Загрузил Сымбат Оспанқызы

Түйіндеме

реклама
Түйіндеме
Аты-жөні: Оспанқызы Сымбат
Туған жылы: 14.02.1996
Мекен-жайы: Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,Қоңқабаев №5 үй
Телефон: 8-747-994-94-30 , 8-707-924-96-58
Ұлты: Қазақ
Отбасылық жағдайы: Тұрмыста
Білімі: Жоғары
2014-2018ж.ж Алматы қаласы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университеті «Физика-математика»факультеті
Мамандығы: Информатика пәнінің мұғалімі
Іс-тәжірибесі:Жастар практикасы №194 орта мектепте
Тіл біліктілігі: Қазақ тілі-өз тілім,орыс тілі-еркін, ағылшын –сөздікпен еркін
Қосымша ақпарат: Ағылшын тілінен B1 (Intermediate) ортаңғы деңгей
Жеке қасиеттері:еңбекқор,өз ісіне жауапты,жан-жақты іскер,дамдармен тез
тіл табысады.
Ақадыр кенті 2012 жыл
Аңдатпа:Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан зерттей
отырып,экологиялық проблемаларды шешу жолдарын қарастыру
Аннотация:Рассмотреть пути решение проблемы экологии, исследуя
экологию человека с научной стороны
«Бүгінгі ұрпақ–ертеңгі болашағамыз!»
(сайыс сабақ)
Дайындаған: Кунтуарова Бибайша
Сынып 2 «а»
Мақсаты:
1.Сабақтардан алған білімдерін тереңдеу.
2. Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, шығармашылық қабілетін, логикалық
ойын дамыту.
3. Бірлікке, ұйымшылыққа, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Оқушыларды 3 топқа бөліп, топ жетекшілерін сайлау.
Сайыс жоспарымен таныстыру.
I-тур: «Бәйге». Сұрақтарға жауап беру.
1. Аптада неше күн бар?
2. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы
3. Балалар білім алатын орын.
4. Аптаның 5 күні.
5. Қосудың компоненттерін ата
6. Үш бұрышы, 3 қабырғасы бар фигура.
7. Есептің құрамдық бөліктері ата
8. 80 пен 100 арасында қандай сан бар
9. Алфавиттегі 6 әріп.
10. Дуалдың астынан мысықтың 4 аяғы, тауықтың 2 аяғы көрінеді. Дуалдың
сыртында неше мысық Неше тауық
11. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім (Т. Әубәкіров)
12.Қоян сөзінде неше әріп неше дыбыс бар?
II-тур: «Математика әлемі»
Есепте:
70+30=
25-5=
50+40=
18-6=
40+20 =
28+7=
9+x=18
ІІІ-тур: Қазақ тілі
Дыбыстық талдау жаса :
Саяхат
қарбыз
тұлпар
ІҮ Мақалдың жалғасын тап
1.Кітап білім бұлағы2. Отан –
3. Арпа бидай ас екен –
4. Жеті атасын білмеген –
5.Жеті атасын білген ұл6.Ата-анаңа не істесең V – тур: Топбасшылар сайысы:
1. Ағам бізді жинады,
8 қолғап сыйлады.
Қамқор болған ағамыз,
Біздер қанша баламыз?
2.Қазақ халқында баланың санын айтпаған. Мирастың үйіне әкесінің жолдасы
келіпті.
«Неше балаң бар?» дегенде, ол былай жауап беріпті:
-Құдайға шүкір, екі қарлығашым, екі қойшым бар- депті. Ол не дегені?
3. 3 адам шашки ойнап жатты. Барлығы 3 партия ойнады. Әр қайсысы қанша
партия ойнады?
ҮІ тур «Жеті жұрттың тілін біл» 5 мин
Бұл сайыста жұмбақтардың дұрыс жауабын тауып, оның орыс тілінде
аудармасы айтылса, 20 ұпай беріледі. Тек қазақша жауабы үшін 10 ұпай
беріледі.
1) Аяғы біреу, қолы жоқ Шиыр – шиыр жолы көп Өзі сөйлей білмейді Салған ізі
сөйлейді (Қалам-ручка)
2) Жазу жазып жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған (Бор-мел)
3) Сағат сайын қағылады Тек мектептен табылады ( Қоңырау-звонок)
4) Бұлаңдаған құйрығы Бір алдарлық қулығы (Түлкі-лиса)
5) Қыста ғана болады Ұстасаң қолы тоңады (Қар-снег)
6) Көкшіл айна үйдегі Көрсетеді киноны (Теледидар-телевизор)
7) Өзі кірді ашады Суға салсаң қашады (Сабын-мыло)
8) Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады (Пияз-лук)
9)Қабат-қабат қаттама Ақылын болса аттама (Кітап-книга)
ҮІІ тур Ребус шешу
Қорытындылау
1.Жеңімпаз топты анытау, «Тапқыр» деген ат беру
- Армысыздар, құрметті ұстаздар, қатысушылар және көрермендер!
«Тапқыр болсаң, озып көр!» сайысын ашық деп жариялаймыз!
Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген,
Сәлем бердік ұландарға талапкер,
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен – демекші, бүгінгі сайыста қатысушы
топтардың жолдамдығы мен ептілігін, тапқырлығы мен алғырлығы додаға
түседі.
- Баға берер топтарға,
Қара қолды қылышпен қақ жаруға.
Әділқазы алқасын біз салайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға – деп әділқазылар алқасын сайлап алайық.
1)
2)
3)
- Енді бүгінгі сайысымыздың шартымен танысайық:
1. Ширату
2. Өнер сайысы (үй жұмысына дайындап келген тапсырма)
3. Жеті жұрттың тілін біл.
4. Тапқырлар сайысы.
5. Капитандар сайысы.
6. Ептілер сайысы.
1. кезең «Ширату» 5 мин
Балқарағай, қолшатыр – сөздеріндегі әріптерді пайдаланып сөздер құрау. Әр
сөзге 1 ұпай.
2. кезең «Өнер сайысы» 8-10мин
«Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Үшінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең» - деп өнер сайысын бастайық.
Үй тапсырмасы өлең шумақтарын «Мозайка әдісі» арқылы құрастыру.
