Uploaded by Ainur orazaeva

ДӘРІС 1 (1)

advertisement
ДӘРІС 1
Қысқаша тарихи анықтама. Жүйелер теориясының негізгі есептері.
Дәрістің мақсаты: Ақпараттық жүйелердің негізгі ұғымдары мен құрылымын оқып білу,
жүйелік талдау.
Түйінді сөздер: Ақпараттық қор, элемент, құрылым, байланыс, күй, модель,, ақпараттық
бірліктер,жүйенің элементі.
Дәрістің жоспары: Қысқаша тарихи анықтама.Пәннің мақсаты. Жүйелер теориясының
терминологиясы Жүйелернің элементі. Жүйе және оның элементтері. Ақпараттық жүйе
ұғымы. Жүйелік талдау.
Ақпарат жүйесінің теориясы деп ақпаратты алуға, өткізуге, өңдеуге және сақтауға
байланысты сандық заңдылықтарды меңгеретін ғылымды айтуға болады.
К. Купфмюллер ұсынысымен қалыптасқан «жүйелер теориясы» ұғымы қоршаған
шынайы әлем аспектілерін (жайларын) қандай да бір идеялар мен әдістер негізінде
танып білуге және сипаттауға қызмет ететін ғылымды білдіреді.
Жалпы, жүйелер теориясы фундаментальді негіз салушы ғылымға жатады, әрі ол
қолданбалы ғылым саласында өзінің жүйелік ғылым ретіндегі байланыс әсерін
білдіреді.
Жүйелер теориясының негізін салушы, австриялық биолог Людвиг фон Берталанфи
«Жалпы жүйелер теориясының тарихы мен статусы» еңбегінде және Г. Вунш, Дж.
Ван Гиг, У. Росс Эшби, А. Холл, А.И. Уемова, Ю.А.Урманцевтер өз еңбектерінде
жүйе, элемент, қатынас немесе байланыс , мақсат, қадағалаушы ұғымдарына
анықтамалар беруге тырысып, жүйе категориясын таным теориясы категориясымен
қатар қойды.
1930 жылдары Л.Берталанфи тұңғыш рет жүйелердің жалпы теориясы концепциясын
тұжырымдады.
1940 жылдары байланыстар теориясының практикалық есептерінен пайда болған
ақпарат жүйесі қазіргі кезде жүйе элементтерінің үрдісін оңтайлантырудағы
(оптимизациялаудағы) қажетті математикалық құралға айналды.
Осы ойлар төңірегінде 1948 жылы Норберт Винердің «Кибернетика, немесе басқару
және хайуанат пен машинадағы байланыс» кітабы жарық көрді. Ол сол жылы
автоматтардың жалпы теориясын және жасанды интеллект теориясының негізін
өңдеді.
Сонымен бірге, 1948 жылы С. Шеннонның байланыстар теориясы негізінде ақпарат
санының ұғымына берген ақпарат теориясы қалыптасты.
1956 жылы У.Р. Эшбидің абстрактілі жүйелерді ықшамдату теориясы туралы, ал
1960 жылдары М. Мессаревичтің жүйелер теориясы жайындағы еңбектері мен
Стаффорд Бирдің өндірісті басқаруда кибернетика теориясын қолдану жайлы кітабы
да басылымға шықты.
Ғылым саласында біржақты эмпиризмге қарағанда, яғни мәліметтерді жинау мен
тәжірибелерді толықтыру барысы нағыз «ғылыми қызметке» саналып және теория
тек «философиялық» ұғым болады да, ал тек эмпириялық мәліметтерді жинақтап,
біріктіру «ғылымға» саналмайтындығын ескерілмеді. Осының салдарынан 1960
жылдарға дейін теориялық әдістердің ролі баяулады.
Дегенмен, 1960 жылдардың үстінде – теориясыз тәжірибе соқырлық, бірақ, теория
тәжірибесіз тек интеллектуальді ойын деген Канттық ойдың пайдалылығы ескеріле
бастады.
Классикалық теориялардан басқа жаңа теориялар – ойындар теориясы, желістер
теориясы, ақпарат теориясы қалыптаса бастады.
1970-1980 – жылдар аралығында ақпарат жүйесінің құрамды бөліктеріне саналатын
мәліметтер қоймасы, олардың үлгілері мен мәліметтер қоймасын басқару жүйелері,
жобалау теориясы туралы теориялық еңбектер көптеп қалыптасты. Оларға И.Ф. Кодд,
К.Х. Пападимитриу, Дж. Ульман және т.б. еңбектері дәлел бола алады.
Кибернетика ширек ғасырдан бері ғалымдар назарын аударып, өндірісті автоматты
түрде басқарудағы қолданбалы жүйелердің өңделіп қалыптасуына себеп болды. Оған
дәлел ретінде тағы да А.И. Бергтың, А.С. Лебедевтің, В.М. Глушковтың, В.Н.
Бусленконың, А.А. Ляпуновтың, С.А. Айсағалиевтің, А.А. Ашимовтың және т.б.
ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде кибернетиканы пайдалану облысы мен
әлеуметтік-экономикалық үрдістерді басқарудың әртүрлі практикалық мәселелерін
шешуге арналған оның ең басты тәсілдері жинақталған.
«Жүйе» түсінігі – бұл абстрактілі ұғым, оның көптеген анықтамалары бар. Жүйе біздің
миымызда, объективті өмірде бар. Олар сонымен қатар адамдармен құрылуы мүмкін.
Мысалы, математика абстрактілі ғылыми жүйе болып табылады.
