Загрузил Asus Asus

анатомия 11 апта каракат

реклама
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Мойын үшбұрыштарының практикалық
маңызы.Бас және мойын бұлшықеттерінің қанмен
қамтамасыз етілуі, веналық ағымы,нервтендірілуі.
Орындаған: Уалихан Қ.М
Тобы: ЖМҚА-09-21
Қабылдаған: Турекулова А. К.
Жоспар
I.Кіріспе
II.Мойын үшбұрыштары
III.Мойын үшбұрыштарының практикалық
маңызы.
IV.Мойын бұлшықеттерінің шандырлары. Бас
және мойын бұлшықеттерінің қанмен
қамтамасыз ету,веналық ағымы,нервтендірілуі
• Мойын қаңқасын 7 омыртқа сүйегі мен тіласты сүйегі
құрайды.Бас пен адам денесін байланыстырушы. Тiршiлiк
үшін маңызды функцияларды орындайды.
• Мойын аймағының үшбұрышы қорғаныс және бекіту
функцияларын орындауға әсер етеді (бұлшықет
биомеханикасына үлес қосады), сонымен қатар мидан
қанның түсуі мен кетуін реттеуге қатысады
1 – бұғаналық үшбұрыш; trigonum omoclaviculare,
2 - трапеция тәрізді үшбұрыш; trigonum omotrapezoideum,
3 - ұйқы үшбұрышы; trigonum caroticum,
4 - трахеальды үшбұрыш; trigonum omotrapezoideum,
5 - жақастылық үшбұрыш; trigonum submandibulare,
6 – артқы жақастылық шұңқыр;
7 – төс сүйек бұлшықеті;
8 – тіласты бұлшықеті;
9 - ас қорыту бұлшықеті;
10 - трапеция бұлшықеті.
Мойын үшбұрыштарының практикалық маңызы.
Trigonum submandibulare-төменгі жақ асты сілекей безі өтеді,лимфа
түиіндері бет артериясы мен тіл асты венасы және гипофиз нерві өтеді.
Trigonum submentale –лимфа түйіндері бат артериясының психикалық
тармақтары және бет венасының психикалық тармақтары өтеді .
Trigonum caroticum – жалпы ұйқы артериясы ішкі мойындырық вена
кезбе нерві X жұп.
Trigonum omotrapezoidum- бұдан сезімтал нера және 11 жұп вена өтеді.
Trigonum omoclaviculare – бұғана асты артериясы , төменгі жақасты
венасы.
Trigonum linguale – бұдан тілдің артериясы өтеді
Мойын бұлшықеттерінің фасциялық қабықшалары fascia cervicalis
өте күрделі болып орналасқан. Фасциялық қабықшаларының күрделі шытырманды
түрде орналасуы: - біріншіден бүлшықеттерінің әртүрлі генетикалық нұсқалардан
дамуына; - екіншіден осы маңда орналасқан мүшелер мен қан тамырлардың,
нервтердің орналасуына байланысты мойын бұлшықеттерінің фасциялық
қабықшаларының күрделі болуына байланысты. Анатомиялық оқулықта мойынның
фасциялық қабықшалары әртүрлі тұрғыда сипатталынып келгендіктен В.Н.
Шевкуненко ұсынған мойын бұлшықеттерінің фасциялық қабықшасының жобасы
хирургиялық тұрғыдан студент қауымдар үшін өте қолайлы сипаттама болып
саналады. Мойын бұлшық еттерінің фасциялық
қабықшасы В.Н. Шевкуненконың тұжырымдауы бойынша 5табақшаға бөлінеді.