3. кезең «Жеті жұрттың тілін біл» 5 мин
Бұл сайыста жұмбақтардың дұрыс жауабын тауып, оның орыс тілінде
аудармасы айтылса, 20 ұпай беріледі. Тек қазақша жауабы үшін 10 ұпай
беріледі.
1) Аяғы біреу, қолы жоқ Шиыр – шиыр жолы көп Өзі сөйлей білмейді Салған ізі
сөйлейді (Қалам-ручка) 2) Жазу жазып жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған (Бормел) 3) Сағат сайын қағылады 8) Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең
жылатады (Пияз-лук) 11)Қабат-қабат қаттама Ақылын болса аттама (Кітапкнига) 12.Құштар болып оқу менен бiлiмге, Бiз барамыз қыркүйектiң бiрiнде.
Тек мектептен табылады ( Қоңырау-звонок) 4) Бұлаңдаған құйрығы Бір
алдарлық қулығы (Түлкі-лиса) 5) Қыста ғана болады Ұстасаң қолы тоңады (Қар-
снег) 6) Көкшіл айна үйдегі Көрсетеді киноны (Теледидар-телевизор) 7) Өзі
кірді ашады Суға салсаң қашады (Сабын-мыло)
4. кезең «Тапқырлар сайысы»
2 топқа 2 түрлі ребус беріледі сайыскерлер жылдам ребустың шешуін табу
керек. Әр дұрыс шешілген ребусқа 5 ұпай.
5. кезең «Капитандар сайысы»
Әр топ командирін шақырамыз.
1 минут ішінде қойылған сұраудың дұрыс жауабы 1 ұпайдан есептеледі.
1. Республикамыздың басты қаласы (Астана)
2. Кітапты неден жасайды? (Ағаштан)
3. Білім күні қай күн? (1-қыркүйек)
4. Анаңның аты кім (...)
5. Қазақша жыл басы (Наурыз)
6. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)
7. Сыныбыңда қанша оқушы бар?
8. Аспан сөзінде неше әріп бар?
9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім (Т. Әубәкіров)
10. Бір өркешті түйе (Нар)
11. Апрель айының қазақша атауы. (Сәуір)
12. ТОбыңның аты
13.Биыл тәуелсіздігіміздің орнағанына неше жыл?
14.Жасың нешеде
15.Мемлекеттік рәміздер
16.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
17.Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын
18.Оқу жылы қашан аяқталады?
19.Киелі құс
20. «Көз қорқақ – қол ...»
6.кезең. «Кім жылдам» . Әр ұпайға 3 балдан беріледі.
1. Ғылым таппай мақтанба өлеңінің авторы кім?
2. 1 дм қанша см бар?
3.Жазбаша сөйлеуге не жатады?
4. Диалог дегеніміз не?
5. – Есіктен күзде аттап едім,
Онда өзім аппақ едім.
Сапар келіп жайғасты.
Содан бірер ай да асты; қай өлеңнен үзінді?
6. Сөйлем дегеніміз не?
7. Денеміз сымбатты болу үшін не істейміз?
8. Үзіліс кезінде қандай ережені басшылыққа алу керек?
9. Ең үлкен бұлшық ет?
10. 1ц қанша кг бар?
- Сайыскерлер ойынын,
Тамамдадық біз бүгін,
Әділқазы береді
Дұрыс, әділ шешімін.
- Құрметті көрермендер, әділқазылар алқасы өз шешімін шығарғанша,
сайыскерлерге арналған шашуымызды қабыл алыңыздар!
- Болмасын ешбір сын өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке! – демекші, сөз кезегін әділқаз
1.
2.
3.
Мақсаты:
Ғаламдық, аймақтық экологиялық мәселелердің пайда болу себептері мен
оларды шешу жолдарын зерттеуде өз беттілігін және компоненттілігін дамыту.
Міндеттері:.
Ғаламдық экологиялық мәселелердің туындау себептерін және оның шешу
жолдарын өз беттерінше белсенділік көрсетуге бағыттау.
Табиғаттағы өзгерістер мен құбылыстарды, антропогенді әсерлерді,
биосфераның тұрақты дамуындағы ауытқуларды экологиялық тұрғыда түсіне
алуы және қоршаған ортаға, табиғатқа деген парасатты, мәдени жауапкершілігін
арттыру.
Экологиялық білімді теориялық жағынан негіздеу .
Өзектілігі:
Экологиялық жағдай бүгінгі таңдағы кезек күттірмейтін күрделі мәселелердің
бірі. Әлемдегі, еліміздегі ғаламдық экологиялық мәселелерді оқып,
талдайды,мәселелерді шешудің жауаптарын табуға және жер шарында
ғаламдық экологиялық апаттың болмауына жол бермеуге көмектеседі.
Оқушылардың қызығушылығын арттырады. Экологиялық саналылықты
дамытады.
Нысаны:
География және биология ғылымдарымен байланысып жатқан экология
саласының бір бөлімі- ғаламдық экология.
Болжамы: экологиялық сауатты, қоғамдағы өзгерістерді пайымдап, табиғат
байлықтарына ұқыптылықпен қарауға, экологиялық қолайсыздықтардың алдан
алуға ұмтылады.
Күтілетін нәтижелер.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
Жоба қорғау барысында оқушылар болашақ азамат ретінде икемдік, қолданбалы
іс-әрекеттерді орындай алады және зерттеу жұмыстарын қорытындылап,
дәлелдеп береді.
Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары, ауасы, өзен-көлдері,
топырағының экологиясы, ластану жөнінде нақты мәліметтер жинақтап,
кесте, диаграмма, графиктер сызып, дәлелдейді.
Оқушы ауа, су, жер ресурстарының ластанбау жолдарын ұсынады;
Өз өлкесінің табиғи байлықтарын жіктей алады;
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға ат салысады;
Өлкелік топ серуен, саясат жасау барысында бақылаулар жүргізе отырып,
қорытынды есеп жасайды;
Өлкенің топографиялық картасында және де жергілікті жердің жоспарын
жасап, экологиялық жағдайы нашар жерлерді белгілеп көрсетеді;
Экологиялық мәселелер жөнінде эссе жазады;
Басылымдар, газет-журналдарға мақалалар және ғылыми зерттеу
жұмыстарын жазады;
Үлкен жобалар жазу арқылы гранттар ұта алады;
Экологиялық білім
... Экологиялық проблемалар – ең маңызды өмірлік проблемаларлың бірі
ғой, өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы, болашақ
ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр.
