Загрузил Kadyrzhan Kadesov

сценарий куз

Реклама
Тақырыбы: «Аяулы күз,алтын күз»
Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру,мерекелік көңілкүй сыйлау.Балаларды ән салуға,би билеуге түрлі іс-әрекеттерге
тарту,шығармашылық ой-қиялдарының дамуына ықпал ету.Ата-анамен тығыз
қарым-қатынас орнату.
Көрнекілігі: Зал мерекеге сай безендірілген,слайд.
Жүргізуші:
Шоғы толған гүлдей жайнап,шақырады жарқын жүз
Сайраңдаған күліп-ойнап,келді міне,алтын күз.
Жел тынымсыз гуілдеп,болып кетті тым бұзық,
Шуылдайды тал,терек жапырағын жұлғызып.
Құрметті қонақтар,әріптестер,ата-аналар ел байлығын арттырған берекелі де
мерекелі күз мерекесі құтты болсын.»Балдәурен»тобының «Аяулы куз,алтын
күз»атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.Ортаға «Балдәурен»тобының
бүлдіршіндерін шақырайық.
Жүру барысы: Әсем музыка ырғағымен балалар залға билеп кіреді.(екі жаққа
бөлініп орындарына жайғасады)
Ән: Балалардың орындауында «Күз әуені»әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Балалар әсем безендірілген залда әдемі киініп қандай мерекені
тойлағалы отырмыз?
-Алтын күз мерекесін тойлаймыз.
-Алтын күз мерекесін тойлау үшін ортамызға күз ханшайымын шақырайық.
Күз ханшайымы: (тақпағы,сөзі,муз керек)
Сәлеметсіңдер ме балалар.Бүгінгі алтын күз мерекелерің құтты болсын.Әдемі
киініп,жүздерің бал-бұл жайнайды.Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Балалар,сендерге бірнеше сұрақтар ала келдім.Сұраққа жауап беруге
дайынсыңдар ма?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі.
-Күз мезгілінің неше айы бар?үш айы
-Күз мезгілдерін атайықшы:қырқүйек,қазан,қараша.
-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Күн салқындайды,құстар жылы жаққа ұшып кетеді,жапырақтар сарғайып жерге
түседі,адамдар,балалар жылы киімдер киеді,аспанды бұлт басып,жаңбыр
жиі жауады.
Жарайсыңдар балалар өте білімді екенсіңдер енді өнерлеріңді көрейін.
Жүргізуші:Күз ханшайымы мерекеге қош келдіңіз.Төрден орын алып
балалардың өнерін тамашалаңыз.
Балалардың күзге арнаған тақпақтарына кезек берейік.
Адия,Еркебұлан,Рақым,С.Амир,Б.Амир,Б.Дария,Алиярбек(7бала)
Ғажайып сәт:Қоян кіреді(муз)
Жүгіріп,залды бір айналып шығады.Балалар,мені түлкі қуып келе жатыр,мен
қайда тығыламын? (Жүгіріп үйшіктің ішіне кіріп кетеді)
Артынан қоянды іздеп түлкі залға жүгіріп кіреді(Муз)
-Балалар,қоянды көрдіңдер ме?(жан-жағына қарайды)
-Сәлеметсіңдер ме,балалар,бәрің әдемі киініп алыпсыңдар,зал да әдемі
безендірілген қандай мереке болып жатыр?
Жүргізуші:
-Сәлеметсің бе,түлкі.Бүгін алтын күз мерекесі.Мерекеде ешкім ренжуге,ешкімді
ренжітуге болмайды.Сен қоянға тиіспеймін,қоянмен дос боламын деп уәде бер
сонда ғана қоянды ортаға шақырамыз.
Түлкі:түсіндім,түсіндім.Мен қоянға тиіспеймін деп уәде беремін.
Жүргізуші:Балалар,түлкіге сенеміз бе?Иә
Ендеше,қоян ортаға шық түлкі саған тиіспеймін деп балаларға уәде берді.
