Uploaded by Алуа Искендирова

Рухани жүктілік Гүлзат Акурпикова

advertisement
Рухани
жүкт л к
Жүктілік кезінде оқылатын сүрелер
мен дұғалар
Акурпикова
Гүлзат
Ескендірқызы
1991 жылғы
3 баланың анасы
- 19 жасынан 2010 жылдан бері Исламтанушы ұстаз; (Құран, Араб
тілі грамматикасы және Имани сабақтар ұстазы);
- 11 жылдық тәжрибесі бар ұстаз;
- 2010-2016 жылы "Алматы орталық" мешітінде;
- 2016ж бастап " Төле би" мешітінде;
- 2 жылдық "Арнайы ұстаздарды дайындау" орталығында ілім
алған;
- 2011 жыл Нұр - Мүбарак университетінің 4 жылдық бакалавр;
⠀- 2016 жылы 2 жыл магистратурасын қызыл дипломмен
тәмамдаған; (докторлық оқуға дайындалуда)
- 2020 жылдан бастап «Алматы пәтуа» бөлімінің әйел қыздарға
жауапты маманы;
- Мысыр елінде Араб тілі орталығын аяқтап, куәлік алған;
- Мысырда Тәжірибесі мол, мыңдаған шәкірттің ұстазы шейх
Рәджәб Жебрейілден Құранды бітіріп, куәлігін алған;
- Ораторлық курс пен сөйлеу және шешендік өнері курстарын
арнайы оқып, куәлік алған;
- Практикалық психология курстарына қатысқан;
- Еліміздегі Құран жарыстарына қатысып, еліміздің атынан 54
мемлекет бойынша Малайзия еліндегі қыздар арасындағы құран
жарыстарына қатысқан;
- Қазіргі таңда "Алматы пәтуа" бөлімінің әйел қыздарға жауапты
маманы;
- онлайн дәрістер жүргізеді
@gulzat_akurpikova парақша иесі.
Әссәләмуғаләйкум қадірменді оқырман!
Осы шағын кітапшаны алу арқылы, сіз өзіңізге бір пайдалы дүние
аламын деген ниетіңізді көрсеттіңіз. Енді әлбетте, өз ниетіңіздің
қарымы ретінде пайдалы дүниеге қол жеткізетініңіз анық.
Бұл шағын кітапша болып көрінгенімен, ішінде пайдалы
ақпараттар өте көп. Әсіресе, ерлі-зайыптылар білуі тиіс дұғалар мен
зікірлер (Алланы еске алатын сөздер), бала сұрау, жүкті кезде
оқылатын
дұғалар
мен
толғақты
жеңілдететін
зікірлер,
босанғаннан кейінгі амалдар сынды барынша шариғи негізі бар
мағлұматтарды жинақтадым.
Сол себепті кітапшамен бір танысып шыққаннан кейін, керекті
дұғаларыңызды ұялы телефоныңызға көшіріп (скриндап) алуды
ұмытпаңыз.
Сіздерге ұсынған дұғалар мен зікірлерді мен әрдайым жүкті
кезімде оқып, әрі толғақ кезінде де, ауызымнан тастамадым. Соның
нәтижесінде, мен аман – есен еш проблемасыз, ешқандай
ауырсынусыз 3 баламды босанған едім. Мен бала босандыру
саласындағы маман емеспін, әрі көп балалы, жасым үлкен әже
емеспін, алайда осы дұға зікірлер арқылы, өте жақсы нәтиже
көрген соң, сіздерге де жүктілік кезіндегі рухани жағдайды
сыйлағым келді. Жүкті әрі толғақ кезінде рухани байлық өте
маңызды. Сіз оны керек уақытыңызда қаржы құйып та сатып ала
алмайсыз, сол себепті дәл қазірден бастап, рухани жағдайыңызды
байытуға бірге амал жасайық.
Ескерту!
Қолыңыздағы шағын кітапша жинақ кітапшасы болып
табылады. Яғни менің сөздерімнен бөлек Құран аяттары,
дұғалар жинақталған.
Мазмұны
АЛЛАНЫ ЕСКЕ АЛУ (ЗІКІР
ЕТУ)
НЕКЕ ЖӘНЕ ІЗГІ ҰРПАҚ
СҰРАУ ДҰҒАЛАРЫ
ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕ
ОҚЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР
ТОЛҒАҚ УАҚЫТЫНДА
ОҚЫЛАТЫН СҮРЕЛЕР МЕН
ДҰҒАЛАР
ҚОСЫМША КЕҢЕСТЕР
АЛЛАНЫ ЕСКЕ АЛУ
(ЗІКІР ЕТУ)
Алланы еске алу жайлы Қасиетті Құранымызда
былай айтылған:
«Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске
аламын; және Маған шүкірлік етіңдер де,
күпірлік етпеңдер» («Бақара» сүресі, 152- аят).