Ш.Айтматов.
Елбасымыздың "Қазақстан - 2030” стратегиялықбағдарламасында "Біздің
табиғат ресурстарымыз орасан зор байлық, әлемдік тәжірибеде табиғи
байлығы бар елдер оны дұрыс игере білмегендіктен кедей елдер
қатарынан шыға алмай қалғаны” туралы айтылған болатын. Олай болса
қазақ жерінің байлығын бағалайтын, туған жердің табиғатын сүйіп
алмайтын жас ұрпақтың білімі мен тәжірбиесі көбірек көңіл бөлу – бүгінгі
күннің басты талаптарының бірі.
Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізгі мақсаты –айналадағы
ортаның жайы – күйі үшін азаматтық борышын қалыптастыру,
жаратылыстану туралы, ғылыми білім, шеберлік, көзқарас пен сенім
жүйесін орнықтыру. Сапалы маман, жақсы азамат тәрбиелеу уақыт
талабы. "Қыран түлегіне қайрылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға
бастырар талап сыйлайды” деп атамыз қазақ айтқандай, еселі еңбегіміз
туған жердің табиғатын қорғауға арналса деймін.
Адам баласының қалыпты өмір сүруі үшін оған қажетті қоршаған орта
жағдайлары және табиғат байлықтары болуы қажет.
Адамзат қоршаған орта мен табиғат байлықтарын өз қажетіне пайдалана
алатын саналы тіршілік иесі. Адам тек табиғатты пайдаланып қана
қоймай, табиғатты өзгерте де алады.
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым – қатынасы ерекше
маңызға ие. Пайдалы қазба байлықтарының шектен тыс көп пайдалануы,
жер бетінен көптеген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоқ болып
кетуі және сонымен қатар табиғи ортаның ластануынан адамдардың
денсаулығы да бұзыла бастады. Қоршаған ортаның шектен тыс
ластануынан бұрын белгісіз аурулар пайда болуда. Мысалы,адам
қоршаған ортаның сынаппен ластануынан – минамата, ал калий элементі
арқылы ластануынан итай – итай ауруларына шалдығуда. Тіпті сыртқы
ортаның шектен тыс ластануы адамның генетикалық ақпараттарын
өзгертіп жіберетіндігіне түрлі кейіптегі сәбилердің дүниеге келуі мысал
бола алады.
Табиғат, Жер – Ана , туған жер, атамекен құлаққа жылы естіліп, жүрекке
шаттық сезімін ұялататын қасиетті сөздер. Адамның өзі сол табиғат пен
Жер – Ананың перзенті.Өзіміздің қоршаған тіршілік ортасын –
биосфераны келешек ұрпаққа бүлдірмей ластамай, көркейтіп,
көріктендіріп жеткізу бүгінгі жас ұрпақтың басты парызы болып
табылады. Сондықтан, студенттерге қоршаған ортаның экологиялық
жағдайы мен оны қорғау жолдары туралы мағлұмат беріп, экологиялық,
эстетикалық тәрбие беру және оларды туған өлке табиғатын сүюге,
қорғауға, қамқорлық жасауға баулуымыз керек.
Табиғатқа жанашыр болу адамзат қоғамына, оның келешегіне
жанашырлық жасау болып табылады.Сол себепті туған жеріміздің
тамылжыған тамаша табиғатын сүю, оны қастерлеп, қадірлеу әрбір
адамның азаматтық парызы
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі
Адамның денсаулығының төмендеи, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға
толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы
ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
(ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың
болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік
қолайлылық.
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—
52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына,
18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық
сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді
факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі
ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде
биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен
қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады.
Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —
бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.
Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі
трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге,
бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына
байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың
әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза
орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен
өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтікэкономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен
стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді. 9-кестеде халықтың өліміне әр
түрлі аурулардың әсері көрсетілген.
9-кесте
Әр түрлі аурулардың әсерінен халықтың өлімінің себептері 9-кестеден
адамдардың мезгілсіз қайтыс болу себептері ең алдымен қолайсыз табиғи
және әлеуметтік факторлар болып табылады.
Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген
мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл
сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады
және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте
«үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚІІІ-пен салыстырғанда бұл
елдерде улану 13 есе артық.
Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік
ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты.
ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер
кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан.
Аурулар индустриалды және ластанған аудандарда жиі кездеседі.
Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі
тотығы мен шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СОның мөлшері 6,5-теи 12 ЗЖЖК-ге көтерілуі балалардың ауруларының 2
есе, ал акустикалық қолайсыздықтың 8-ден 20%-ға артуы — 1,4 есеге
артуына әкеледі.
Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ
аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы,
Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған мың
балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7—8, Жапонияда — 5.
Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің
жиілігі 24—25 болған.
Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін
және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп
көрсетуге болады:
1) концерогендер (латын тілінен аударғанда cancir — рак, генезис —
шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500
осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен
және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер,
радиоактивті изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер, нитрозаминдер,
асбест және т.б. жатады;
2) мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio — өзгеру) –
хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады.
Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен,
колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады;
3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos — құбыжық) —
жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына
әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез
келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ
пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.
Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады.
Эмбриогеидер (грек тілінен аударғанда embryo – ұрық) эмбрионалдық
даму кезінде зақымдануларға әкелетін заттар. Эмбриогендерге
тератогендер, мутагендер және басқа да заттар (мысалы, алкогольді
ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады.
Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда
болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына
жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап
қосылыстарымен (“минамата”) және т.б. уланудан пайда болған аурулар
жатады. Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық
заттар Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты
болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе
басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді. Органикалық қосылыстардың
ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық
көмірсулар (ПАК) қауіпті. Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе
бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан
органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған.
Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және
жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Мысалы,
поливинилхлорид (ПВХ), полихлорды бифенилдер (ПХБ), ДДТ
(пестицид), тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен (еріткіштер). Бұл
топқа өте улы зат — диоксиндер де жатады. ПВХ мен винилхлорид
бауырдың қатерлі ісігін, тері, сүйек пен аяқ-қолдың зақымдануынан
көрінетін винилхлоридтік ауруды туғызады. Ұзақ уақыт бойы
винилхлорид қауіисіз деп есептеліп келді. Оны аэрозоль баллондарында
газ-тасымалдаушы және медицинада наркоз ретінде қолданып келген. Тек
70-жылдары ғана оның улы қасиеттері анықталды. Белгілі ДДТ
(дихлордифенилдихлорэтан) да хлорлы көмірсуларга жатады. 1939 жылы
Моллер бұл заттың инсектицидтік қасиеттерін анықтады. Бұл
препараттың 15 млн. тоннасы жер шарының барлық дерлік аймақтарында
қолданылған. Антарктиданың өзінен шамамен 25 мың тонна ДДТ
табылған. Кейіннен ДДТ май ұлпалары мен ана сүтінде жиналатыны
белгілі болды. 70-жылдардан бастап бұл инсектицидті қолдануға тыйым
салынды. Бірақ жоғары дәрежеде тұрақтылығына байланысты (ыдырау
мерзімі 50 жыл) ол қоректік тізбектерде әлі де интенсивті түрде
айналымда болып келеді. Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың
ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксиннің канцерогенді, мутагенді,
тератогенді әсері анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді.
Диоксиннің көп бөлігі (шамамен 200 кг) қоршаған ортаға
американдықтардың Вьетнамда қолданған дефолианттары түрінде
шығарылды. Нәтижеде тек вьетнамдықтар ғана зардап шеккен жоқ
шамамен 20 мың американдықтарды да қамтыды. Фенолмен улану
бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне
де әсері анықталған. Сонымен қатар канцерогенді және тератогенді әсер
етеді. Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті.
Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30—
100 мл мөлшері адамның өліміне әкеліп соқтырады. Формальдегид химия
өндірісінің маңызды өнімдерінің бірі болып табылады. Фтор альдегид
аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін. Сонымен қатар оның
канцерогендігі туралы да мәліметтер бар. Адам мен басқа да тірі ағзалар
бұл затпен үнемі әсерлесуде болады (пластик, ағашты-талшықтар,
консерванттар, автокөліктердің газдары, темекі түтіні т.б.). Дүние жүзінде
ондаған миллион тоннасы өндіріледі. Қазір бұл затты тұрмыстық
мақсатта қолдануды шектеуге бағытталған шаралар жүргізілуде. Ауыр
металдар. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және
микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және
т.б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар
ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Ауыр
металдардың қоршаған орта мен ағзада жинақталуының негізгі көзі —
отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар, өндірістік
қалдықтар және т.б.
Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский, 1996) антропогенді заттар
есебінен қоршаған ортаға қорғасынның 94-97%-ы, кадмийдің — 84-89%ы, мыстың — 56-87%-ы, никельдің — 66—75%-ы, сынаитың — 60%-ы
шығарылады. Қорғасынның негізгі көзі — автокөлік жанармайы болып
табылады. Қорғасынның көп бөлігі металлургия кәсіпорындары мен ауыл
шаруашылығында пестицид ретінде мышьякты) қорғасынды қолдану
кезінде шығарылады. Қоршаған ортада қорғасынның артуы, әсіресе,
өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. XX
ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасынның мөлшері 1600
жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700—1200 есе артық.
Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез
шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің
зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау.
Кадмий. Ауыр металдардың ішіндегі ең улы элемент. Ортаға кадмийдің
шығарылу себептері тас көмірдің шаңы, химиялық тыңайтқыштар,
пластмассалардың қалдықтары мен жану өнімдері, темекі түтіні.
Қорғасынға қарағанда кадмий топырақтан өсімдікке жеңіл өтеді (70%-ға
дейін) де, ағзадан баяу шығарылады. Негізінен бүйректі (бүйректе
жиналады), жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу
жүйесіне зиян. “Ита-ита” ауруын туғызады.
Сынап. Қоршаған ортада кеңінен таралған. Дүние жүзіндегі сынаптың
өндірісі жылына 10 мың т. астам. Ол негізінен электротехникада,
медицинада және химия өнеркәсібінде қолданылады.
Металдық (элементарлық) сынап іс жүзінде ағзаға зиянды емес. Бірақ бу
түріндегі сынаптың әсері қауіпті. Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген
сынап тұздарының қауіптілігі жоғары. Сынаптың металлорганикалық
қосылыстары (әсіресе метил сынап) ағза үшін өте улы және қауіпті.
Асбест. Соңғы кезде дәрігерлердің назарын өзіне аударып отыр. Ұсақ
асбест шаңы — асбестоз ауруын туғызады. Өкпе ұлпаларын зақымдап,
қатерлі ісіктерге әкеледі.
Қала және адамның денсаулығы
Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы – қала. Ол ең ірі және табиғи
ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге
болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы
жиналады.
Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін
халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Соңғы 45 жылда қала
халқының саны 729 млн-нан 2540 млн. адамға дейін өсті, яғни 3,5 еседей,
ал олардың халықтың жалпы санындағы үлесі 29-дан 44%-ға дейін
артқан. Сонымен қатар, қалалардың іріленуі жүріп отыр. 1995 жылдың
соңына қарай дүние жүзінде халқының саны 1 млн.-нан астам халқы бар
320 қала және 5 млн.-нан астам халқы бар 48 қала болған. Бірақ
урбанизация (латын тілінен аударғанда urbanus - қалалық) процесі тек
қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының артуымен ғана
шектелмейді. Сонымен қатар, бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың
рөлінің артуынан, көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен
де көрінеді.
Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе — бұл табиғи экологиялық
факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер,
тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық
табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы
қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі.
Қазіргі кездегі қала — күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол
демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік-құрылыс,
сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен
табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады.
Көбінесе, қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін
байланыстырады. Бірақ, қала өркениеті — қолайлы жағдайлар,
тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен, коммуникация тығыздығы, әр түрлі
қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері — тек барлық жағынан
қолайлы орта емес. Қала ортасы адамның басты сапасы — оның
денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік
өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транснорттың
қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның
дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп
ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді
қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы —
осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.
Қала халқының басым бөлігі демалатын қаладан тыс, табиғи жағдайда
өткізуге тырысады. Бірақ, мұндай жерлерде мүмкін болатын
рекреациялық (рекреация латын тілінен демалу, сауығу) қысым артады да,
олар: қаланың жалғасына айналады.