Жүйені бір-бірімен байланысқан және бір-біріне әсер ететін элементтер тобы ретінде
анықтауға болады, олар бір бүтін немесе бір мақсатқа жету үшін құрылған компоненттер
тобы ретінде құрылады.
Жүйеге келесі компоненттер кіреді:
1. Құрылым – жүйенің көптеген элементтері және олардың арасындағы байланыс.
Құрылымның математикалық моделі граф болып табылады.
2. Кіріс және шығыс – жүйеге келіп түсетін және онымен шығатын материалды жиынтық
немесе хабартар жиынтығы.
3. Жүйені жүргізу заңдылығы– жүйенің кіріс пен шығыс өзгерістерін байланыстыратын
функция.
4. Мақсат және шектеу.
Қазіргі заманғы ғылымда, техникада және қоғамдық өмірде ақпарат үлкен роль атқарады
және онымен бірге ақпаратты алу, ақпаратты беру, оны өңдеу, сақтау т.б. операциялары
жүреді. Ақпарат мәні өткен ғасырдағы маңызды фактор – энергиядан да асып кетті. ХХ
және ХХІ ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық дамудың ең басты жетістіктерінің
бірі- ақпаратты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып
және оны тиімді өңдеу құралы-компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға
жаппай ендіру болып отыр. Бұл шын мәнінде жүзеге де асуда. Басқару үрдісіндегі негізгі
элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың
даму қарқыны –оны жобалаудағы жаңаша ыңғайды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін
күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға
алынды. Жүйелер теориясын ақпарат жүйелерін зерттеуде қолдану- объектілерді басқару
мен реттеу барысын үлгілеуде аса қажетті өзара әсерлесетін еркін құрылымдағы
агрегаттар жүйесі ретінде қарастыратын, күрделі жүйелерді үлгілеуді ұйымдастыру әдісін
ұсынды.
Ақпараттық жүйелер (АЖ) – адамдарды ұйымдарда орындалатын операциялар туралы
деректермен немесе ақпаратпен қамтамасыз ететін кез-келген жүйе. Кез-келген
ақпараттық жүйеде деректер қоры болады, себебі ақпарат алу үшін деректермен жұмыс
істеу керек. Деректер – агрегацияның төменгі деңгейі, ал ақпарат – жоғарғы деңгей.
Ақпаратты тиімді алмастыруды ұйымдастыру қазіргі заманда үлкен мәні бар, себебі
қоғамдағы ақпарат көлемі өндірістік потенциалдың дамуының квадратына
пропорционалды. Сол себепті ақпараттық үдістердің өтуін зерттейтін ақпарат
теориясының негіздері өзекті ғылым.
Ақпарат материя мен энергия сияқты біздің әлемнің бастапқы түсінігі оны толық
анықтауға болмайды, тек қана оның негізгі қасиеттерін көрсетеміз:
1) ақпарат қоршаған әлемнен бақыланатын нүктеге (оның алдында ақпарат жоқ жерге)
хабар әкеледі;
2) ақпарат материалды емес, бірақта ол материалдық таратушы арқылы дискреттік
таңбалар немесе бастапқы сигналдар түрінде көрінеді;
3) таңбалар және бастапқы сигналдар ақпаратты тек қана оларды түсінетін алушыға бере
алады.
Тәжірибе жүзінде ақпарат дегеніміз қоршаған орта туралы мәлімет беретін сақтауға,
тасымалдауға және өңдеуге болатын хабарлар жиынтығы.
Тізбек түрінде ұйымдастырылған таңбалар немесе бастапқы сигналдар ақпарат әкелетін
себебі қоғамдық келісімнен шығады, мысалы: заттар және оларды белгілейтін сөздер.
Сонымен бірге бастапқы сигналдар нақты табиғаттың заңдылығынан туындауы мүмкін,
мысалы: термопара шығысындағы кернеу температура әсерінен өзгереді. Нақты
объектпен бір мағналы байланысқан таңбалар немесе сигналдарға негізделген ақпаратты
семантикалық немесе мағналық деп атайды. Таңбалардың тізбек ретінде тұрған орнына
байланысты хабар әкелетін ақпаратты синтаксистік деп атайды. Таңбалар туралы
ғылымда (семиотикада) ақпараттың сигматикалық және прагматикалық аспекттерін
қарастырады. Оның біріншісі әлемнің нақты объектін белгілеуге таңбалар таңдау болса,
ал екіншісі қойылған мақсатқа жетуге қажетті ақпараттың құндылығын қарастырады.
Сірә, тәжірибе жүзінде ең маңызды ақпарат аспектері: семантикалық (мағналық),
синтаксистік және прагматикалық. Бірақта осы уақытқа дейін ақпараттың құндылығын
және пайдалылығын өлшейтін объективті сандық критерийлері анықталмаған. Ақпарат
хабарлар түрінде беріледі және сақталады. Хабар дегеніміз ақпараты бар таңбалар немесе
бастапқы сигналдар жиынтығы.
Бақылау сұрақтары:
1.
Жүйелер теориясының негізін салушылар?
2.
Ақпараттық жүйе деген не?
3.
Ақпарат түсінігі материады ма? Неге?
4.
Семантикалвқ аспект нені білдіреді?
Қолданылатын әдебиет:
1. Байшоланова Қ.С. Ақпараттық жүйелер теориясы. Оқу құралы. Алматы, 2002 жыл
2. Бралиева Н.Б., Байшоланова Қ.С., Гагарина Н.Л. Экономикадағы ақпарат жүйелері
Алматы: Нұр, 2001 жыл
3.Ақпараттық жүйелердің негіздері. С.С.Аяжанов, Ш.Е.Омарова, Қ.С.Аяжанов. Алматы.,
2012
Download