Бірінші фасциялық табақша нем есе
мойын бұлшықеттерінің беткей орналасқан фасциялық табақшасы,
fascia colli
superfieialis, ол кеуденің беткей орналасқан фасциялық
қабықшасының тікелей жалғасы болып
саналады. Бұл фасциялық қабықша, мойын
аумағына қарай өтіп, текқана мойынның тері
асты бұлшықетінің, m .platysma фасциялық
қабықшасын құрап, желке маңында өзара бірбірімен айқасып
тұйықталынады
Екінші фасциялық табақша, нем есе мойынның меншікті фасциялық
қабықшасының беткей табақшасы, lamina superfieialis fasciae colli ргоргіае. Бұл табақша,
мойынның тіласты сүйегінен жоғары және төмен орналасқан бұлшықеттер мен, қан
тамырлардың және нервтердің фасциялық қабықшасын құрайды. Фасциалдық
қабықшасының жоғарғы бөлігі өрлеме бағытта өтіп, төменгі жақ сүйегіне бекіп, одан әрі
шайнау бұлшық еттері мен шықшыт безінің фасциялық қабықшасына ұласса, төменгі
бөлігі, бұғана сүйегі мен төс сүйегінің тұтқасына бекіп, кеуде бұлшықеті мен дельта
тәрізді бұлшықетінің фасциялық қабықшасына ұласады. Меншіктік фасциялық
қабықшаның екі жақтық бөлігінің бүйір қапталы мойын омыртқалардың арқа өсіндісіне
қарай өтіп, төс-бұғана-емізік бұлшықет пен трапеция тәрізді бұлшық еттің фасциялық
қабықшасын құрап, мойынның желкелік байламына ligamentum писһае мен
жалғасады. Сонымен бірге, бұл фасциялық табақшадан мойын омыртқасының
көлденең өсіндісіне қарай өтіп, фронталді жазықтық бойында орналасқан табақшаны
құрайды. Негізгі қызметі: патологиялық іріңделген жағдайда, іріңнің алдыңғы бөлігінен
артқы бөлігіне қарай өтуіне тосқауыл жасау
Үшінші фасциялық табақшасы немесе мойынның меншікті фасциялық қабықшасының
терең табақшасы, lamina profunda fasciae colli propriae, немесе жауырын-бұғаналық, fascia
omoclavicularis деп аталады. Ол мойынның алдыңғы бөлігінде, төс-бұғана-емізік бұлшықеттің
артында трапеция тәрізденіп орналасқан. Бұл фасцияның терең табақшасының жоғарғы
жиегі тіласты сүйегімен, төменде бұғана сүйегі мен және төс сүйегінің тұтқасымен
бүйір қапталы жауырын-тіласты бұлшықетімен, m. omohyioideus шектелген. Табақшаның
бүйір қапталы жауырын-тіласты бұлшықеттеріне қарай өтіп, қалыңдап жауырын-бұғана атты
апоневрозды табақшаны, aponeurosis omoclavicularis, құрап, мойынның тіласты сүйегінен
төмен орналасқан бұлшықеттердің қынабын құрайды. Апоневрозды қабықшаның созылуы,
сол қабықшаның артында орналасқан вена қан тамырларды басып, бойындағы вена қанын
жүрекке қарай өтуін жеделдетеді. Сонымен қатар, мойынның меншікті фасциялық
қабықшаның беткей табақшасы мен терең табақшасының аралығында апоневроз аралық
кеңістік, spatium interaponeuroticum suprasternale кездеседі. Кеңістіктің аралығына:
іркілдеген дәнекер ткань мен мойынның беткей орналасқан вена қан тамырлар мен
мойындырық венасының доғасы, arcus venosus juguli орналасқан. Бұл кеңістік мойынның
бүйір қапталына қарай өтіп, мойынның латералды қалтасымен, recessus lateralis
байланысады.