Қоян:(үйшіктен шығады)
-Сәлеметсіңдер ме,балалар,мен орманға көжектеріме азық іздеп шыққанмын
Түлкіні көріп қорқып қашып сендерге келіп тығылдым,әйтпесе түлкі мені жеп
қояды.Қыс болса келіп қалды,көжектерімде азық жоқ сендер маған
көмектесесіңдер ме?Күз ханшаймы сен де мерекеге келген екенсің ғой.
Жүргізуші:
-Әрине көмектесеміз,қоянның сүйікті асы не?қоян нені жақсы көреді?
-Қоян сәбізді жаксы көреді.
-Күз ханшайымының себетінде көптеген көкөністер мен жемістер бар.
Солардың ішінен тек сәбізді қоянға жинап берейік.
Қоян:рахмет,балалар маған көп сәбіз жинап бердіңдер,көжектерім қуанып
қалатын болды.Бізге дос болуды үйреттіңдер,солай ма түлкі досым.
Түлкі:иә,бұдан былай екеуміз дос боламыз.(екеуі қолдарынан ұстап
секіріп,билейді).
Жүргізуші: Балдырғандар бүгінгі
Еркелігін тастайды.
Күз туралы сіздерге
Тақпақтарын бастайды.
Айзере,Ұлан,Фаиза,Медина,Көркем,Р.Алинұр (6 бала)
Шаршауды білмейміз
Көңілді би билейміз.
Әсем сазды ән салып
Би билеуге дайынбыз.
Би: Ұлдардың орындауында »Егіншілер»биін қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Күзде өздері пісетін,тамаққа кеп түсетін
Мақтанбақшы сендерге,көкөністер сан түрлі.
Ортаға көкөністер мен жемістерді шақырайық.
Каусар(алмұрт)
Ғидаят(жуа)
Мадина(қызылша)
Қ.Дария(шие)
Би-барыс(сәбіз)
Асинат(капуста)
Арсен(өрік)
Сымбат(картоп)
Даниал(алма)
У.Алинұр(қияр)(10 бала)
Дұрыс айтасыңдар,балалар сендердің әрқайсыларыңда адамның ағзасына
пайдалы көптеген дәрумендер бар.Дәрумен жеген балалардың денсаулығы
мықты болады.Сондықтан бәрің де адамға пайдалысыңдар және керексіңдер.
Қызыл,жасыл,сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі.
Ән салайық,би билейік
Күз әніне қосыла.
Балалардың орындауында «Алтын күз»әнін қабыл алыңыздар.
Биші қыздардың орындауында «Күз» биін тамашалаңыздар.
Күз ханшайымы:Балалар,сендер өнерлі,білімді,ақылды екенсіңдер.Мен құр қол
келмей сендерге ойын ала келдім.Ойын ойнағыларың келе ме?
Ойын:»Егін жинау»
Шарты:Екі топқа бөлініп,егін егіп,оны жинап жарысамыз.
Күз ханшайымы: Мен сендердің өнерлеріңе,білімдеріңе риза болдым.Алға
қарай да ақылды дендерің сау болсын.Тағы да баратын жерлерім болғандықтан
сендермен қоштасатын уақытым болды.Қош сау болыңдар.
Түлкі: сендер бізге дос болуды үйреттіңдер сау болыңдар балалар.
(үшеуі шығып кетеді)
Жүргізуші:
Жаушы жаңбыр,жау жаңбыр
Табиғатты жандандыр.
Жайнап өссін құлпырып
Шөлдеп,солып қалған гүл.
Балалардың орындауында »Жаңбыр»әнін қабыл алыңыздар.
Соңғы шуақ төгіліп салқынданып тұр аймақ
Ақ сәулеге шомылып жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай,қызғылт тартты сары күз
Жер қызығын қия алмай маужырап тұр сары күз.
Осымен,»Балдәурен»тобының ұйымдастыруымен болған «Аяулы күз,алтын
күз»атты ертеңгілігі өз мәресіне жетті.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға мың
алғыс.Сөз беру.
