,2% сезімталдықпен және 89,9% жағдайда глюкозаның реттелуінің жоғары қаупін болжады. Авторлар LA-FINDRISC>14 ұпай Сьюдад Боливардағы науқастарда көмірсулар алмасуының бұзылуын болжауға сезімталдығы төмен, бірақ жоғары ерекшелікке ие болғанын атап көрсетті[31]. №1 диаграмма. Көмірсулар алмасуының бұзылуының болуына немесе болмауына байланысты Боливар халықының арасындағы жүргізілген когортты зерттеудің нәтижесі[31] 120% 100% 80% 79% 60% 40% 15,50% 20% 5,50% 0% -20% Көмірсу алмасуының бұзылысы жоқ Диабет алды жағдай Қант диабеті -40% Volaco A. бастаған бірқатар авторлар (2018) FINDRISC шкаласы жоғары (≥15 ұпай) және төменгі (≤10 ұпай) қауіпі бар адамдарда мойын шеңберінің орташа мәнін анықтау арқылы дене салмағының индексімен, бел шеңберімен, гликемиямен және FINDRISC көрсеткіштерімен сәйкес келетінін көрсетті[32]. Ephraim R. және өзге авторлар (2020) Гана штатындағы Кейп-Коста балық аулау қауымдастығындағы 135 балықшының арасында FINDRISC сауалнамасы деректерді жинақтады. Бұл зерттеуде диабет алды жағдайы және қант диабеті бар балықшылар сәйкесінше 31,1% және 8,9% тіркелді(диаграмма 2,2а). FINDRISC скринингтік құралдарының ішінде жақсы болжау қабілетіне ие екенін көрсетті деген тұжырым жасады[33]. №2 диаграмма. Ephraim R. және өзге авторлар жүргізген зерттеу бойынша балықшылар арасында FINDRISС шкаласының нәтижесі[33] 14,00 FINDRISK шкаласы 12,00 10,00 8,00 6,00 4,00 2,00 (2,00) 30 жасқа дейін 31-40 41-50 50-60 61 жастан жоғары Жас шамасы №2а диаграмма. Ephraim R. және өзге авторлар жүргізген зерттеу бойынша балықшылар арасында анықталған көмірсу алмасуының бұзылыстары[33] 13,5 14 10 12 10 8 6 6 4 2 0 Қалыпты Диабет алды жағдай ІІ типті қант диабеті Milovanovic S. және өзге авторлар (2018) "Ci sta a cuore il tuo cuore" жобасы аясында Испанияның жергілікті 854 дәріханаларынан 7234 адамның деректері жинақталып, FINDRISC көмегімен зерттелушілердің 13,9%-да жоғары (15-20 ұпай) және 1,4% - да өте жоғары(ұпайлар > 20) қаупі анықталды. Авторлар зерттеудегі адамдардың айтарлықтай пайызында алдағы 10 жылда қант диабетінің дамитындығын алға тартты[34]. Jurca-Simina I. және бірлескен авторлар (2019) Батыс Румынияда 682 популяцияның арасынан артық салмақты тастау қант диабеті дамуын төмендету мүмкідігін FINDRISC шкаласының көмегімен зерттеп көрді. Нәтижесінде, артық салмақты, тері астындағы май қабытын бағамдау арқылы ҚД дамуын болжау кезінде ескеретін ықтимал параметр ретінде ұсынды[35]. Varela-Vega Y. және өзге авторлар (2023) Испанияда инсулинге деген төзімділікті анықтау үшін FINDRISC сауалнамасының диагностикалық тиімділігін бағалау бойынша когортты зерттеулерінің нәтижесін жариялады. Зерттеуде 20-60 жас аралығындағы ересектерде инсулинге деген төзімділік 60,8%-да анықталып, FINDRISC шкаласының нәтижесі 0,813[CI:95% сенімділік аралығы:0,759-0,865] болды. Осылайша, FINDRISC шкаласы медициналық көмектің бірінші деңгейінде инсулинге төзімділік бар науқастарды анықтау үшін пайдалы скрининг құралы болып табылады деген қорытынды жасаған[36]. Ибадова А.М., Рыбалка О.О.(2018) Сургут аудандық клиникалық ауруханасының базасында 51 науқасқа FINDRISС шкаласын қолдану арқылы 12 науқастан (33 %) ІІ типті ҚД даму қатері бар екенін анықтады. Осылайша зерттеушілер ІІ типті қант диабетінің қауіп факторларын ерте анықтаудың маңыздылығын айта отырып, динамикалық амбулаториялық мониторинг кезінде FINDRISK шкаласына барынша назар аудару қажет деп есептейді[37]. Пырикова Н.