Аяттан түсінетініміз біз бірінші болып, Алланы еске
алатын болсақ, Алла да бізді еске алатыны жайлы
айтуда. Егерде Алланы еске алмай қандайда бір
жетістікке жетеміз не ісіміз жеңіл өтеді десек,
қателескен боламыз. Және Аллаға тек шүкір етіп,
қарсы шықпай, жақсы ойда еске алуымыз қажет
екен. Әрі Алла бізге шүкір етуге бұйыруда..
Шүкірлік мәселесін психологиялық бағытта қарасақ,
шүкір етуші адам әрдайым көңілді жүреді, уайымсыз
жүреді, ал уайымсыз адамда өте жақсы гормондар
бөлініп, иммунитет артып, түрлі аурулардан аман
болады. Осы тұста да Раббымыздың бізге бұйырған
нәрсесі, бізге пайда беретініне бәр дәлел.
Тағы бір аятта: «Әй, мүминдер, Алланы өте жиі
еске алыңдар» делінген («әл-Әхзаб» сүресі, 41-аят).
Бұл аяттан не түйеміз?
Алланы біз әрдайым еске алумен, жүрегіміз
тыныштық табады, ісімізде береке болады, әрі
Аллаға сеніп артқан ісімізде нәтиже болады.
Алланың Елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед
(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)
«Раббысын (зікір етіп) еске алатын адам
мен Оны (зікір етіп) еске алмайтын
адамның айырмашылығы тірі мен өлінің
айырмашылығындай» - деген екен.
Бұл сөзден не түйеміз?
Өлі адам не істей алады? Ол тіршілік жасай
алады ма? Біреуге бір пайда не зиян тигізе
алады ма? Әлбетте жоқ. Сол сияқты бізде
Алланы еске алмай, не пайдасы не әрекеті
жоқ адам болып қалмайық.
____________________________________________
Қорыта келе тағы былай деген екен: “Алла Тағала: «Құлым
мен туралы қалай ойласа, Мен сондай боламын. Әрі ол
Мені еске алса, Мен де онымен біргемін. Ол Мені құпия
еске алса, Мен де оны құпия еске аламын. Егер ол Мені
өзгелер ішінде еске алса, Мен де оны олардан да жақсы
болғандар ішінде еске аламын. Егер ол Маған бір қарыс
жақындаcа, Мен оған бір шынтақ жақындаймын. Ал егер
ол Маған қарай адым басып жүрсе, Мен оған қарай лап
қоя жүгірeмін» (Бұхари және Мүслим риуаяты). - деген
екен.
Яғни, Аллаға жақындау үшін қадамды біз бірінші болып
жасауымыз өте маңызды.
Неке және ізгі
ұрпақ сұрау
дұғалары
Адам баласы жұп-жұбымен жаратылғаннан кейін,
міндетті түрде отбасы құрады, адал некелерін
қидырады, екі дүниеде бақытты болудың жолын
іздейді. 9 ай бала көтереді, толғақтың қиын
кезеңінен өтеді, босанады, бала емізеді. Енді осы
уақыттар аралығын жақсы әрі сауапты өткізуі үшін,
әрине Аллаға барынша жақын болып, тәуекел етіп,
құлшылықтарды жасауы қажет. Ал Аллаға жақын
болу жайлы жоғарыда біраз мәліметтерге тоқталған
едік.
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі
болсын): ): «Өзгелерді жалғыз қалғандар басып
озды», – деген екен. Одан: «Жалғыз қалғандар
кімдер?» - деп сұрағанда: «Алланы көп еске
алушы ерлер мен әйелдер», (Муслим) – деп жауап
берген. Яғни Алланы еске алушы сіз бен біз бола
аламыз.
Ал, Алланы еске алатындар жайлы былай айтылған
екен: «Адамдар Алланы еске алып отырғанда,
оларды міндетті түрде періштелер қоршап
алады және оларды мейірім қоршайды, оларға
тыныштық түседі және Алла Тағала да оларды
Өзінің алдындағылардың арасында еске
алады»(Муслим) не деген керемет нығметтер
десеңізші..
ОТБАСЫ ҚҰРҒАНДА АЙТЫЛАТЫН ДҰҒА
Біз әрдайым дұғада жүретін болсақ, ісімізде берекелі
нәтиже болатыны жайлы айтқан едік. Әр мұсылман үшін
бұл жағдай жат амал емес.