Қорытынды
Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін, адамдардың
әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердің барлық болашақ ұрпақтың
сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам
экологиясы.
Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып
отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам
баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау тиімді пайдалану керек.
Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғ-дың ортасына
дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу
кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі, адамдардың өмір сүру деңгейін
көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының
денсаулығына зиян әкелгендігі анықталды. Адам- табиғаттың туындысы, онсыз
өмір сүре алмайды.
Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеу үлкен әсер еткен
ХХ ғ-да өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның
өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға
байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертен құлауы
мүмкін.
Табиғат- адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген
сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған
ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін
анықтайды. Мысалы, Қазақстанның шөлейтті, далалы аймақтарында ежелден
мал шаруашылығымен айналысқан, ал өзен бойларында суармалы егіншіліктің
ойшақтары орналасқан.
Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның
тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-тендіктің
сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды.
Тамаша табиғат көрністері адамның күш-қуатының қалпына келіп, тынығуына
көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде
адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды
жақтарының бірі- адам денсаулығына әсер етуі. Сондықтан барлық экологиялық
мәселелерді анықтап, оны шешуге өз үлесімді қосамын.
Əдебиеттер:
Әбенов Ө.А. Қоршаған ортаға қамқорлық қажет: Жезқазған қал. қоршаған ортаны қорғау
бөлiмiнiң бастығы Ө.А.Әбеновпен әңгiме / Әңгiмелескен А.Құрмансейiтов// Сарыарқа.2002.
Әбенов Ө.А. Табиғат тепе-теңдiгi - ұрпақ мүддесi: Жезқазған қал. қоршаған ортаны қорғау
бөлiмiнiң бастығы Ө.А.Әбеновпен әңгiме / Әңгiмелескен А.Құрмансейiтов// Сарыарқа.2002.
Жұмышев Қ. Құтты мекен-Қарағаш // Табиғатым-тағдырым / Құраст. С.Байханов.Алматы, 1991.- 268-285 б.
Көшiмбаев С. Абыз дала, аңыз дала (Жезқазған, Ұлытау өңiрi туралы) // Сарыарқа /
С.Көшiмбаев.- Алматы, 1989. –98- 151 б.
Темiреева Ф. Жезқазған облысының географиясы / Ф.Темiреева, С.Нұрсейiтов.- Алматы:
Рауан, 1994.-128 б
Нүркенова С. Туған табиғат - тiршiлiк көзi сондықтан оны аялай бiлу парыз: Жезқазған
аймағының ауданаралық экология және биоресурстар басқармасының
баст. Ө.А.Әбеновпен сұхбат//Сарыарқа.-1998.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні: Тіл дамыту
Сынып:2а
Күні: 27.09.2021
Сабақтың тақырыбы: Жылдың төрт мезгілі.Әңгіме .Шығармашылық
жұмыс.Суретттер
Сабақ мақсаттары Барлық оқушы тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап береді. Көптеген оқушы нақты сұрақтар құрастырады. Кейбір
оқушылартақырыпқа қатысты диалог құрады.
Бағалау
критерийлері Жыл мезгілдері туралы білгендерін айтады, сұрақтарға жауап
береді, нақты сұрақтар құрастырады.
Тілді мақсат Пәнге тән лексика мен терминология:жыл, төрт, мезгіл, тәулік.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:Қыста түн ұзақ болады.
Қыста күн өысқа болады
Бастапқы білім Бос уақыты туралы өз ойларын айтады. Мұғалімнің оқушының
бастапқы білімін жетекші сұрақтар қою арқылы біле алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың басыПсихологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім оқушыларды
«шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді.
Қызығушылығын ояту. Оқушыларға жыл мезгілдері бейнеленген суреттерді
таратып береді. Оқушылар суреттерді реті бойынша қойып, санмен белгілейді.
Оқушыларға оқулықтағы тыңдалым мен айтылымға арналған мәтінді
тыңдатады, жаңа сөздерді айтады, сөздердің мағынасын түсіндіреді. «Дұрыс
айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет
қайталатады. Жаңа сөздермен жұмыс. презентация жүрек суреті қағаз
қиындылары
Сабақтың ортасы
Мәтінмен жұмыс. «Тірек сөздер» стратегиясын пайдаланып мәтін не туралы
екенін болжап айтады, сурет бойынша жыл мезгілдерін айтады, сөйлемді
толықтырады (1, 3, 4-тапсырмалар).
Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларды сергіту үшін орындарынан Оқулық
аудиотаспа А4 парағы, маркерлер
тұрғызып, жаттығу жасатады.
Топпен жұмыс Жеке жұмыс Жұптық жұмыс Ойын «Жасырын сөз» Сазды әуен
А4 парақтары суреттер суреттер А4 парағы жасырын сөздер: қар, жаңбыр,
жапырақ, күн
Сабақтың соңы
Мұғалім жаңа тақырыпты бекіту үшін жыл мезгілдеріне байланысты сұрақтар
қояды. Сұрақтар «Домино» ойыны арқылы беріледі. презентация
Бағалау. Әр тапсырма сайын оқушылар бір-бірін, топпен бағалайды. Рефлексия
Үйге тапсырма. жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдер жаттау
Күні
Сыныбы
Оқушының аты-жөні
2018
2 «Ә»
Тапсырма
1. Өрнектерді сәйкес мәнімен байланыстырып сыз.
8+6
13
14
13 - 7
15
6
8
2. Амалдардың орындалу ретін көрсет. Өрнектердің мәнін тап.
100 – (15+45) =
10 + 40 – 20 =
3. Есепті шығар.
Жанардың 54 ашықхаты бар еді. Ол 20 ашықхатын Әселге сыйлады. Жанарда
қанша ашықхат қалды?