Төртінші фасциялық табақша,
немесе мойынның ішкі фасциялық табақшасы, fascia endocervicalis. Бұл
фасциялық қабықша, мойын маңында орналасқан мүшелердің: көмейдің,
қалқанша бездің, жұтқыншақтың, өңештің және ірі қан тамырлардың қынабын
құрап орналасқандықтан, ішкі мүшелердің фасциялық қабықшасы деп аталуы
сол себепті. Топографиялық орналасуына қарай: сыртқы париеталдық, ішкі
висцералдық табақшаға бөлінеді. Сыртқы париеталдық табақшасы жоғарыда
айтылып өткен мүшелердің жалпы дәнекер тканды қынабын құраса, ішкі
висцералдық табақшасы дербес орналасқан мүшелердің, қан тамырлардың
меншікті фасциялық қабықшасын құрайды. Париетальдық табақшасы мен
висцералдық табақшаларының аралығында қан тамырлар мен нервтер, лимфа
түйіндері орналасқан кеңістік, spatium previsceralis кездеседі. Бұл кеңістіктің
ішінде кеңірдектің алдыңғы кеңістігі, spatium pretrahealis орналасқан. Бұл
кеңістіктің аралығында: іркілдеген дәнекер ткандар, мен лимфатикалық
түйіндер және қалқанша бездің пирамидалдық бөлігі, оның қан тамырлары
(a.thyroidea іmа et plexus thyroidea іmраr) орналасқан. Тыныс алу жолы бөгелген
жағдайда, трахеотомия операция жасау кезінде қан тамырлардың жарақаттану
нәтижесінде қанның бұл кеңістіктен алдыңғы көкірек аралыққа, mediastinum
anterior өтуі ықтимал
Бесінші фасциялық қабықша, немесе алдыңғы
омыртқалық фасция, fascia prevertebralis ол мойынның тереңде
орналасқан бұлшықеттердің фасциялық қабықшасын құрайды.
Ол, жоғарыда шүйде сүйегінің негізінен басталып, төменде
көкірек аралықтың артқы mediastinum posterior қабырғаларына
ұласып, одан әрі кеуде қуысының ішкі фасциялық қабықшасын,
fascia endothoracica құрауға қатысады. Мойын бұлшықетгерінің
фасциялық қабықшаларының күрделі болуына байланысты,
Париждік анатомиялық атаулардың тізіміне сүйенсек, мойын
бұлшықеттерінің фасциялық қабықшасы ажыратылады: 1.
Мойын бұлшықеттерінің беткей фасциялық табақшасы, lamina
superfieialis ол В.Н. Шевкуненко топтастырған мойын
бұлшықеттерінің беткей фасциялық қабықшасына, lamina
superfieialis colli, сәйкес келеді. 2. Алдыңғы кеңірдектік
фасциялык, қабықша, lamina pretrachealis, ол кеңірдектің
алдыңғы қапталында орналасқан мүшелердің қынабын
қүрайтындықтан, алдыңғы кеңірдектік фасциялық табақша,
lamina pretrachealis, деп аталады. Ол В.Н. Шевкуненко баяндаған
мойын бұлшықеттерінің 3,4 табақшасына сәйкес келеді.
Қорытынды
Мойын аймағында,regio cerverlis, оналасқан
бұлшықеттерді mm,colli деп атайды.Мойын
бұлшықеттері құрылысы мен топографиялық орналасуы
өте күрделі. Күрделі болу себебі:эмбриональдық
дамуана,топаграфиялық орналасуына және осы маңда
орналасқан қан тамырлар мен нервтерге байланысты.
Мойынның бұлшықеттері бас бұлшықеттері өте
маңызды қызметтер атқарады.Мойын бұлшық еттері
басты тепе теңдікте ұстайды,бас және мойын
қозғалысына, сондайақ жұтынуға қатысады
Пайдаланылған әдебиеттер
• Адам анатомиясы. Атлас. Ү. Ж. Жұмабаев, Ә. Б. Әубәкіров,
Т. М. Досаев, Т. С. Қосманбетов, М. З. Шайдаров.
“Фолиант” баспасы. Астана. 2005. 1- том 10-шы бет.
• Рақышев, Алшынбай. "Адам анатомиясы 1 том." (2004).
• Сапин, Михаил Романович. Т. 1. Анатомия человека.
ГЭОТАР-Медиа, 2009.
• https://ppt-online.org/117256
• https://ppt-online.org/260199
• https://cmr.kz/kz/patsientterge/articles/ortaly-zh-yke-zhyesini-tua-bitken-a-auyny-damuy/
Скачать