Загрузил Kadyrzhan Kadesov

такрыптык сабак Казакстан

Реклама
№23 «Ынтымақ»бөбекжай бақшасы
Тақырыптық іс-әрекет: «Қазақстан-туған елім»
Ересек «Балдәурен»тобы
Ересек «Балдәурен»тобы
Өткізген тәрбиеші: Кусайнова С
2022жыл
Тақырыбы: «Қазақстан-туған елім».
Мақсаты: Балалардың Қазақстан,туған жер туралы түсініктерін
кеңейту.Балаларға еліміздің рәміздерін қастерлеуге,Отанын,туған елін,жерін
сүюге,қадірлеуге үйрету.Патриоттық тәрбие беру.
Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу,сұрақ-жауап,мақал-мәтел,тақпақтар.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы,суреттер,слайд.
Жүру барысы.
Әнұран айту.(Барлығы орындарынан тұрып,жүректеріне оң қолдарын
қояды).
-Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы.
-Біздің ұлтымыз кім?
-Қазақ.
-Біз қай тілде сөйлейміз?
-Қазақ тілінде сөйлейміз
-Бас қаламыз қай қала?
-Астана қаласы.
Балаларға Қазақстан картасын көрсету.Еліміздің алып жатқан жері ұлан
байтақ.Онда көптеген ұлттың өкілдері тату-тәтті
тұрады.Мысалы:орыс,өзбек,қырғыз,татар,корей,шешен т.б. Әр ұлттың тілі
мен діні сақталған.
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Егеменді,тәуелсіз мемлекет.
Біздің сүйікті Отанымыздың тәуелсіздігінің белгісі ретінде мемлекеттік
рәміздер ту,елтаңба,әнұран бар.
Тудың түсі көк,ортасында күн шуағы,астында қыран құс бар.Қазақстанда
тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап,қырандай самғай
берсін дегені.Тудың авторы. Шакен Ниязбеков.
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды. Каусар
Елтаңбаның орталық элементі-шаңырақ.Шаңырақ бастауы-отбасы ошағын
бейнелейді.Қанатты тұлпар мәңгілік өмір,болашақ үміт артар жас ұрпақтың
арманы,самғау биігі.Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар.Әр адамның
өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады.Мемлекеттің де өз жұлдызы
болуы керек.Елтаңба авторы:Шота Аман Уалиханов,Жандарбек Мәлібеков.
Құт береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген. Адия
Әнұранның сөзін жазғандар:Жұмекен Нажмиденов,Нұрсұлтан Назарбаев,
Әні:Шамші Қалдаяқов
Д/ойын:»Өз туыңды тауып ал».
Д/ойын:»Әуендер ішінен әнұранды тап»
Отан дегеніміз біздің әке-шешеміз,туған туыстарымыз,ауыл,қаламыз.
Тақпақтар.
Отан-атам,Отан-әкем
Осы сөзім қате ме екен? Мадина
Қате болса неге біздер
Дейміз оны атамекен.
Отан-сенің ата-анаң
Отан-досың,бауырың
Отан-өлкең,астанаң
Арсен
Отан-аудан,ауылың.
Мақал-мәтел.
Отан-оттан да ыстық. Амир
Отанды сүю отбасынан басталады. Сымбат
Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас. Асинат
-Балалар біз қайда тұрамыз?
-Ауылда
-Ауылымыз қалай аталады?
-Дамбы елді мекені.Сендер ауылды жаксы көресіңдер ме?(балалардың
жауабы)
Балабақшамыз қалай аталады?
-«Ынтымақ» балабақшасы.
Дұрыс айтасыңдар балалар,сендер болашағы жарқын еліміздің
азаматысыңдар.Еліміз,жеріміз гүлдеп жайнай берсін.
Қорытынды: Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің.
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің.
Скачать