7

Жуан
дауыстылар
А О Ы
Ұ
Жіңішке
дауыстылар
Ә Ө І
Ү
Үяң
дауыссыздар
Б В Г Ғ
Д Ж З
Қатаң
дауыссыздар
К Қ П С
Т Ф
Х Һ
Ц Ч Ш Щ
Биыл қазақтың хас ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толып отыр. Ол 1911 жылы 10
қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге
келген. Әке-шешеден жастай жетім қалып, біраз жыл ағасының қолында өседі. Ес білген соң туған
ауылында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. 1924 жылы Семей қаласындағы
интернатта білімін жалғастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленіп, одан әрі үш жыл Семей
мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жаза бастаған. 1930 жылы
Алматыға келіп, біраз уақыт «Лениншіл жас» газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман
шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша
ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында «Екпінді құрылыс» газетіне
қызметке орналасады. Осында жүріп, 1933 жылы Отан алдындағы борышын өтеп, әскерге барып
қайтады.
Қасымның арынды ақын ретінде қалыптасуына Орал қаласының тигізген әсері ұшан-теңіз. Осы өңірде
жүріп ол ең алғашқы алаулаған махаббат туралы, жалынды жастық жайындағы жырларын дүниеге
әкелді. 1935 жылы Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, оның жұмысын іскерлігінің,
шығармашылық әлеуетінің арқасында дөңгелетіп әкетті. Бұл труппа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр
болып құрылды. Осы кездері ақынның әншілік, артистік қырлары кеңінен танылған болатын.
Ал 1936-1941 жылдары Қасым Аманжолов Алатау баурайындағы ару қала Алматыға барып, сол кездегі
бас басылымдар болып саналған «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде, Жазушылар
Одағында қызмет атқарады. Осында жүріп, яғни 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағын «Өмір сыры»
деген атпен жарыққа шығарады.
Ол жас кезінен осылайша ел көзіне түсіп, аға буын өкілдерінің, қатарлас қаламгерлердің ыстық
ықыласына бөленеді. Ол туралы Сырбай Мәуленов: «Ақын жасы жылдармен өлшенбейді, елге берген
еңбегімен есептеледі. Жас Қасым бүгінде ортаға шығып, өзінің оптимистік пафосқа толы өлмес өлеңін
оқып тұр:
Өлуші ме еді ер шіркін!
Сілкінді ол бір дүркін.
Келе жатыр аралап,
Өзі туған ел-жұртын…
Иә, Қасым ел-жұртын аралап келе жатыр… Оның өлеңдері жылдар қанатымен бірге самғап, келешек
күндердің кеңістігіне көтеріледі», - деп әділ бағасын беріп кеткен еді.
Ақынның:
Нар тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға,
Қайрат шіркін алып шықса, қиын ба!..
Жығылам деп жүре алмаймын жай басып,
Жүгіремін киіп-жарып, айқасып.
Мүлги берсін, ілби берсін қорқақтар,
Іш пыстырып, жалт-жұлт қарап, жай басып
Жығылсам да, жүгірумен өтемін,
Аяңшылдың ақылын мен не етемін.
Жығылармын, алқынармын, шаршармын,
Барар жерге бұрынырақ жетермін, –
деген өлең жолдарынан оның қаншалықты күш-қуатқа толы, алдына қойған мақсаты орасан зор адам
екенін көруге болады. Ол өз шығармашылығымен ғана шектеліп қалмай, Махамбет, Абай поэзиясының
көркемдік табиғатына терең бойлай отырып, дүниежүзілік поэзияның үздік, асыл үлгілерінен үлкен
алымдылық, шалымдылықпен үйренді. Қасым 30-жылдардың өзінде-ақ А.Пушкиннен,
М.Лермонтовтан, Т.Шевченкодан, Дж.Байроннан, В.Маяковскийден шебер аудармалар жасады. Бұл
оның үлкен поэзияның сырына терең бойлап, ақындық өнерінің қыр-сырын тануына көмектесті. 19391940 жылдар ақынның өсу жолындағы елеулі кезең болды. «Нар тәуекел», «Бурабай толқындары»,
«Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Сұлтанмахмұт туралы баллада», «Өз елім», «Ғашық едім қайтейін»
сияқты тамаша туындылары осы жылдары дүниеге келді. Сондай-ақ, Қасым лирикалық өлеңдермен
қатар сүйекті туындылар жазуды да қолға алады, «Құпия қыз», «Бикеш» секілді алғашқы поэмаларын
жазады.
Қасым Аманжолов тек лирик емес, сонымен қатар ірі эпик ақын. «Дүние қандай жап-жарық»,
«Сақыпжамал», «Күйім тасып барады, күйім тасып», «Жаным сәулем, еркешім, қызыл гүлім» атты
өлеңдері Қасымның нәзік лирикасын танытса, «Ақын өлімі туралы аңыз», «Боран», «Біздің дастан»,
«Жамбыл тойында» атты поэмалары оның эпиктігінің дәлелі.
«Қасым поэзиясынан халық жанының батырлығын, жомарттығын, бауырмалдығын, мархабаттылығын,
алғырлығын мол табамыз. Бұл поэзияның тәрбиелік күші де көбінесе осы жағында. Қасымның
мейлінше жағымды, лепті, күйлі, сыршыл поэзиясы – әр ұрпақтың да көңіл серігі бола алатын, ұзақ
жасайтын поэзия. Қасым халықтың жанына үңіліп, оның шаттығына бірге шаттанады, мұңына бірге
мұңаяды… Қасым поэзиясы домбыраның сағағынан күмбірлеп сорғалаған қоңыр күйге ұқсайды. Бұл
күйден көңілінің санасы барлар әрқашанда мол ләззат, нәр алып, кең тыныс табады. Қаншама тыңдасаң
да жалықтырмайтын өміршіл күй бұл! Сезіміңді тереңдетіп, мейіріміңді молайтып, қиялыңа қанат
қақтыратын, жаныңды шабыттандыратын Қасым поэзиясы жаңарған өмірге әржақты жараса бермек.
Сондықтан да өлімнің құшағына симайтын ақындардың бірі өзіміздің Қасым деп білеміз», - дейді
Қасым ақын туралы Тәкен Әлімқұлов.