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі
болсын) «Егер сіздерден әлдебіреу үйленсе немесе
қызметші жалдаса, былай десін:
«Я, Алла! Расында, мен Өзіңнен оның игілігін әрі
Сен оны не үшін жаратқан болсаң соның игілігін
сұраймын және оның кесірінен Өзіңе сиынамын!»
(Аллаһуммә, инни әс-әлукә хайра-һә уә хайра мә жәбәлтәһә ‘аләйһи уә ә’узу бикә мин шәрри-һә уә шәрри мә
жәбәлтә-һә ‘аләйһи!).
ҮЙЛЕНГЕН КІСІГЕ АЙТЫЛАТЫН ДҰҒА
«Алла саған береке берсін және саған береке
жаудырсын, әрі сендерді жақсылықта біріктірсін!»
Бәрака-Ллаһу ләкә, уә бәракә ‘аләйкә, уә жәмә’а
бәйнәкумә фи хайр!)
Үйлену - ең бақытты кезең, енді сол бақыты әрі
қарайда жалғасын тапсын деген ниетпен,
мұсылман адам әрдайым бір-біріне дұға
жасайтыны сауапты амал.
ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА ТҮСЕРДІҢ АЛДЫНДА
АЙТЫЛАТЫН ДҰҒА
Жалпы жын-шайтандар, лас әрі ашық – шашық жерде
жүретінін білеміз. Ал ерлі-зайыптылар жақындасқан кезде,
жындардыңда келетіні анық, алайда осы дұғаларды айту
арқылы, оларды жақындатпай әрі бойына бітетін баланы
одан сақтау үшін оқуымыз қажет екен.
Баланы тіл-көз және шайтанның кесірінен сақтағысы
келген адам бала пайда болмаған кезден бастап амал
жасағаны дұрыс.
Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)
былай деген:
«Егер сендерден әлдебіреуің әйелімен
жыныстық қатынас жасағысы келіп: «Алланың
атымен. Я, Алла, бізді шайтаннан аулақ ет
және Сенің бізге беретініңнен де (баладан)
шайтанды аулақ ет» деп айтса, әрі (сол) ерлізайыптыларға балалы болу нәсіп етілсе,
шайтан ешқашан оған зиян тигізе алмайды».
(Бисми Лләһи, Аллаһуммә, жәнниб-на-ш-шайтана
уа жәнниби-ш-шайтана ма разақта-на).
ҰРПАҚ СҰРАЙТЫН ДҰҒА
Зәкәрия (ғ.с.) пайғамбардың дұғасы: «Раббым!
Маған Өз тарапыңнан бір игі ұрпақ сыйла.
Анығында, Сен – тілекті Естушісің»
«Әли Имран» сүресі, 38-аят.
(Рабби хаб ли минләдунка зуррийатан
тайибәтан иннәкә самиғ уддуаа)
ЖАҚСЫ ӘЙЕЛ МЕН БАЛА СҰРАЙТЫН ДҰҒА
«Раббымыз! Жұбайларымызды және
ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді
тақуалардың (Өзіңе бойсұнып, жазадан қорқып,
сақтанғандардың) алды ете гөр!» .
(Роб-бә-нәә һәб-лә-нәә мин әз-уәә-джи-нәә уә зур-рииәә-ти-нәә қур-ро-тә әъ-иу-ниу уәдж-хәл-нәә лил-муттә-қии-нәә-и-мәә-мәә)
ЖАҚСЫ ҰРПАҚ СҰРАЙТЫН ДҰҒА
«Раббым! Мені және ұрпағымды намазды
(барлық шарттарын сақтап, беріле) толық
орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!»
(Роб-бидж-ъал-нии му-қиимәс со-лә-тии уәмиңң зурри-иәтии раббәнә уә-тәқаббәл
БАЛАНЫ БАРЛЫҚ ЖАМАНДЫҚТАН САҚТАУДЫ
СҰРАЙТЫН ДҰҒА
Бұл дұғаны дем салудан кейін, бала сыртқа
шығарда, қонаққа барғанда, кез келген уақытта
жамандықтан Алладан пана сұрау үшін оқыңыз. Ибн
Аббас (р.а.) риуаяты: «Пайғамбар (с.ғ.с.) Хасан мен
Хусейнді пана сұратып: «Шын мәнінде сендердің
бабаларың (Ибраһим) мұнымен Исмаил мен
Исхақты пана сұрататын: «Әрбір шайтаннан және
улы жәндіктерден, сондай-ақ әрбір сұқ көзден
Алланың кәміл сөздерімен пана сұраймын» деп
айтатын», – деген.