В. және бірлескен авторлар(2022) Барнаул станциясының локомотив депосының ер адамдары, машинистері және машинист көмекшілері арасында жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупін бағалауда SCORE шкаласын және FINDRISС шкаласын қолданды. Нәтижесінде, 123 науқас арасында 11,4%-да ҚД даму қауіптілігі анықталып, авторлар профилактикалық амбулаториялық кабинеттерде аталған шкалалардың маңыздылығы жоғары деген қорытындыға келген[38]. Желябина О.В., Елисеев М.С.(2021) подаграға шалдыққан 18 жастан асқан 444 науқастардың арасынан FINDRISС шкаласы көмегімен ҚД даму қаупін бағалады, нәтижесінде подаграмен ауыратын науқастардың 50%-дан астамында қант диабетінің 10 жылдық қаупін есептеу сауалнамасына сәйкес жоғары балл жинаған[39]. Rokhman M. және өзге авторлар (2022) Индонезияның ересек тұрғындары арасында диагноз қойылмаған ІІ типті ҚД мен дисгликемияны анықтау үшін 1403 популяцияға FINDRISC-Bahasa Indonesia индексі (FINDRISC-BI) түпнұсқасы FINDRISC негізінде зерттеу жүргізіп, FINDRISC шкаласының Индонезиялық нұсқасы Индонезияда диагноз қойылмаған ІІ типті ҚД немесе дисгликемиясы бар адамдарды скрининг үшін қолайлы диагностикалық дәлдікке ие деген қорытынды жасаған[40]. Nieto-Martínez R. және бірлескен авторлар (2019) FINDRISC шкаласына негізделген LA-FINDRISC Латын америка нұсқасындағы шкаласын 3454 ересек адамды бағалаған кросс-рандомизацияланған ұлттық популяциялық зерттеуін жариялады. Зерттеуде науқастарда ІІ типті ҚД мен диабет алды жағдайының таралуы сәйкесінше 3,3% және 38,5% құрады. Авторлар LA-FINDRISC шкаласы ІІ типті ҚД мен диабет алды жағдайды анықтауда маңызды көрсеткіш, ал глюкоза деген төзімділіктің бұзылысы кезінде тиімсіз құрал екенін дәлелдеген[41]. Mahmoodzadeh S. және өзге авторлар (2022) Иранның Керман қаласында диагноз қойылмаған қант диабетін скринингтау үшін FINDRISC және австралиялық қант диабеті қаупін бағалаудың (AUSDRISC) айырмашылығын, калибрлеуін және клиникалық пайдалылығын бағалады. 3262 популяцияның 145-де(4,44%) ІІ типті ҚД анықталған. AUROC мәні сәйкесінше AUSDRISС және FINDRISC шкалалары үшін 0,67 және 0,62 болды (R<0,001). Авторлар AUSDRISC шкаласы FINDRISC-тен гөрі диагнозы анықталмаған ҚД анықтауда қолжетімдірек және қарапайым инвазивті емес құрал ретінде қолдануды ұсынды[42]. Mizohata S. бастаған бірқатар жапондық ғалымдар (2022) Жапониядағы >40 жастағы бразилия тұрғындарының арасында анонимді сауалнаманың нәтижесін жариялады. Сауалнамаға қатысқан 181 қатысушының арасынан FINDRISC шкаласының көмегімен 26 (14,3%) адамға ІІ типті ҚД қант диабеті диагнозы қойылды[43]. Soto-Vega E. және бірлескен авторлар (2019) қатерлі ісікке шалдыққан 52 балада метаболикалық синдромның дамуын FINDRISC шкаласының көмегімен зерттеді. Химиотерапиямен байланысты метоболикалық синдромды анықтауда FINDRISC шкаласының тиімділігін жариялады[44]. Rojas-Martínez R. және бірлескен авторлар (2021) 2006, 2012, 2016 және 2018 жылдардағы Ensanut-қа қатысқан 27 800 мексикалық ересек адамның деректерін талдай отырып, 7,62%-да адамда ІІ типті ҚД анықтады. 