Ақынның соғыс басталғаннан аяқталғанша қан майданда жүргенін барлығымыз білеміз. Басында Қиыр
Шығыста тыныштық күзеткен қаламгер кейіннен батыстағы нағыз қан кешкен қырғынға
аттандырылады. Қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр
Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен – Қазақстанын қақ жарып өтетін
жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде «Орал», «Сарыарқа»,
«Байкал», «Өтіп бара жатырмын» тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясының
жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді. Ақын рухының бұл қуатты серпілісі майдан
жырларына ұласып, мазмұн, тақырып, түр, көркемдік бейнелеу кұралдары, ой мен сезім тереңдігі
жағынан жаңа сапа тауып, биік белеске көтеріледі. «Елге хат» (бес бөлімнен тұратын ұзақ толғау),
«Ұлы күтіс», «Үстімде сұр шинелім», «Подполковник Әлпинге», «Қапанға», «Сәбитке», «Ғалиға
жауап», «Қызғалдақ», «Сен фашиссің, мен қазақпын», «Дариға, сол қыз» сияқты хрестоматиялық
өлеңдері мен әйгілі «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы – соның айғағы. Осы поэманы Ғ. Мүсірепов
қазақ поэзиясындағы жаңа бетбұрыс деп бағалады.
Майданнан оралғаннан кейінгі алғашқы жылдары Қасым журнал редакцияларында істейді, ара-тұра
поэзия, ақындық өнер тақырыбына сын мақалалар жариялайды, өлеңді де өндіре жазады. «Достар»,
«Туған жер», «Құрбыма», «Сауыншы жеңгейдің жыры», «Домбыра», «Май келді», «Күйім тасып
барады, күйім тасып», т.б. көркемдігі жоғары өлеңдерін ерекше атауға болады. Ақын 1947 жылдан
бастап сырқатқа шалдығады. Соның өзінде сол жылы он шақты өлең жазып, «Біздің дастан» поэмасын
бастайды. М. Лерммонтовтың «Маскарад» драмасын, А.Твардовскийдің әйгілі «Василий Теркин» атты
ұзақ та күрделі поэмасын өте шебер аударады. 1948 жылы «Дауыл» атты жинағы жарық көреді. Осы
жылдары Пушкиннің «Полтава» поэмасын аударады. «Балбөбек», «Нұрлы дүние» жинақтарын
шығарады. 1952 жылы «Таңдамалы шығармалары» жарық көреді. 1954 жылы бүгінде жұрттың көбі
жатқа білетін әйгілі «Өзім туралы» толғауын аяқтайды.
Қасымның өлеңдері «Гроза» деген атпен 1946 жылы, «Стихи» деген атпен 1949 жылы орыс тілінде
жеке кітап болып басылады. Қасым Аманжолов ұзаққа созылған науқастан 1955 жылғы қаңтардың 17сінде қайтыс болды.
Қасымның ауыр толғақ, жан күйзелістері үстінде 1938 жылдың өзінде-ақ, жазған белгілі өлеңі –
«Сұлтанмахмұт туралы балладасы». Ақын онда сол кезде екінің бірі батылдық жасай алмайтын
шындықты айта алды. Сұлтанмахмұтты жақтайтын жас ақын мен оны жау санайтын әдебиетші ақын
қабірінің басында пікір таластырады.
Бірі айтты:
– Сұлтанмахмұт тірі, – деді,
Мәңгіге өлмес жанның бірі, – деді.
Қазақтың кең даласын аралап жүр,
Өзіндей өжет оның жыры, – деді.
Бірі айтты: – Қателеспе, өлген, – деді,
Жырын да, өзін де оның көмген, – деді.
Болған соң өзі дұшпан, өзі арам,
Тарихқа жазып солай бергем, – деді.
Сол арада Сұлтанмахмұт қабірінен шыға келіп: «Өлгем жоқ!» – деп дауыстайды. Жас ақынды
қолтықтап алып, Жазушылар одағынан мүшелік билетін алуға кетіп бара жатып:
Сен, жігіт, өсек айтып жүргенше құр,
Моламды мен қайтқанша күзете тұр, деп, масқаралап кетеді. Ол жылдарда мұндай өлең жазу нағыз жүрек жұтқан ерлік болатын. Ал Қасым
бір бұл емес, мұндай бірнеше өлең жазған. Оның «Біз кім?», «Ақынның мінезі», «Күлемін де
жылаймын» секілді өлеңдері сондай дүниелер.
Жылама сен, күл, – дейді,
Күлсем және сенбейді.
Қара тер боп тергейді:
Неге күлдің сен?
– дейді.
Сөзімізді Серік Қирабаевтың: "Поэзиядағы ой-пікірдің байлығы мен сезімнің шыншылдығы, өлең
сөздің тапқырлығы қатар келетін Қ.Аманжолвтың өлеңдері талай ұрпақпен сырласып, оның жанын
тебіренте алары сөзсіз" деген ойларымен бітіруді жөн көрдік.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет
және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта:
Adebiportal@gmail.com 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz
https://adebiportal.kz/kz/news/view/700
Биыл қазақтың хас ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толып отыр. Ол 1911
жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында
дүниеге келген. Әке-шешеден жастай жетім қалып, біраз жыл ағасының қолында өседі. Ес білген соң
туған ауылында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. 1924 жылы Семей
қаласындағы интернатта білімін жалғастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленіп, одан әрі үш
жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жаза бастаған. 1930
жылы Алматыға келіп, біраз уақыт «Лениншіл жас» газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы
орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын
да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында «Екпінді құрылыс»
газетіне қызметке орналасады. Осында жүріп, 1933 жылы Отан алдындағы борышын өтеп, әскерге
барып қайтады.

Моламды мен қайтқанша күзете тұр, -
деп, масқаралап кетеді. Ол жылдарда мұндай өлең жазу нағыз жүрек жұтқан ерлік болатын. Ал Қасым

Күні:18.10.2021
Тіл дамыту. Тақырыбы: «Дидактикалық ойындар еліне саяхат»
Мақсаттары; Білімділік: Дидактикалық ойындар арқылы балалардың алған
білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын байыту, ТТШТ (ТРИЗ),
Луллия шеңбері (Кольцо Луллия), мальберттегі түрлі - түсті суреттер,
интерактивтік тақтадағы ойындар арқылы ойлау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту,
тілдерін байыту.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа, білімділікке
тәрбиелеу. Қостілдік: Фрукты - жемістер, овощи - көкөністер.