(Бухари, Муслим)
(Әъузу би кәлимәтилләһит тәммә, мин кулли шайтанин
уә һәммәһ, уә мин кулли ъайнил-ләммәһ)
КЕДЕЙЛІКТЕН, ЖАМАН МІНЕЗДЕН СЫЙЫНУ
Я, Алла! Менің дінімді дұрыс, дүниемді
кеңейтіп, ризығыма береке бер!
(Аллаһумма әслих ли дини уә уәссиъ ли
дәри, уә бәрик ли фи ризқи.
РИЗЫҚ СҰРАУ
Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да,
бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда
да, құр қалдырма. Бізді разы ет! Бізге разы бол!
(Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә
туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә уә
лә ту-әссир ъаләйнә. Уардина уардоғанна
Жүктілік кезінде
оқылатын дұғалар
ЖҮКТІЛІКТІҢ НЫҒМЕТІ
Жүктілік жағдайы тек әйел баласына ғана
бұйырылған бақыт. Осы туралы дінімізде «Ерінен
бала көтеріп, ері оған риза болғанда
әрқайсыларың қуанбайсыңдар ма? Сонда оған
(әйелге) жүктілігінің әр күні үшін күндіз ораза
тұтқанның, түнде Аллаға құлшылық еткеннің
сауабы жазылады»-делінген. Яғни кереметтей
бақытты нәсіп еткен.
Төменде Құранда келген дұғаларды ұсынамыз
РАББЫМЫЗ ӘЙЕЛ ҚҰРСАҒЫНДАҒЫ БАЛАНЫ БІЛУШІ
«Алла әр әйелдің не көтеріп жүргенін, әр
құрсақтың қаншалықты тарылып немесе
кеңейетінін біледі. Барлық нәрсе Оның
өлшемімен»
(Рағыд сүресі – 8 аят )
КӨЗ ҚУАНЫШЫ БОЛАТЫН БАЛА СҰРАУ ДҰҒАСЫ
«Жаратушы ием! Жұбайларымыз бен ұрпағымызды
көз қуанышымыз ете гөр және бізді тақуалардың
қатарынан ет»
(Фұрқан -74)
БОЙ ҰСЫНАТЫН ҰРПАҚ СҰРАУ ДҰҒАСЫ
«Жаратушы ием! Бізді Өзіңе бой ұсынатындар
қатарынан ет. Ал біздің ұрпағымызды Өзіңе
бойұсынатын қауымнан ете гөр. Бізге құлшылық
салтын көрсет және біздің тәубемізді қабыл ал.
Расында, Сен – тәубені Қабыл алушы, Мейірімдісің»
(Бақара – 128 аят )
ТАҚУА ҰРПАҚ СҰРАЙТЫН ДҰҒА
Робби хәблий минәс соолихин
«Жаратушы ием, маған тақуалардың қатарынан
болар ұрпақты нәсіп ет!»
(Саффат – 100 аят )
Толғақ уақытында
оқылатын сүрелер мен
дұғалар
Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен
сәлемі болсын) қызы Фатиманың (р.а.) толғағы
келген уақытта Үмму Сәләма мен Зайнаб бинт
Жахшқа (р.а.) барып, аятул-курсиді және мына
аяттарды оқуға кеңес берген екен.
1)Аятуль күрсі:
ْ ‫ﻫ َﻮ‬
‫ﷲﱠُ َﻻ إ ٰﻟ َ َﻪ إ ﱠ‬
‫ﺳ َﻨ ٌﺔ َو َﻻ ﻧ َ ْﻮ ٌم ۚ ﻟ َ ُﻪ َﻣﺎ ﻓِﻲ‬
‫ﺤ‬
‫اﻟ‬
‫ﻻ‬
ُ
ِ ‫ﻲ ْاﻟ َﻘ ﱡﻴﻮ ُم ۚ َﻻ ﺗَﺄْﺧُ ُﺬ ُه‬
َ
ِ ِ
‫ﱡ‬
ْ ‫ات َو َﻣﺎ ﻓِﻲ‬
ْ َ‫ﻦ َذا اﻟﱠﺬِي ﻳ‬
ْ ‫ض ۗ َﻣ‬
ۚ ِ‫ﺸ َﻔ ُﻊ ﻋِ ْﻨ َﺪ ُه ِإ ﱠﻻ ﺑ ِ ِﺈ ْذﻧ ِﻪ‬
ِ ‫اﻷ َ ْر‬
ِ ‫اﻟﺴ َﻤﺎ َو‬
‫ﱠ‬
َ‫ﻦ أ‬
َ ‫ﺧ ْﻠ َﻔ ُﻬ ْﻢ ۖ َو‬
َ
َ
ْ ِ‫ﻲ ٍء ﻣ‬
َ
َ ‫ﻳَ ْﻌﻠَ ُﻢ َﻣﺎ ﺑ َ ْﻴ‬
ِ‫ﻦ ﻋِ ْﻠﻤِ ﻪ‬
‫ﺸ‬
‫ﺑ‬
‫ﻮن‬
‫ﻴﻄ‬
ِ‫ﺤ‬
‫ﻳ‬
‫ﻻ‬
‫ﺎ‬
‫ﻣ‬
‫و‬
‫ﻢ‬
‫ِﻳﻬ‬