36,5 миллион мексикалық ересек адам метаболикалық синдроммен өмір сүреді және оның 2,5 миллионы келесі 10 жыл ішінде сәйкесінше ІІ типті ҚД және жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупі жоғары деген баға берді[45]. Idowu A. және өзге авторлар (2022) кросс-зерттеулерінде Оңтүстік Нигерияда 18 жастан асқан 273 адамның ішінен диабет алды жағдайының таралуы 4,8% екенін анықтады. Қорытындылай келе, ІІ типті қант диабетінің экспоненциалды өсуін анықтауда, аурудың ауыртпалығын азайту үшін ерте диагностикалық стратегияларды енгізуде FINDRISC шкаласының қажеттілігін жоғары деңгейде бағалады[46]. Gagliardino J. және бірқатар авторлар (2018) Буэнос-Айрес провинциясындағы қант диабетінің алғашқы алдын алу бағдарламасы оның даму қаупі жоғары адамдарда ІІ типті қант диабетінің алдын алу үшін салауатты өмір салтын қабылдаудың тиімділігін бағалады. Олар қандағы HbA1c концентрациясын, креатинин, липидтер деңгейін анықтап және ПГТС өткізді. 3415 адамның ішінен 43%-нан астамы FINDRISC шкаласы бойынша 13-тен астам ұпай жинаған[47]. Henjum S. және өзге авторлар (2022) Алжирдегі сахаралық босқындар арасында диагноз қойылмаған диабет алды жағдайы мен ІІ типті ҚД анықтау үшін 355 адамға кросс-сауалнама жүргізді. FINDRISC үшін шекті AUC мәні 0,82[CI:95% сенімділік аралығы:0,76, 0,88]болды. Авторлар, шкаланың тиімділігін қосымша лабораториялық зерттеулермен делелдеу қажеттігін айтады[48]. Nascimento L. және өзге авторлар (2021) Бразилияның бес географиялық аймағындағы 17 580 популяцияға кросс-зерттеу жүргізе келе, елдің оңтүстік аймағында ІІ типті ҚД алдағы 10 жылда дамуы 59,6% екендігін анықтады. Авторлар зерттеуде FINDRISC шкаласының жастарға немесе халықтың осал топтарына бағытталған қант диабетінің алдын алу бойынша жетілдіруді ұсынған[49]. Galvács H. бастаған венгриялық ғалымдар (2021) өздерінің кроссзерттеулерінде қант диабетінің даму қаупін бағалау, орташа және жоғары қауіп тобындағы адамдар арасында көмірсулар алмасуының ықтимал бұзылыстарын анықтау үшін зертханалық сынақтарды қолданған зерттеу жұмысын ұсынды. Зерттеуде 551 адамның 147-де ІІ типті ҚД расталған(26,68%). Авторлар Венгрия орташа және жоғары қаупі халқының жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі жоғары деп есептелетіндіктен және зерттеулерінде қатысқан науқастардың көпшілігінде(диаграмма 3)көмірсулар алмасуының бұзылуынан басқа кем дегенде бір жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп факторы болғанын ескере келе, скрининг кезінде FINDRISC шкаласымен қатар HbA1c қолдану өте маңызды екендігін атап өткен[50]. №3 диаграмма Galvács H. және венгриялық ғалымдар жүргізген кроссзерттеулерінің нәтижесі[50] 80,00% 71,62% 70,00% 60,00% 59,46% 52,70% 50,00% 44,60% 43,24% 40,00% 30,00% 20,00% 32,43% 25,68% 14,86% 16,22% 12,16% 14,86% 12,16% 10,00% 0,00% ПГТС (WHO\IEC бойынша) Қалыпты HbA1c(WHO\IEC бойынша) ПГТС (ADA) бойынша Диабет алды жағдайы HbA1c (ADA) бойынша ІІ типті ҚД FINDRISC шкаласын сауалнама арқылы қолдану тәжірибесі қант диабетін скринингтің клиникалық тиімді және үнемді құралы ретінде танылып отыр. Сондықтан бүгінгі таңда алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде сауалнама ең тиімді болатыны орынды. Қорытынды: Диабет алды жағдайының таралуы және ІІ типті қант диабетінің қауіп факторларын зерттеу мәселесі