Загрузил sh.imanbayeva

«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» АБАЙ

Реклама
Сабақтың тақырыбы: «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Қызарып, сұрланып»
өлеңдері
Сабақтың жалпы мақсаты:
«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты
лирикалық өлеңіндегі қазақ әйелінің сөзбен сомдалған портреті, сұлулыққа,
жарасымдылыққа, мәдениеттілікке, ізеттілікке тәрбиелеу мұраты; «Қызарып,
сұрланып» өлеңінде ақынның ғашықтық сезімді, махаббат мұңын айшықты кестелеуі,
Абайдың махаббат сезімдерін жырлаудағы шеберлігін ұғындыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сауаттылық хаттар, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі:
1) Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;
2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы
«Санат» 1995 ж;
I. Қызығушылықты ояту сатысы:
1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.
2) Өткен тақырыпты еске түсіру.
II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ
«ҚАҚТАҒАН АҚ КҮМІСТЕЙ КЕҢ МАҢДАЙЛЫ» - Абайдың 1884
жылы жазған өлеңі. Көлемі 20 жол.
Жанры жағынан – лирикалық өлең-портрет. Ақын сұлулыққа,
жарасымдылыққа, мәдениеттілікке, ізттілікке деген өз талғамын алға тарта
отырып, ауыл жастары арасынан сұлулық үлгісін іздейді. Сондықтан «Аласы аз
қара көзі нұр жайнап», жанарынан жалын ұшқындаған, шат көңілді, көлденең көк
аттыға есесін жібере қоймайтын ерікті, әдемі ару бейнесін жырға қосады. Ол
әлсін-әлсін күліп қояды, жұртпен ашық сөйлеседі, томсырайып, жабырқап
тұрмайды.
«Жіңішке қара қасы сызып қойған» туған ай секілді, «Ақша жүз ал қызыл
бет тіл байлады». Сөйлесе не болмаса күлсе көрінетін маржандай кіршіксіз аппақ
тісі іш қайнатады. Құлаққа естілген риясыз сыңғыр қаққан жарқын күлкісі бұлбұл
құс» сайрағандай естіліп, адам жанын баурайды, жүректі лұүпілдетеді. Сыртқы
сұлулығы ішкі сезім дүниесімен астасқан. «Сөйлесе сөзі әдепті, һәм мағыналы»,
аузынан шығатын сөзін бағып, ибалық танытады. «Ажымсыз ақ саусағы іске
ыңғайлы, «Нәзік бел тал шыбықтай», «Қолаң қара шашы», торғындай толқын
ұрып, көз таңдайды». «Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын» Венера
Милосскаяның келбетін, эллинизм идеясын еске түсіреді. Бұрын қазақ
қауымында ою өнерінен басқа кескін ірі болмағанын ескерсек, соның қызметін
поэзияға жүктегісі келген Абай талабын түсінуге болады.
Поэзия мен кескін өнері белгілі бір мөлшерде тоғыса алады. Бірақ поэзия
пластиканы алмастыратындай дәрежеге жеткізілмеуі тиіс. М. О. Әуезовтың бұл
өлеңді «жанды, тірі адамды бейнелудің орнына жансыз сурет беріп отырған
сияқты. Суретшінің қағазға түсіріп отырған портреті айқынырақ сезіледі. Әсем
сұлудың сырт көркімен қатар сезімін, ақыл-мінезін, адамдық ішкі дүниесін
беруді ескере бермейді. Паспорттық сипаттау жасайды» (Шығ. жинағы, 20-т., А., 1985, 108-6.) деп сынауы осы себептен болу керек. Жалпы туындыда ақын
мұндай ару жар кездескен жігітте арман бола ма деген ой тастап, оқырманды қиял
құшағына бөлейді. Өлеңінен Абай поэзиясының шоқтығы саналатын «Айттым
сәлем, қалам қас» шығармасына апаратын алғашқы сорапты аңғаруға болады.
Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Өлең ағылшын, араб,
башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр
тілдеріне аударылған. Туындыға композитор С. Мұхамеджанов романс жазған.
«ҚЫЗАРЫП, СҰРЛАНЫП» - Абайдың 1891 жылы жазған өлеңі.
«Махаббат лирикасының» озық үлгісі. Әрқайсысы 4 тармақты 9 шумақтан
тұрады.
Абай ғашықтық сезімді, махаббат мұңын аса бір шабытпен, беріле құлаған
ынтықтықпен кестелеген. Оның бұл тақырыптағы жырлары ақын сезімінің
мөлдірлігін, түсінігінің тереңдігін, сүйіскен жандарға деген мейірбандылығын
паш етеді. Әсіресе, осы өлеңде махаббаттың тілсіз түсінісі, ретін тауып ауылдан
аулақта кездескен екі жастың бір-біріне деген ғажап іңкәрлігі, жүрек лүпілі
асқан шеберлікпен берілген. Одан ғашықтық пәк сезімнің лебі есіп, қайқайдағыны еске түсіріп, бойды балқытады. Оқырманның көз алдына өзгеден
ұрланып, оңашада қосылған қос ғашық келеді. Ынтызар болып жүріп, бір-біріне
зорға жеткен олар біресе қызарып, біресе бозарып, не істерін білмейді. Өзара тіл
қатыса алмай абдырайды. Дүрс-дүрс соғып, лүпіл қаққан жүрекпен алысып,
көңілмен ғана ұғысады. Табысқан қолдар бір-бірін күйдіріп, тыныс тарылып, түс
бұзылып, талықсып бара жатқандай. Кеудеге кеуде жанасып, иықтар түйіскенде
көздері жұмылып, жүздері төмендеп сала береді. Иектер қайта кетеріліп, ерінге
ерін тигенде буын-буыннан айырылып есеңгірей түседі. Елжіреген жүрек,
босаған буын көзді мұнарландырып, жан рахатына батырады.