‫ﺪ‬
‫ﻳ‬
ُ
ْ
ُ
ْ
َ
َ
ِ
ِ
ْ
ْ ‫ات َو‬
َ ‫ِإ ﱠﻻ ﺑ ِ َﻤﺎ‬
‫اﻷ َ ْر َض ۖ َو َﻻ ﻳَ ُﺌﻮ ُد ُه‬
ِ ‫ﺳ َﻊ ُﻛ ْﺮ‬
ِ ‫ﺷﺎ َء ۚ َو‬
ِ ‫اﻟﺴ َﻤﺎ َو‬
‫ﺳ ﱡﻴ ُﻪ ﱠ‬
ْ ‫ﻫ َﻮ‬
‫ﻴﻢ‬
‫ﻠ‬
‫ﻌ‬
‫اﻟ‬
ُ ‫ﺣِ ْﻔ ُﻈ ُﻬ َﻤﺎ ۚ َو‬
َ
ُ ِ‫ِﻲ ْاﻟ َﻌﻈ‬
‫ﱡ‬
Аллаху ля иляха иЛляху, аль-хаййуль-Каййум. Ля
та-хузуху сина-туу-уа ля наум. Ляху ма фиссамауати уа ма филь-ард. Манзаллязи йашфа-’у
‘индаху илля би-изних? Йа’ляму ма байна
айдихим уа ма халфахум. Уа ля йу-хитуна бишайим-мин ‘иль-михи илля бима ша! Уа-си-’а
Курсиййухус-Самауа-ти уаль-ард; уа ля йа-уду-ху
хифзу-хума уа Хууаль-’алиййуль-’азыйм
Қазақша мағынасы:
Алла, Одан басқа құдай жоқ. Ол – Хай (мәңгі тірі),
Қайиум (еш нәрсеге арқа сүйемей күллі
болмысты бір Өзі ұстап, меңгеріп тұрушы). Ол
әсте қалғымайды, Оны (ғапылдық та,) ұйқы да
баспайды. Күллі аспан әлеміндегі һәм жердегі
барлық нәрсе бір Өзіне тиесілі. Оның дәргейінде
рұқсатынсыз біреу үшін шапағат етіп, ара түсе
алатын кім бар? Ол күллі жаратылыстың
алдындағы болашағын да, артындағы өткенін де
толық әрі жақсы біледі. Ал олар болса, Оның
шексіз ілімінен еш нәрсені толық ұға да, меңгере
де алмайды, тек Оның Өз қалауымен ұғындырып,
үйреткен нәрсесі болса, оның жөні басқа. Оның
(шексіз билігінің көрінісі болған) Күрсісі күллі
аспан әлемі мен жерді толық қамтыған. Күллі
аспан әлемі мен жерді қызғыштай қорып, сақтап
тұру Ол үшін бұйым емес, Ол – Али (бәрінен биік,
асқақ), Азим (бәрінен ұлы, бәрінен зор).
Бақара сүресі, 286-аят
«Лә йукәллифуллаһу нәфсән иллә
уусъаһә. Ләһә мә кәсәбәт уәъаләйһә
мә ктәсәбәт. Раббәнә лә туәхизнә ин
нәсиинә әу әхтанә Раббәнә уәлә
тәхмил ъаләйнә исрән кәмә хәмәлтәһу
ъаләл ләзиинә мин қаблинә. Раббәнә
уәлә тухәммилнә мә лә тақатә ләнә
биһи. Уәъфу ъаннә уәғфир ләнә
уәрхәмнә. Әнтә мәуләнә фәнсурнә
ъаләл қаумил кәфириин
Қазақшасы:
«Уа, мүмін құлдарым! Іштеріңдегі ниетпиғылдарың мен ойлаған ойларың үшін-дағы
жауапқа тартылатындықтарыңды есітіп,
жабықсаңдар, біліп қойыңдар), Алла ешбір жанға
шамасынан тыс міндет жүктемейді. Әркімнің
істеген жақсылығы өз пайдасына және істеген
жамандығы өз зиянына. (Сендер былай дұға
етіңдер): «Уа, Раббымыз! Егер (Өзіңнің разылығыңа
бөленеміз деп жүріп бір нәрсені) ұмытып кеткен
немесе білмей қателік жасаған болсақ, сол үшін
бізді жауапқа тарта көрме! Уа, Раббымыз! Бізден
бұрынғы үмбеттерге (уақыттың, сол кездегі
жағдайдың талаптарына һәм олардың кейбір
қылықтарына сай тәрбиелік мақсатта ауыр
міндеттер) жүктегеніңдей бізге ондай ауыр
міндеттер жүктей көрме! Уа, Раббымыз! Бізге
шамамыз жетпейтін міндеттерді арта көрме!