бүгінгі күнге дейін өзекті болып қала береді. Ал бұл жағдайда FINDRISC шкаласы ІІ типті қант диабетінің даму қаупін болжауға мүмкіндік береді. Халықтың барлық топтарында шкаланы жаппай қолдану мүмкін емес, сол себепті шкаланы мақсатты популяцияда пайдалану керек. Өкінішке орай, Қазақстан аумағында қант диабетінің даму қауіпін бағалау бойынша ауқымды когортты, кросс-зерттеулер жүргізілмеді. Осы мәселелерді негізге алсақ, көршілес Ресей және Қырғызстан елдерінің қант диабетімен күрес жолындағы тәжірбиесінің жоғары екендігі белгілі болып отыр, себебі FINDRISC шкаласы бойынша скрингтер аталған елдерде 2015 жылдан бастап клиникалық тәжірбиеге толықтай енгізілген. Жоғарыдағы бірқатар зерттеулер көрсеткендей, FINDRISC шкаласының тиімді екенін ескерсек алдағы уақытта қант диабеті бойынша аурулардың анықтаудың тиімділігін арттыру үшін қарапайым сауалнама арқылы бағалауға негізделген FINDRISС шкаласын Қазақстан аумағында пайдалануды ұсынамыз. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Dianna J Magliano, Co-chair, Edward J Boyko, Co-chair; IDF Diabetes Atlas 10th edition scientific committee, 2021. ISBN-13: 978-2-930229-98-0 2. World Health Organization. The top 10 causes of death: World Health Organization. https://www.who.int. 3. Yang W., Lu J., Weng J., Jia W., Ji L., Xiao J., Shan Z., Liu J., Tian H., Ji Q., Zhu D., Ge J., Lin .L, Chen L., Guo X., Zhao Z., Li Q., Zhou Z., Shan G., He J. China National Diabetes and Metabolic Disorders Study Group. Prevalence of diabetes among men and women in China // N Engl J Med. 2010 Mar 25;362(12):1090-101. doi: 10.1056/NEJMoa0908292. PMID: 20335585 4. Ma R.C., Lin X., Jia W. Causes of type 2 diabetes in China // Lancet Diabetes Endocrinol. 2014 Dec;2(12):980-91. doi: 10.1016/S2213-8587(14)70145-7. Epub 2014 Sep 10. PMID: 25218727 5. Centers for Disease Control and Prevention. National Diabetes Statistics Report, 2020. https://www.cdc.gov. 6. Сейдинова А.Ш., Ишигов И.А., Абылайулы А.Ж. Эпидемиология сахарного диабета в мире и Республике Казахстан (oбзорная статья) // Вестник КазНМУ. 2018;1(2):250-253 7. 2019 жылда Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі: стат. жинақ. Нұр-Сұлтан, 2020. 53 б. 8. Deakin T., Whitham C. Structured patient education: the X-PERT Programme // Br J Community Nurs. 2009;14(9):398-404. doi: 10.12968/bjcn.2009.14.9.43916. PMID: 19749659 9. Kamlesh Khunti 1, Laura J Gray, Timothy Skinner, Marian E Carey, Kathryn Realf, Helen Dallosso, Harriet Fisher, Michael Campbell, Simon Heller, Melanie J Davies // Effectiveness of a diabetes education and self management programme (DESMOND) for people with newly diagnosed type 2 diabetes mellitus: three year follow-up of a cluster randomised controlled trial in primary care. BMJ .2012 Apr 26;344:e2333. doi: 10.1136/bmj.e2333. PMCID: PMC3339877 10. Marina Trento 1, Silvia Gamba, Luigi Gentile, Giorgio Grassi, Valerio Miselli, Gabriel Morone, Pietro Passera, Laura Tonutti, Marco Tomalino, Piervincenzo Bondonio, Franco Cavallo, Massimo Porta; ROMEO Investigators // Rethink Organization to iMprove Education and Outcomes (ROMEO): a multicenter randomized trial of lifestyle intervention by group care to manage type 2 diabetes. Diabetes Care .2010 Apr;33(4):745-7. DOI: 10.2337/dc09-2024. Epub 2010 Jan 26. 