Ход
1.Жүргізуші сөзі
2.Балалардың кіруі
3.Ән «Күз әуені»
4.Жүргізуші сөзі
5.Күз ханшайымының кіруі (муз)
6.Тақпақтар (7 бала)
7.Ғажайып сәт: Қоян кіреді(муз)
8.Түлкі кіреді(муз)
9.Жүргізуші сөзі
10.Тақпақтар(6 бала)
11.Би: «Егіншілер» (ұлдар)
12.Тақпақтар:Көкөністер мен жемістер
13.Ән: «Алтын күз»
14.Би:»Күз»(қыздар)
15.Ойын:»Егін жинау»
16.Күз ханшайымының шығуы(қоян,түлкі)
17.Ән:»Жаңбыр»
18.Соңы.
Тақырыбы: «Аяулы күз,алтын күз»
Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру,мерекелік көңілкүй сыйлау.Балаларды ән салуға,би билеуге түрлі іс-әрекеттерге
тарту,шығармашылық ой-қиялдарының дамуына ықпал ету.Ата-анамен тығыз
қарым-қатынас орнату.
Көрнекілігі: Зал мерекеге сай безендірілген,слайд.
Жүргізуші:
Шоғы толған гүлдей жайнап,шақырады жарқын жүз
Сайраңдаған күліп-ойнап,келді міне,алтын күз.
Жел тынымсыз гуілдеп,болып кетті тым бұзық,
Шуылдайды тал,терек жапырағын жұлғызып.
Құрметті қонақтар,әріптестер,ата-аналар ел байлығын арттырған берекелі де
мерекелі күз мерекесі құтты болсын.»Балдәурен»тобының «Аяулы күз,алтын
күз»атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.Ортаға «Балдәурен»тобының
бүлдіршіндерін шақырайық.
Жүру барысы: Әсем музыка ырғағымен балалар залға билеп кіреді.
Ән: «Күз әуені».
Жүргізуші:Балалар әсем безендірілген залда әдемі киініп қандай мерекені
тойлағалы отырмыз?
-Алтын күз мерекесін тойлаймыз.
-Алтын күз мерекесін тойлау үшін ортамызға күз ханшайымын шақырайық.
Күз ханшайымы:
Сәлеметсіңдер ме балалар.Бүгінгі алтын күз мерекелерің құтты болсын.Әдемі
киініп,жүздерің бал-бұл жайнайды.Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Балалар,сендерге бірнеше сұрақтар ала келдім.Сұраққа жауап беруге
дайынсыңдар ма?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінің неше айы бар?
-Күз мезгілдерін атайықшы:қырқүйек,қазан,қараша.
-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Жарайсыңдар балалар өте білімді екенсіңдер енді өнерлеріңді көрейін.
Жүргізуші:Күз ханшайымы мерекеге қош келдіңіз.Төрден орын алып
балалардың өнерін тамашалаңыз.
Балалардың күзге арнаған тақпақтарына кезек берейік.
Адия,Еркебұлан,Рақым,С.Амир,Б.Амир,Б.Дария,Алиярбек
Ғажайып сәт:Қоян кіреді.
Балалар,мені түлкі қуып келе жатыр,мен қайда тығыламын? (Жүгіріп үйшіктің
ішіне кіріп кетеді)
Артынан қоянды іздеп түлкі кіреді.
-Балалар,қоянды көрдіңдер ме?(жан-жағына қарайды)
-Сәлеметсіңдер ме,балалар,бәрің әдемі киініп алыпсыңдар,зал да әдемі
безендірілген,қандай мереке болып жатыр?
Жүргізуші:
-Сәлеметсің бе,түлкі.Бүгін алтын күз мерекесі.Мерекеде ешкім ренжуге,ешкімді
ренжітуге болмайды.Сен қоянға тиіспеймін,қоянмен дос боламын деп уәде
бер,сонда ғана қоянды ортаға шақырамыз.
Түлкі:түсіндім,түсіндім.Мен қоянға тиіспеймін,қоянмен дос боламын деп уәде
беремін.
Жүргізуші:Балалар,түлкіге сенеміз бе?Иә
Ендеше,қоян ортаға шық түлкі саған тиіспеймін деп балаларға уәде берді.