Күнәларымызды кешкейсің, бізді кешіргейсің және
бізге жанашырлық танытып, мейіріміңе
бөлегейсің! Сен біздің Иемізсің, қамқоршымыз әрі
қорғанымызсың! Бізге мына кәпірлер қауымына
қарсы (күресте) жәрдем беріп, жеңіске жеткізе
көр!»
2.Рағд сүресі, 8-аят
«Аллаһу йәъләму мә тәхмилу куллу унсә уәмә
тәғиидул әрхәму уәмә тәздәду. Уәкуллу шәйин
ъиндәһу бимиқдәр
3. Фатыр сүресі, 11-аят
«Уаллаһу халәқакум мин турәбин суммә мин
нутфәтин суммә жәъаләкум әзуәжә. Уәмә тәхмилу
миу унсә уәлә тәдаъу иллә биъилмиһ. Уәмә
йуъаммәру мим муъаммәриу уәлә йунқасу мин
ъумуриһи иллә фии китәб. Иннә зәликә ъалаллаһи
йәсиир
Қазақшасы:
Алла сендерді əу баста топырақтан
жаратты, содан кейін (ер кісі мен əйелден
бөлінген) бір тамшы судан жаратты. Содан
кейін біріңді ер, біріңді əйел қылып,
жұптастырды. Оның хабарынсыз бірде-бір
ұрғашы ұрпақ көтермейді əрі тумайды.
Сондай-ақ көкірегінде жаны бар қандай да
бір тіршілік иесінің ұзақ ғұмыр кешетіндігі
де, ғұмырының қысқа болатындығы да
(Оның дəргейіндегі) Кітапта жазулы. Міне,
мұның бəрі Алла үшін оп-оңай.
3. Нахыл сүресі, 78-аят
«Уаллаһу әхрәжәкум мин бутууни уммәһәтикум
лә тәъләмуунә шәйәу уәжәъалә ләкумус сәмъа
уәләбсарә уәләфидәтә. Ләъалләкум
тәшкуруун».
Алла сендерді аналарыңның құрсағынан түк
білмейтін күйде шығарды һәм сендерге
шүкіршілік етулерің үшін (һәм өмірге біртебірте бейімделу, үйрену арқылы толыққанды
адам болып қалыптасуларың үшін) есту
қабілетін, көз және жүрек (яғни, жүректегі
рухани сезімдерді) нәсіп етті.
Фәләқ, Нәс сүрелерін оқуда толғақты жеңіл етеді,
әрі босанушы әйелдің көңіл күйі өз орнында
болады. Себебі сүреде, адамдар мен жындардың
азғыруынан сақтай көр деген дұға бар.