11. Michael van Vugt 1, Maartje de Wit, Wilmy H J J Cleijne, Frank J Snoek // Use of behavioral change techniques in web-based self-management programs for type 2 diabetes patients: systematic review. J Med Internet Res. 2013 Dec 13; 15(12):e279. DOI: 10.2196/jmir.2800. PMCID: PMC3869055 12. J D Krebs 1, A Parry-Strong, E Gamble, L McBain, L J Bingham, E S Dutton, S Tapu-Ta'ala, J Howells, H Metekingi, R B W Smith, K J Coppell // A structured, groupbased diabetes self-management education (DSME) programme for people, families and whanau with type 2 diabetes (T2DM) in New Zealand: an observational study. Prim 2013Jul;7(2):1518.PMID:23517821 Care Diabetes. DOI: 10.1016/j.pcd.2013.02.002. PMID: 23517821 Epub 2013 Mar 19. 13. Jaana Lindström 1, Johan G Eriksson, Timo T Valle, Sirkka Aunola, Zygimantas Cepaitis, Martti Hakumäki, Helena Hämäläinen, Pirjo Ilanne-Parikka, Sirkka Keinänen-Kiukaanniemi, Mauri Laakso, Anne Louheranta, Marjo Mannelin, Vesa Martikkala, Vladislav Moltchanov, Merja Rastas, Virpi Salminen, Jouko Sundvall, Matti Uusitupa, Jaakko Tuomilehto // Prevention of diabetes mellitus in subjects with impaired glucose tolerance in the Finnish Diabetes Prevention Study: results from a randomized clinical trial. J Am Soc Nephrol. 2003 Jul;14(7 Suppl 2):S108-13. doi: 10.1097/01.asn.0000070157.96264.13. PMID: 12819313 14. Lindstrom J., Tuomilehto J. The diabetes risk score: a practical tool to predict type 2 diabetes risk. Diabetes Care. 2003 Mar;26(3):725-31. DOI: 10.2337/diacare.26.3.725 PMID: 12610029 15. Д. Н. Шерьязданова, Е. М. Ларюшина, В. Ф. Парахина, А. А. Шалыгина, А. Б. Бугибаева FINDRISK шкаласы бойынша 2 типті кант диабетінің даму қауіпі бар наукастардағы 1,5 ангидро-д-сорбитол. УДК 616.379/.1-008.64. Медицина и экология, 2020, 3 16. Д.Д. Тiлекенова, А.Ш. Сартаева, Г.С. Дильмагамбетова, З.Б. Молдашева, А.М. Тулеуов. Применение шкал риска развития сахарного диабета в условиях первичной медико-санитарной помощи. Астана медициналық журналы №1(103), 2020 70б. МРНТИ 76.29.37 УДК 616.379-008.64:614.812 №1(103), 2020 69 17. Antonio E Pesaro , Márcio Sommer Bittencourt , Marcelo Franken , Jose A M Carvalho , Daniel Bernardes , Jaakko Tuomilehto , Raul D Santos // The Finnish Diabetes Risk Score (FINDRISC), incident diabetes and low-grade inflammation. Diabetes Res Clin Pract.2021 Jan;171:108558. PMID: 33242513 DOI: 10.1016/j.diabres.2020.108558 Epub 2020 Nov 23. 18. Fizelova M, Jauhiainen R, Stančáková A, Kuusisto J, Laakso M (2016) Finnish Diabetes Risk Score Is Associated with Impaired Insulin Secretion and Insulin Sensitivity, Drug-Treated Hypertension and Cardiovascular Disease: A Follow-Up Study of the METSIM Cohort. PLoS ONE 11(11): e0166584. PMCID: PMC5112858 DOI: 10.1371/journal.pone.0166584 19. Tulin Yildiz, Senay Zuhur, Sayid Shafi Zuhur // Diabetes Risk Assessment and Awareness in a University Academics and EmployeesSisli Etfal Hastan Tip Bul .2021 Dec 29;55(4):524-531. eCollection 2021.. PMID: 35317370 PMCID: PMC8907689 DOI: 10.14744/SEMB.2021.84770 20. Shenyi Jin, Qingguang Chen, Xu Han, Yahua Liu, Mengjie Cai, Zheng Yao, Hao Lu // Comparison of the Finnish Diabetes Risk Score Model With the Metabolic Syndrome in a Shanghai Population. Front. Endocrinol., 22 February 2022 Sec. Clinical Diabetes Volume 13 - 2022 | PMID: 35273562 PMCID: PMC8902815 DOI: 10.3389/fendo.2022.725314 21. Исмаилов С.