Бұл сәт көктегі жұлдызар «біз тұрмыз күзетте, ешкім жоқ, сүйісе беріңдер»
дегендей жымың қағады. Төбеден төнген жапырақтар да «сендерді жасырармыз,
асықпаңдар, ғашықтар»деп тұрғандай. Ғашықтардың бұлармен ісі жоқ, өзді-өзі
әуре. Ақын осындай суретті елестетеді де «жүйрік тіл, терең ой», сол сәтте неге
үнсіз қалдын, махаббат алдында неге дәрменсіздік көрсеттің, «жеңілдің,
жеңілдің»деп, «ғашықтық тілінің-тілсіз тіл» екенін мойындатады. Әдетте ақын өз
басынан кешірген, өз жүрегінен өткізген, өзі сезініп, өзі тұшынған нәрселерді
ғана елжірей егіліп, жан-тәнімен беріліп
жырлай алады десек, осы шындықты Абай өлеңінен айқын керуге болады.
«Қызарып сұрланып...» өлеңі А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов шығармалары
сияқты мөлдір махаббатты асқан ілтипатпен жырлаған. Оны табиғаттың көркем
бесігінде әлдилей білген. Жасырын кеште алғаш кездесіп, сөз таба алмай, тек
қана лүпіл қаққан жүрекпен, қабақпен сыр танытқан қос өрім. Алабұртқан іңкәр
сезім тасқынын балауса пәк көңіл сәл тежей бергендей. Енді бір сәт бар әлем
ұмыт болып, тулаған жүрек тілегіне ерік беріп, рахат мұнарына шомған екі жас.
Бүкіл жан-сезім, ақыл-ес бір-біріне арбалып, ажырамасқа ант еткендей. Міне,
ақын жүрек дүрсіл іқұлаққа келіп, ыстық дем ібетке тиген махаббаттың жанды
суретін осылайша берген. Ақын осындай табиғи күйде, аса бір іңкәр күйде
табысқан жүректерді құптап, қостайды. «Абайдың махаббат жайындағы ең нәзік,
ең көркем, терең сезімдері осы өлеңде»,- дейді М. Әуезов.
Өлең 6-7 буыннан тұратын шалыс ұйқас үлгісімен өрнектелген.
Өлең ағылшын, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік,
түрікмен, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.
.
III. Ойтолғаныс сатысы
 Өлеңді оқу және талдау.
Қақтаған ақ күмістей кең мандайлы
Қызарып, сұрланып
Қақтаған ақ күмістей кең мандайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Мандайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды.
Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды.
Сөйлесе, сөзі әдепті әм мағыналы,
Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды.
Жұп-жұмыр, ақ торғындай мойыны бар,
Үлбіреген тамағын күн шалмайды.
Тақтайдай жауырыны бар, иығы тік,
Екі алма кеудесінде қисаймайды.
Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес,
Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды.
Етіндей жас баланың білегі бар,
Әжімсіз ақ саусағы іске ыңғайлы.
Қолаң қара шашы бар жібек талды
Торғындай толқын ұрып көз таңдайды.
Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі.
Өзгеден ұрланып,
Өзді-өзі керегі.
Қандай қызда ләззат бар жан татпаған?
Сұлуы бүл заманның тек жатпаған.
Он сегіз, он тоғызға келгеннен соң,
Екі асық құмарлы,
Бір жолдан қайта алмай.
Жолықса ол зарлы,
Сөз жөндеп айта алмай.
Аяңдап ақырын,
Жүрекпен алысып,
Сыбдырын, тықырын,
Көңілмен танысып.
Дем алыс ысынып,
Саусағы суынып.
Белгісіз қысылып,
Пішіні құбылып.
Иығы тиісіп,
Тұмандап көздері.
Үндемей сүйісіп,
Мас болып өздері.
Алмасы өкпе болар қол батпаған.
Бұлардың кей бірінің мінездері—
Еш нәрсе көрмегенсіп бұртақтаған.
Кейбірі жайдары, ашық боламын деп,
Орынсыз адамдармен жыртақтаған.
Әуелде сұлу жайы бізге мәлім,
Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған.
Кей жігіт мақтан үшін қылық қылмай,
Бойына майдалықпен сыр сақтаған.
Кей жігіт арсыздықпен ұятсынбай,
Қолы жетпес нәрсеге тыртақтаған.
Орынды іске жүріп, ой таппаған,
Не болмаса жұмыс қып, мал бақпаған.
Қасиетті болмайды ондай жігіт
Әншейін құр бекерге бұлғақтаған.
Жанында жапырақ,
Үстінде жұлдыз да.
Елбіреп-қалтырап,
Жігіт пен ол қыз да.
Өзге ойдан тыйылып,
Бірімен бірі әуре.
Жүрекке құйылып
Жан рахат бір сәуле.
Жүрегі елжіреп,
Буындар босанып.
Рахатпен әлсіреп,
Көзіне жас алып.
Жүйрік тіл, терең ой,
Сол күнде қайда едің?
Ғашыққа мойын қой,
Жеңілдің, жеңілдің!..
 Өлеңнен түсінгендерін «БҮҮ» кестесіне толтыру.
Білетінім
Үйренгенім
Үйренетінім
Сабақты қорыту. Абай туралы эссе жазу.
Оқушылар білімін бағалау.
Үй тапсырмасы: «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Қызарып, сұрланып»
өлеңдерін жаттау.
Скачать