Фәләқ сүресі
ِ‫ﻦ ٱﻟﺮﱠﺣِ ﻴﻢ‬
ْ ‫ﺴﻢِ ٱﻟﻠﱠﻪِ ٱﻟﺮﱠ‬
ْ ِ‫ﺑ‬
ِ ‫ﺣ ٰ َﻤ‬
َ ْ ‫ُﻮذ ﺑ ِ َﺮ ﱢ‬
ُ ‫ُﻗﻞْ أَﻋ‬
َ ‫﴾ َوﻣِ ﻦ‬٣﴿ ‫ﺐ‬
َ ‫﴾ َوﻣِ ﻦ‬٢﴿ ‫ﺧﻠَ َﻖ‬
َ ‫﴾ ﻣِ ﻦ‬١﴿ ‫ﻖ‬
َ ‫ﺷﺮﱢ َﻣﺎ‬
‫ﺎت ﻓِﻲ‬
ِ ‫ﺷﺮﱢ َﻏ‬
ِ َ‫ﺷﺮﱢ اﻟ ﱠﻨ ﱠﻔﺎﺛ‬
َ ‫ﻖ ِإ َذا َو َﻗ‬
ٍ ‫ﺎﺳ‬
ِ ‫ب اﻟ َﻔﻠ‬
َ ‫﴾ َوﻣِ ﻦ‬٤﴿ِ‫ْاﻟ ُﻌ َﻘﺪ‬
﴾٥﴿ ‫ﺴ َﺪ‬
ِ ‫ﺣ‬
َ ‫ﺎﺳ ٍﺪ ِإ َذا‬
َ ‫ﺷﺮﱢ‬
َ ‫ﺣ‬
Оқылуы: Бисмилләһир Рахманир Рахии
қул әъууз̃у бираббил фәләқ(2) мин шәрри мә (1)
халәқ(3) уәмин шәрри ғасиқин из̃ә уәқаб(4) уәмин
шәррин нәффәс̃әти фиил ъуқад(5) уәмин шәрри
хәсидин из̃ә хәсәд
Мағынасы: Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың
атымен бастайм
Мұхаммед Ғ.С.): «Таңның Раббына сиынамын,»(2)) (1)
«Жаратқан нәрселерінің кесірінен,»(3) «Қараңғылық
басқан сәтте, түннің кесірінен,»(4) «Түйіншектерге дем
салушылардың кесірінен,»(5) «Күншілдердің кесірінен,
«(ол күндеген сәтте (сиынамын
Нас сүресі
ِ‫ﻦ ٱﻟﺮﱠﺣِ ﻴﻢ‬
ْ ‫ﺴﻢِ ٱﻟﻠﱠﻪِ ٱﻟﺮﱠ‬
ْ ِ‫ﺑ‬
ِ ‫ﺣ ٰ َﻤ‬
ُ ‫ُﻗﻞْ أَﻋ‬
َ ‫﴾ ﻣِ ﻦ‬٣﴿ ‫ﱠﺎس‬
‫اس‬
ِ ‫ﺷﺮﱢ ْاﻟ َﻮ ْﺳ َﻮ‬
ِ ‫﴾ ِإﻟ َ ٰـﻪِ اﻟﻨ‬٢﴿ ‫ﱠﺎس‬
ِ ‫ِﻚ اﻟﻨ‬
ِ ‫ب اﻟﻨ‬
ِ ‫﴾ َﻣﻠ‬١﴿ ‫ﱠﺎس‬
‫ُﻮذ ﺑِﺮَ ﱢ‬
َ ِ‫﴾ ﻣ‬٥﴿ ‫ﱠﺎس‬
﴾٦﴿ ‫ﱠﺎس‬
ِ ‫ﺠﻨﱠﺔِ َواﻟﻨ‬
ِ ‫س ﻓِﻲ ُﺻﺪُورِ اﻟﻨ‬
ِ ‫ْاﻟﺨَﻨ‬
ُ ‫﴾ اﻟﱠﺬِي ﻳُ َﻮ ْﺳ ِﻮ‬٤﴿ ‫ﱠﺎس‬
ِ ‫ﻦ ْاﻟ‬
Оқылуы: Бисмилләһир Рахманир Рахиим
қул әъууз̃у бираббин нәс(2) мәликин нәс(3) иләһин (1)
нәс(4) мин шәррил уәсуәсил ханнәс(5) әлләз̃ии
йууәсуису фии судуурин нәс(6) минәл жиннәти уәннәс
Мағынасы: Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың
.атымен бастаймын
Мұхаммед Ғ.С.): «Адамдардың Раббына,»(2))
(1)
«Адамдардың иесіне,»(3) «Адамдардың Тәңіріне,»(4)
«Сыбырлап азғырушының кесірінен,»(5) «Сондай
адамдардың көкейлеріне салатын;»(6) «Мейлі жыннан,
мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың
.кесірінен Аллаға) сиынамын» де
Сонымен қатар толғақ қатты қысқан
уақытта қосымша мына қысқа
зікірлерді оқуға кеңес береміз:
- Астағфирулла) Раббым кешір!
- Ля хаула уә ля қууәтә иллә билләх
- Алладан асқан ешқандай күш
құдірет Иесі жоқ!
- СубханАлла (Алла кемшілк атауынан
пәк).
- Аллаһу Әкбар (Алла Ұлық)
Қосымша кеңестер
Құрметті қыздар! Менің
сіздермен жеке
тәжірибемде болған
амалдармен бөлісейін,
әрі сіздерге пайдалы
кеңесім болсын!