И., Акбаров З.С., Рахимова Г.Н., Алиева А.В/ Экономически эффективная модель скрининга сахарного диабета 2-го типа в Республике Узбекистан / Вестник экстренной медицины, 2021, том 14, №3 УДК :616.462:612.352.12-073.43(575.1). 22. В.Г. Князева, Р.Б. Султаналиева. Использование анкеты findrisk как эффективного инструмента оценки риска нарушений углеводного обмена в Кыргызстане. // Символ науки. - 2016. - № 2-3. – С. 158-162 60б 23. Dirk Ziebolz, Inga Bauwe, Jana Schmidt, Tanja Kottmann, Sven Rinke, Gerhard Schmalz.: Diabetes Screening in Dental Practice Using the Find-Risk Questionnaire A Practice-based Pilot Study. Oral Health Prev Dent. 2019;17(2):147-156. PMID: 30968070 DOI: 10.3290/j.ohpd.a42370 24. Jörn Lötsch , Antje Hähner, Peter Schwarz, Sergey Tselmin, Thomas Hummel.: Machine Learning Refutes Loss of Smell as a Risk Indicator of Diabetes Mellitus. J Clin Med.2021 Oct 26;10(21):4971. PMID: 34768493 PMCID: PMC8584618 DOI: 10.3390/jcm10214971 25. Franziska Püschner, Dominika Urbanski-Rini, Clara Dubois, Monika Schliffke, Martin Göhl, Carsten Petersen.: Dimini (Diabetes mellitus? – Ich nicht!): Aktivierung der Gesundheitskompetenz von Versicherten mit erhöhtem Risiko für Diabetes mellitus Typ 2 mittels Coaching in der Vertragsarztpraxis. 2022., Diabetologie und Stoffwechsel 2022; 17(05): 389-400. PMID: 34008163 DOI: 10.1007/s11136-02102878-2 Püschner F, Wetzel S, Urbanski-Rini D, Bertram N, Schliffke M, Göhl M, Petersen C; Dimini Consortium. The association between the risk of developing type 2 diabetes mellitus and health-related quality of life: baseline results from the Dimini lifestyle intervention. Qual Life Res. 2021 Dec;30(12):3523-3533. PMID: 34008163 DOI: 10.1007/s11136-021-02878-2 26. Jølle A, Midthjell K, Holmen J, Carlsen SM, Tuomilehto J, Bjørngaard JH, Åsvold BO. Validity of the FINDRISC as a prediction tool for diabetes in a contemporary Norwegian population: a 10-year follow-up of the HUNT study. BMJ Open Diabetes Res Care. 2019 Nov 28;7(1):e000769. PMID: 31803483 PMCID: PMC6887494 DOI: 10.1136/bmjdrc-2019-000769 27. Lim HM, Chia YC, Koay ZL. Performance of the Finnish Diabetes Risk Score (FINDRISC) and Modified Asian FINDRISC (ModAsian FINDRISC) for screening of undiagnosed type 2 diabetes mellitus and dysglycaemia in primary care. Prim Care Diabetes. 2020 Oct;14(5):494-500. Epub 2020 Mar 7. PMID: 32156516 DOI: 10.1016/j.pcd.2020.02.008 28. Gabriel R, Acosta T, Florez K, Anillo L, Navarro E, Boukichou N, Acosta-Reyes J, Barengo NC, Lindström J, Tuomilehto JO, Aschner P. Validation of the Finnish Type 2 Diabetes Risk Score (FINDRISC) with the OGTT in Health Care Practices in Europe. Diabetes Res Clin Pract. 2021 Aug;178:108976. DOI: 10.1016/j.diabres.2021.108976.Epub 2021 Jul 22. PMID: 34302911. 29. Bernabe-Ortiz A, Perel P, Miranda JJ, Smeeth L. Diagnostic accuracy of the Finnish Diabetes Risk Score (FINDRISC) for undiagnosed T2DM in Peruvian population. Prim Care Diabetes. 2018 Dec;12(6):517-525. DOI: 10.1016/j.pcd.2018.07.015 Epub 2018 Aug 18. PMID: 30131300; PMCID: PMC6249987. 