Пайдаланылған көрнекіліктер: Интерактивті тақта, мальберт, слайд презентация, Луллия шеңбері, топ балаларының физминутка видеосы, музыка,
түрлі - түсті суреттер
. Әрекет кезеңі Мотивациялық қозғаушы. Шаттық шеңбері Амансың ба алтын
күн, Амансың ба жер ана. Амансың ба достарым, Сендерді көрсем қуанам!
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Күз мезгілі. Күз мезгілі туралы қандай жыр
- шумақтар білесіңдер? Нұрзат: Күзім - ау, күзім - ау, Мінезің бұзық - ау,
Жаңбырың сіркіреп Келгенің қызық - ау. Қанатұлы Абдолла: Аспанды сұрғылт
бұлт, Жан - жақтан жабады, Күн бірте суытып, Жауын көп жауады. Аниса: Көк
майса көрікті, Алқаптағы көп егін, Бұл күндері киіпті Сары жібек көйлегін.
Айдина: Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ, Ой, алақай тамаша, Шашу шашты жапырақ. - Күз
мезгілінде неше ай бар? - Үш ай бар. Қыркүйек, қазан, қараша. - Балалар сендер
ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше бүгін көп ойындар ойнайық. Күз мезгілі.
Үш ай бар. Қыркүйек, қазан, қараша. Иә, ойын ойнағымыз келеді. Іздену
ұйымдастырушы Балалар тақтаға назар аударамыз.
Күз мезгілі болғандықтан біз бақша мен баққа саяхатқа шығайық. Сендермен 1.
«Бақта ма, бақшада ма?» д/о ойының ойнайық.
Мақсаты: өткен тақырып бойынша жемістер мен көкөністерді ажырата білу,
атауларын дұрыс айту, тілдерін қызықты суреттер арқылы дамыту
. Шарты: слайд - шоудағы берілген тапсырмаларды орындау.
1. Жемістер мен көкөністерді ажырату, атауларын айту. Өтеш Ералы:
Асханадан шықпаймын, Атым пияз бұқпаймын. Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын. Самира: Тал шыбығым бұралып, бақшаларда
қызарып, Тұрған ол мен қызанақ, Күнге қарап ұялып. 2. Алманың түсіне қарап,
себеттерге орналастыру. Гүлназ: Мен алмамын, алмамын, таңдай жұлар бар
дәмім. 3. Жемістердің көлеңкесі арқылы, жемістерлердің түрлерін табу. Алина:
Мен алмұртпын, алмұртпын, аузындамын бар жұрттың. 4. «Не артық?» суреттер
арқылы артық жемісті көкөністерден ажырату. 5. Жемістердің қиынды суреттері
арқылы, слайдта бейнеленген суретті табу. 3. Ағылшынша сергіту сәті. One
potates, two potates, free potates, fouf. Sive potates, six potates,
seven potates, more.
4. Балалар енді сендермен «Луллия шеңбері» д/о ойнайық. Мақсаты:
Шеңбердегі әр - түрлі суреттер арқылы сөз тіркестерін, жайсөйлемдер құрап
үйрену.
Шарты: Берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап бере отырып,суреттерді
стрелкамен қосу. 1. Балық қайда жүзеді. (балық суда жүзиді) 2. Дәрігердің
көлігін не деп атаймыз? (Дәрігердің көлігін жедел жәрдемдеп атаймыз) 3.
Көбелек қайда қонады? (Көбелек гүлге қонады) 4. Мынау не? Бұл қайық. Қайық
қай жерде жүреді? (суда, қайық судыңкөлігі) 5. Мынау көкөністер. Көкөністер
қай мезгілде піседі? (Күз мезгіліндепіседі) 6. Сиырдың төлін не деп атайды?
(Сиырдың төлін бұзау деп атайды) 7. Қыз мезгілінде қыстап қалатын құсты
атайықшы. (ол құс торғай депаталады) 8. Мынау үлкен балық. Мынау қандай
балық? (бұл кішкентай балық) 5. Балалар «Қай жануар артық» д/о ойнаймыз.
Мақсаты: Слайдта жасырылған жануарларды табу арқылы тілдеріндамыту.
Шарты: Жоғалған жануарлардың атауларын айту, қай жануардың
қасындатұрғаның тақтадан көрсету. 1. Аю. 2. Кірпі 3. Суыр 4. Борсық 5. Түлкі 6.
Қасқыр. 7. Қоян 8. Тиін. 6. Сергіту сәті «Ормандағы аюдың құлпынайы көп
екен, теріп - теріпалайық, қалтамызға салайық» «Три медведья шли домой, Папа
был большой, большой. Мама чуть по меньше роста, А сынок малюська просто,
погримушками играл Цинь, цинь, цинь. 7. Балалар енді сендермен «Түрлі - түсті
суреттер» д/о ойнаймыз. Мақсаты: Түстерді ажырата білу, әр түрлі суреттер
арқылы тілдерін дамыту. Шарты: Түстерді ажырата отырып, берілген суреттерді
түстері арқылы мольбертке орналастыру.
Атауларын айтады. Алманың түстері сары, қызыл, жасыл. Артық жеміс
апелсин. Суретте вазадағы алма мен алмұрт бейнеленген. Балық суда жүзеді.
Жедел жәрдем. Көбелек гүлге қонады. Қайық судың көлігі. Көкөністер күз
мезгілінде піседі. Сиырдың төлі бұзау. Қыс мезгілінде қыстап қалатын құс
торғай. Бұл кішкентай балық. Балалар жоғалған жануарларды кезекпен кезек
шешеді. 1. Аю. 2. Кірпі 3. Суыр 4. Борсық 5. Түлкі 6. Қасқыр. 7. Қоян 8. Тиін.
Берілген суреттерді түстеріне қарай кезекпен - кезек келіп мольбертке
орналастырады. Балалар интерактивті тақтадан ойыншықтардың аз - көптігін
ажыратады, атауларын атайды. Рефлексивті коррекциялаушы. - Балалар міне
бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Біз қандай ойындар ойнадық. Тақтамен, әр
түрлі суреттермен. - Ендеше балалар өзіміздің физминуткамызды тақтаға қарап
орындайықшы. Қане билейміз. Бүгін сендер ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне өте жақсы қатыстындар. Сендер сабаққа жақсы қатысқандарын үшін
мына көңіл - күй смайликетерді қолдарына жабыстырып берейін. Ендеше
балалар қонақтармен қоштасайық. Сау болыңдар!
Скачать