Жүкті кезде:
- Әр дайым дұға етіп жүру;
- Дұрыс тамақтану, пайдалы тамақ жеу, сіздің тағамыңыз арқылы
баланыңда организім қалыптасады. Балаңыз ерте жүріп, тістері
уақытылы шықсын десеңіз денеңіздегі кальцийді күшейтіңіз, әрі
өзіңіз босанған кезде де, сүйектеріңізге аса зақым келмейді;
- Қанты жоқ не өте аз құрма жеңіз. Құрма - құрамы пайдалы
витаминге толы;
- Жүктіліктің әр кезеңіне қарай, міндетті түрде жүктілерге
арналған жаттығу жасаңыз. Ол қан айналымызды жақсартып,
жүктілік және толғақ тіпті босану кезінде сергек жүретін боласыз;
(Бұл жағдай әбден мүмкін. Себебі мен жаттығуды тастамай
орындап, босану толғақ кезімде өте сергек жүрдім, сол
сергектігімнің арқасында дұғаны да зікірді де қалдырмай айттым);
- Таза ауада көп жүру, құрсақтағы балаңыз өте сезгіш келеді.
Онымен сөйлесіп, құран оқып беріңіз немесе аудиолар арқылы
құранды тыңдатыңыз;
- Босану кезіндегі видео сабақтарды қорықпай көріңіз,
психологиялық тұрғыда өзіңізді әбден дайындаңыз. босану кезде
қалай дұрыс демалу керек, не істеу керектігін бүге-шүгесіне дейін
үйреніп алыңыз;
- Әрдайым сенімде, тәуекелде жүріңіз! Босана алмай қаламын не
болмаса босану барысында қиналып қаламын деген ойдан, толық
арылыңыз, Аллаға толық тәуекел етуді үйреніңіз. Жатыр сіздікі
болғанымен, жатырдағының иесі – Алла екенін ұмытпаңыз!
- Бала тәрбиесі жайлы көбірек кітап оқыңыз.
Толғақ кезінде:
- Аузыңыздан зікірді тастамаңыз;
- Аман – есен босанатыныңызға сеніңіз, уайымнан қашыңыз;
- Өзіңізді толығымен Аллаға тапсырыңыз;
- Судың орнына қасиетті зәм-зәм суын пайдаланыңыз (1 литр
700-800тг көлемінде) Зәм-зәм суын ішкен сайын, аман есен
босануыңыз жайлы дұға етіп ішіңіз. Себебі зәм-зәмға қалай ниет
етсеңіз, сол орындалады.
- Құрма жеңіз, жатырыңыздың тез ашылуына себеп, алайда
қанты азын алыңыз, балаңызға аллергия береді.
- Жақсы көңіл күйде болуға тырысыңыз, себебі балаңыз өмірге
келуге дайындалуда, сіз оны жақсы қарсы алуыңыз қажет.
Балаңызға бұндай сезімді, мықты деген дәрігер де бере
алмайды;
- Балаңызбен сөйлесіңіз:" Мен сенімен біргемін, сенің жеңіл
шығуыңа жәрдем етемін"- деп, балаңызға қолдау көрсетіңіз;
- Босанар сәтте, тек қана дәрігерді тыңдаңыз, ол кісі күшенбе
дегенде, қанша қиын ауыр болсада, күшенбей, нұсқауын күтіңіз;
себебі түрлі жатыр сынуы (разрыв) осыдан пайда болады екен.
- Босанғалы жатқан әйелдің барлық күнасы кешірілетінін біліңіз!
Босанғаннан кейін:
- Мүмкіндігіңізше зәм-зәм суын қасыңызға алып
қойыңыз, босанғанан кейін бірден оң омырауыңызды
зәм-зәм суымен сүртіп, бисмиллә деп айтып, балаңызды
емізіңіз;
- Әр емізген сайын, сауап алып жатқаныңызды сезініңіз,
біліңіз!
- Баланы емізгенде емірене, сүйсіне көңіл бөліңіз, бала
бәрін сезуші;
- Баланы құшағыңызға алып, бауырыңызға көбірек
басыңыз, ол бұл әлемге алғаш келуі, сол сәттен бастап,
анасының жылуын сезуі қажет.
- Қазақта баланы өзіңе жақын ұстама, иісіңді сезеді, кейін
саған тірлік істетпейді деген ұнамсыз ойдан аулақ
болыңыз, бала өз анасының жылу құшағында
болмағанда, басқа не істей алады дейсіз?
- Балаңызға құран сүрелері Ықылас, Фәләқ, Нәс сүрелерін
оқып дем салып жүріңіз!
Құрметті менің жүкті аруым!
Сіздерге арналған рухани жүктілік
жайлы шағын кітапшам осымен
бітті. Пайдалы болды деген
сенімдемін.
Раббым! Сізге жеңіл жүктілік пен
жеңіл тоғақ нәсіп етсін! Артынан
жақсы , саналы ұрпақ келіп, екі
дүниелік абыройларыңызды
арттыратын ұрпақ болсын!
Ізгі ниетпен: Гүлзат Ескендірқызы
Download