30. Zatońska K, Basiak-Rasała A, Połtyn-Zaradna K, Różańska D, Karczewski M, Wołyniec M, Szuba A. Characteristic of FINDRISC Score and Association with Diabetes Development in 6-Year Follow-Up in PURE Poland Cohort Study. Vasc Health Risk Manag. 2021 Sep 27;17:631-639. DOI: 10.2147/VHRM.S321700 PMID: 34611406; PMCID: PMC8486267. 31. Muñoz-González MC, Lima-Martínez MM, Nava A, Trerotola G, Paoli M, Cabrera-Rego JO, Gonzalez B, Arciniegas A, Paez J. FINDRISC Modified for Latin America as a Screening Tool for Persons with Impaired Glucose Metabolism in Ciudad Bolívar, Venezuela. Med Princ Pract. 2019;28(4):324-332. DOI: 10.1159/000499468 Epub 2019 Mar 11. PMID: 30852570; PMCID: PMC6639652. 32. Volaco A, Martins CM, Soares JQ, Cavalcanti AM, Moyses ST, Filho RP, Baena CP, Precoma DB. Neck Circumference and its Correlation to Other Anthropometric Parameters and Finnish Diabetes Risk Score (FINDRISC). Curr Diabetes Rev. 2018;14(5):464-471. DOI:10.2174/1573399813666171002113442. PMID:28969558. 33. Ephraim RKD, Owusu VB, Asiamah J, Mills A, Abaka-Yawson A, Kpene GE, Kwadzokpui PK, Adusei S. Predicting type 2 diabetes mellitus among fishermen in Cape Coast: a comparison between the FINDRISC score and the metabolic syndrome. J Diabetes Metab Disord. 2020 Oct 8;19(2):1317-1324. PMID: 33520838 PMCID: PMC7843673 DOI: 10.1007/s40200-020-00650-w 34. Milovanovic S, Silenzi A, Kheiraoui F, Ventriglia G, Boccia S, Poscia A. Detecting persons at risk for diabetes mellitus type 2 using FINDRISC: results from a community pharmacy-based study. Eur J Public Health. 2018 Dec 1;28(6):1127-1132. DOI: 10.1093/eurpub/cky009 PMID: 29408980. 35. Jurca-Simina IE, Jugănaru I, Iurciuc MŞ, Iurciuc S, Ungureanu E, Dobrescu AI, Chiriţă-Emandi A, Voinescu OR, Olariu IC, Puiu M, Georgescu D, Borugă VM. What if body fat percentage association with FINDRISC score leads to a better prediction of type 2 diabetes mellitus? Rom J Morphol Embryol. 2019;60(1):205-210. PMID: 31263846. 36. Varela-Vega Y, Roy-García IA, Pérez-Rodríguez M, Velázquez-López L. Diagnostic performance of the FINDRISC questionnaire to identify insulin resistance in adults. Rev Med Inst Mex Seguro Soc. 2023 Jan 2;61(1):33-41. PMID: 36542467 37. Ибадова А.М., Рыбалка О.О.: Оценка риска развития сахарного диабета 2-го типа с использованием шкалы FINDRISK., 2018., Сборник статей по материалам V Всероссийской конференции молодых ученых «Наука и инновации XXI века», г. Сургут, 2018 г. 150-152 б. УДК 616.1+616.441-07 38. Пырикова Н.В.,Осипова И.В., Антропова О.Н., Иощенко А.В., Журавлева А.Н., Горохова С.Г.: Оценка факторов риска сердечно-сосудистых заболеваний у госпитализированных работников локомотивных бригад.,2022. DOI: 10.31684/25418475_2022_2_28 39. Желябина Ольга Владимировна, Елисеев М.С., Глухова С.И., Чикина М.Н., and Паневин Т.С.. "ФАКТОРЫ РИСКА РАЗВИТИЯ САХАРНОГО ДИАБЕТА 2ГО ТИПА У ПАЦИЕНТОВ С ПОДАГРОЙ: РЕЗУЛЬТАТЫ ПРОСПЕКТИВНОГО ИССЛЕДОВАНИЯ" Современная ревматология, vol. 16, no. 1, 2022, pp. 52-59. 40. Rokhman MR, Arifin B, Zulkarnain Z, Satibi S, Perwitasari DA, Boersma C, Postma MJ, van der Schans J. Translation and performance of the Finnish Diabetes Risk Score for detecting undiagnosed diabetes and dysglycaemia in the Indonesian population. PLoS One. 2022 Jul 21;17(7):e0269853. DOI: 10.1371/journal.pone.0269853. PMID: 35862370; PMCID: PMC9302803. 