Қоян:(үйшіктен шығады)
-Сәлеметсіңдер ме,балалар,мен орманға көжектеріме азық іздеп шыққанмын
Түлкіні көріп қорқып қашып сендерге келіп тығылдым,әйтпесе түлкі мені жеп
қояды.Қыс болса келіп қалды,көжектерімде азық жоқ сендер маған
көмектесесіңдер ме?Күз ханшаймы сен де мерекеге келген екенсің ғой.
Жүргізуші:
-Әрине көмектесеміз,қоянның сүйікті асы не?қоян нені жақсы көреді?
-Қоян сәбізді жаксы көреді.
-Күз ханшайымының себетінде көптеген көкөністер мен жемістер бар.
Солардың ішінен тек сәбізді қоянға жинап берейік.
Қоян:рахмет,балалар маған көп сәбіз жинап бердіңдер,көжектерім қуанып
қалатын болды.Бізге дос болуды үйреттіңдер,солай ма түлкі досым.
Түлкі:иә,бұдан былай екеуміз дос боламыз.(екеуі қолдарынан ұстап
секіріп,билейді).
Жүргізуші: Балдырғандар бүгінгі
Еркелігін тастайды.
Күз туралы сіздерге
Тақпақтарын бастайды.
Айзере,Ұлан,Фаиза,Медина,Көркем,Р.Алинұр
Шаршауды білмейміз
Көңілді би билейміз.
Әсем сазды ән салып
Би билеуге дайынбыз.
Би:»Егіншілер»(ұлдардың орындауында)
Жүргізуші: Күзде өздері пісетін,тамаққа кеп түсетін
Мақтанбақшы сендерге,көкөністер сан түрлі.
Ортаға көкөністер мен жемістерді шақырайық.
Каусар
Ғидаят
Мадина
Қ.Дария
Би-барыс
Асинат
Арсен
Сымбат
Даниал
У.Алинұр
Дұрыс айтасыңдар,балалар сендердің әрқайсыларыңда адамның ағзасына
пайдалы көптеген дәрумендер бар.Дәрумен жеген балалардың денсаулығы
мықты болады.Сондықтан бәрің де адамға пайдалысыңдар және керексіңдер.
Қызыл,жасыл,сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі.
Ән салайық,би билейік
Күз әніне қосыла.
Ән: «Алтын күз»
Би: «Күз» (қыздардың орындауында)
Күз ханшайымы:Балалар,сендер өнерлі,білімді,ақылды екенсіңдер.Мен құр қол
келмей сендерге ойын ала келдім.Ойын ойнағыларың келе ме?
Ойын:»Егін жинау»
Шарты:Екі топқа бөлініп,егін егіп,оны жинап жарысамыз.
Күз ханшайымы: Мен сендердің өнерлеріңе,білімдеріңе риза болдым.Алға
қарай да ақылды дендерің сау болсын.Тағы да баратын жерлерім болғандықтан
сендермен қоштасатын уақытым болды.Қош сау болыңдар.
Түлкі: сендер бізге дос болуды үйреттіңдер сау болыңдар балалар.
(үшеуі шығып кетеді)
Жүргізуші:
Жаушы жаңбыр,жау жаңбыр
Табиғатты жандандыр.
Жайнап өссін құлпырып
Шөлдеп,солып қалған гүл.
Ән: »Жаңбыр»
Жүргізуші сөзі:
Соңғы шуақ төгіліп салқынданып тұр аймақ
Ақ сәулеге шомылып жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай,қызғылт тартты сары күз
Жер қызығын қия алмай маужырап тұр сары күз.
Осымен,»Балдәурен»тобының ұйымдастыруымен болған «Аяулы күз, алтын
күз»атты ертеңгілігі өз мәресіне жетті.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға мың
алғыс.Сөз беру.
№23 «Ынтымақ»бөбекжай бақшасы
Ертеңгілік : «Аяулы күз, алтын күз»
Ересек «Балдәурен»тобы
Өткізген тәрбиеші: Кусайнова С
2022жыл
Скачать