41. Nieto-Martínez R, González-Rivas JP, Ugel E, Marulanda MI, Durán M, Mechanick JI, Aschner P. External validation of the Finnish diabetes risk score in Venezuela using a national sample: The EVESCAM // Prim Care Diabetes. - 2019 Dec - 13(6) - 574-582. PMID: 31202539 DOI: 10.1016/j.pcd.2019.04.006 42. Mahmoodzadeh S, Jahani Y, Najafipour H, Sanjari M, Shadkam-Farokhi M, Shahesmaeili A. External Validation of Finnish Diabetes Risk Score and Australian Diabetes Risk Assessment Tool Prediction Models to Identify People with Undiagnosed Type 2 Diabetes: A Cross-sectional Study in Iran // Int J Endocrinol Metab. - 2022 Oct 31 - 20(4):e127114. PMID: 36714189 PMCID: PMC9871969 DOI: 10.5812/ijem-127114 43. Mizohata S, Uesugi Y, Matsuo H. Factors Affecting the Risk of Diabetes Development among Brazilian Residents in Japan // Int J Environ Res Public Health. 2022 Jun 23 - 19(13):7698. PMID: 35805352 PMCID: PMC9266133 DOI: 10.3390/ijerph19137698 44. Soto-Vega E, Carrillo-Vicente LS, Vázquez JC, Pérez de Celis Herrero MC, Muñoz-Pérez MJ. Metabolic Changes in Children that Received Chemotherapy // J Pediatr Hematol Oncol. - 2019 Aug - 41(6) - 448-451. PMID: 30676437 DOI: 10.1097/MPH.0000000000001401 45. Rojas-Martínez R, Aguilar-Salinas CA, Romero-Martínez M, Castro-Porras L, Gómez-Velasco D, Mehta R. Trends in the prevalence of metabolic syndrome and its components in Mexican adults, 2006-2018 // Salud Publica Mex. - 2021 Nov 5 - 63(6, Nov-Dic) - 713-724. PMID: 35099910 DOI: 10.21149/12835 46. Idowu AO, Adesegun OA, Akintunde A, Alalade BA, Osibowale BT, Odelola OI, Ogunkoya JO, Idowu AA, Ayoade AO, Omokore OA, Imishue OT. 10-Year Risk of Developing Type 2 Diabetes Mellitus: A Survey of Rural Communities in Southern Nigeria // West Afr J Med. - 2022 Nov 30 - 39(11) - 1113-1118. PMID: 36453196 47. Gagliardino JJ, Elgart JF, Bourgeois M, Etchegoyen G, Fantuzzi G, Ré M, Ricart JP, García S, Giampieri C, González L, Suárez-Crivaro F, Kronsbein P, Angelini JM, Martínez C, Martínez J, Ricart A, Spinedi E.Diabetes primary prevention program: New insights from data analysis of recruitment period // Diabetes Metab Res Rev. 2018 Jan- 34(1). PMID: 28843031 DOI: 10.1002/dmrr.2943 48. Henjum S, Hjellset VT, Andersen E, Flaaten MØ, Morseth MS. Developing a risk score for undiagnosed prediabetes or type 2 diabetes among Saharawi refugees in Algeria // BMC Public Health. - 2022 Apr 11 - 22(1):720. PMID: 35410198 PMCID: PMC9004169 DOI: 10.1186/s12889-022-13007-0 49. Nascimento LG, Nascimento RCRMD, Frade JCQP, Pinheiro EB, Ferreira WM, Reis JS, Melo KFS, Pontarolo R, Lenzi MSA, de Almeida JV, João WJ, Pedrosa HC, Correr CJ, Coura-Vital W. New Brazilian regional scenario of Type 2 diabetes risk in the next ten years // Prim Care Diabetes. 2021 Dec - 15(6) - 1019-1025. PMID: 34362696 DOI: 10.1016/j.pcd.2021.07.011 50. Galvács H, Szabó J, Balogh Z. Risk-based diabetes screening in a Hungarian general practice: comparison of laboratory methods and diagnostic criteria // Prim Health Care Res Dev. - 2021 Apr 22 - 22:e17. PMC8101079 DOI: 10.1017/S1463423621000037 PMID: 33883050 PMCID: